Жаңалықтар |
|
---|---|
Пандемия кезінде қалайша экономиканы жұмылдырып, денсаулық сақтауды жетілдіреміз
Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп отыр. Онымен күресу қоғамдық денсаулық болашағына айтарлықтай инвестиция мен арнайы шешімдерді қажет етеді. Сонымен бірге, қазіргі жағдай ескірген стереотиптерден бас тартуға және денсаулық сақтаудың жаңа парадигмасын жүзеге асырудың ерекше мүмкіндігі болып табылады.
|
|
Коронавирустық инфекцияның зардабы
Соңғы уақытта менің достарымның, жақындарымның және туыстарымның көбісі коронавирусты жұқтырды. Олардың көбісінде инфекция симптомсыз немесе жеңіл түрде өтуде. Араларында ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде болғандары да бар. Ауру дендеп барады, күн санап науқастар саны көбейіп жатыр.
|
|
Физика заңдары және коронавирус инфекциясын жұқтыру
Жақында Nature беделді ғылыми журналда екі мақала жарияланған болатын, онда карантиннің және коронавирустық эпидемияға қарсы тұрудың басқа да шектеу шараларының тиімділігі айқын көрсетілген. Бұл шаралар қазірдің өзінде миллиондаған адамдамдың өмірін сақтап қалуға септік етті.
|
|
Коронавирустық эпидемия кезінде адамдармен қалай араласамыз
Елде карантиндік шаралардың жеңілдеуіне байланысты салтанатты іс-шаралар, еске алу кештері және басқа да бас қосулар қайта жандана бастады.
|
|
Тамақтан кейінгі серуен денсаулыққа пайдалы
Тамақтанғаннан кейін таза ауада жүріп серуендеу – қант диабетін болдырмаудың ең тиімді жолы. Тамақтанғаннан соң жасалатын қозғалыс, жатып тынығуға қарағанда әлдеқайда қандағы қанттың деңгейінің төмендеуіне көмектеседі екен.
|
|
Коронавирус және басқа да ауруларға қарсы күресте қолданылатын технологиялар
Елестетіп көріңізші, смартфоныңызға сіз жақында супермаркетке барған уақытта, ол жақта коронавирус жұқтырған адамның болғандығы туралы хабарлама келіп тұрса. Оның үстіне, ол кісінің қандай азық-түлік өнімдерін сатып алғандығы жайлы мәлімет берілсе.
Сізге мұның бәрі бір қиял-ғажайып болып көрінер. Алайда, жақында Оңтүстік Кореяның 90 пайызға жуық тұрғындары коронавирус жұқтырған адамдармен соңғы уақытта тығыз байланыста болу мүмкіндігі жайлы осындай хабарламалар алған болатын. |
|
Карантиннен кейінгі өмір: супермаркетте, шаштаразда, стоматологта, жұмыста және ұшақта коронавирустан қалай қорғануға болады
Шектеу шараларының жеңілдетуіне байланысты дүкендер, шаштараздар және ойын-сауық орталықтары жұмыс істей бастады. Көпшілік адамдарға жұмысқа баруға және ұшақпен ұшуға рұқсат берілді. Дегенмен, коронавирустық пандемия толығымен жойлыған жоқ және инфекция қаупі әлі де сақталмақ.
|
|
Вакцинацияның маңыздылығы
Бүгінде елімізде вакцинация мәселесі қызу талқылануда. Бұған себеп жаңа Денсаулық кодексінің жобасында міндетті вакцинацияның қарастырылуы болып отыр.
|
|
Балалардың көз аруларымен күресу жолындағы кеңестер
Сізге балаңыздың көру қабілетінің бұзылғанын білу әрине өте ауыр, алайда бақытымызға орай, балалардағы көз ауруларының көпшілігі ерте жастан диагноз қойылатын болса, оны тез емдеуге болады. Бұлай болудың себебі балалардың көзі мен миы жақсы бейімделеді екен. Сізге үш түрлі ауру жайлы айтып бермекпін: олардың неліктен дамитынын және қалай емдеуге болатынын.
|
|
Климаттың өзгеруі және пандемия
Осыдан тура 5 жыл бұрын, 2015 жылдың мамырында, қазақ даласында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Мен оны қазіргі коронавирустық пандемиямен салыстыруға болады деп санаймын. Сол кезде әлемдегі ақбөкен популяциясының үштен екісі қырылып қалды. Оның себебі pasteurella multocida деп аталатын бактериядан болды. Бұл бактерия мыңжылдар бойы ақбөкендердің денесінде зиянсыз өмір сүрген болатын, ал сол жылы кенеттен агрессивті түрде әсер еткен еді.
|
|
Карантиннен қалай шығамыз
Қазақстанда төтенше жағдай режимі алынып тасталды, бірақ карантиндік шаралар біраз уақытқа жалғаспақ. Вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмектердің болмау салдарынан, карантин бүгінге коронавирустан қорғанудың жалғыз механизмі болып табылады.
|
|
Суық тиіп тамақ ауырғанда қалай тез айығуға болады
Тамақ ауруын емдеудің және суық тиюдің белгілерінің жеңілдетуінің тамаша тәсілі – ол тамақ ішін тұзды сумен немесе бал мен лимонның ертіндісімен шаю. Егер де сіздің тамағыңыз құрғақ ауа немесе маусымдық суық тиюдің салдарынан ауырса, онда күніне бірнеше рет тамағыңызды шайып көріңіз. Тамақты шаю қабынуды азайтады, қақырықты сиретеді, тіпті барлық тамақ айналасындағы тітіркендіргіштерден тазартуға көмектеседі.
|
|
Кальций сүйектер мен тістердің мықтылығы үшін ғана маңызды емес
Сүйектер мен тістердің құрылымдық негізі кальций екендігі көпшілігімізге мәлім. Сонымен қатар, кальций қанның ұюына, жүрек жиырылу ырғағын реттеуге және тамыр тонусына қатысады,нерв импульстарын өткізеді, стресске қарсы тұруға көмектеседі, жасуша мембраналарының өткізгіштігін реттеуге және негізгі гормондар мен ферменттердің бөлінуіне қатысады.
|
|
Әйелдердің білуі маңызды қатерлі ісік белгілері
Көп жағдайда еленбей назардан тыс қалып кететін жәйттер қатерлі ісіктің белгілері болуы мүмкін.
Демек, әрбір өткізілген күн сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Бұл қауіпті аурумен күресудің ең тиімді тәсілі – дертті ерте сатысында анықтап үлгеру. Сол кезде ғана науқастың толық емделуге мүмкіндігі бар. |
|
Қатерлі ісіктерді бастапқы сатысында анықтау
Жыл сайын әлемде 20 миллионға жуық адамда қатерлі ісіктің диагнозы қойылады, және диагностикадан кейінгі бірінші жыл ішінде оның жартысы қайтыс болады. Қатерлі ісікті емдеу әдістері соңғы 50 жылда түбегейлі өзгерген жоқ: әдетте ол қатерлі ісік жасушаларын хирургиялық жолмен алып тастап, радиациялық сәулемен және уытты дәрілердің әсерімен емді толықтыратын кешеннен тұрады.
|
|
Қызылшаға қарсы вакцина басқа да жұқпалы аурулардан қорғайды
Көпшілігіміз қызылша сияқты балалар ауруларын білеміз. Кейбіріміз тіпті ауырғанбыз да. Алайда, қазіргі кезде қызылша сиректеу кездесетін болды. Бұл вакцинацияның арқасында. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар жалған ақпаратқа еріп өз балаларын, қызылша мен басқа да инфекцияларға қарсы вакцинациялаудан бас тартып, оларды үлкен қатерге ұшыратуда. Өйткені, соңғы ақпараттарға сүйенсек қызылша әлдеқайда күрделі асқыныстар беретін ауру.
|
|
Жасөспірімдер үшін ғаламтор кеңістігінде қауіпсіздік аймағын қалай жасауға болады
Бүгінгі балалар технология саласының нағыз сарапшылары. Сіз олардың ата-аналарының смартфондарымен, планшет және ноутбуктерімен қалай отыратынын жиі көріп, олардың ересектерге қарағанда шебер қолдана алатынын байқайсыз. Әрине, сіз олардың осы гаджеттерді қолдана білгенін қалайсыз, бірақ сіз олармен интернет қауіпсіздігі туралы мүмкіндігіңізше ертерек сөйлескеніңіз дұрыс.
|
|
Коронавирус және жүктілік
Жүкті әйелдерде әдетте, иммундық қорғаныс әлсірегендіктен тыныс жолдарының инфекцияларына көбірек ұшырайды. Сонымен қатар жүкті әйелдер инфекция жұқтырғанда көбіне ауыр салдарға душар болады, тіпті баланың денсаулығына да зияны тиіп жатады.
|
|
Коронавирустық пандемия кезінде неге маска кию маңызды
Маска неден қорғайды? Коронавирус жұқтырған адам жөтелген кезде, тіпті жай ғана сөйлесіп, тыныс алған кезде де вирустық бөлшектерді бөледі. Вирустар ағзаға ауыз, мұрын және көз арқылы енеді. Маскаларды кию арқылы сіз өзіңізді инфекциядан қорғайсыз.
|
|
Балалар және коронавирус
Коронавирустың қазіргі пандемиясына келер болсақ, бұл жерде балалар ересектерден әлде қайда сирек ауырады. Оның себептерінің бірі – балаларда коронавирустық инфекцияның кәдімгі суық тиюдің формалары жиі болатындығында шығар. Мұндай жолмен олар тамаша иммундық қорғанысқа ие болады.
Сонымен қатар, өз ғұмырында темекі түтіні және басқа да ауа ластағыштары сияқты көптеген улы әсерге ұшырайтын ерексектердің өкпесінен гөрі балалардікі анағұрлым сау әрі таза. |
|
Балалармен коронавирус жайлы қалай сөйлесу керек?
Қазірде көптеген балалар ата-аналарынан оларға неге мектепке баруға рұқсат етілмей жатқандығын, достарымен және сыныптастарымен неліктен араласуға болмайтынын сұрауда. Олар коронавирус және карантин туралы, бізді не күтіп тұрғанын және бұл қаншалықты қауіпті екенін сұрастыруы мүмкін.
Балаларға ертеңгі күнге нақтылық, сенімділік сезімі маңызды және орын алған жағдай жайында ата-аналарынан естігісі келеді. |
|
Коронавирус диагностикасы
Әдетте коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін тесттің екі түрі қолданылады. Біріншісі – COVID-19 инфекциясын тудыратын вирустың өзін анықтау. Оны полимеразды тізбекті реакция деп атайды.
Екіншісі антиденелердің, яғни коронавируспен күресу үшін ағзада өндірілетін иммундық молекулалардың болуын анықтайды. Ол серологиялық тест деп аталады. |
|
Карантин не үшін қажет және ол қанша уақытқа созылады?
Қазақстанда төтенше жағдай мен карантинді сәуір айының соңына дейін созды. Бұл неліктен маңызды?
Біз далаға шығып, дүкенге немесе кафега баратын болсақ короновирустың тасымалдаушысы болып табылатын адамдарды кездестіруіміз ықтимал, тіпті олардың өздері вирус тасымалдаушысы екендерін білмеуі де мүмкін. Олардың кейбіреулері кейінірек ауырса, ал 50 пайызында ауру білінбей, ешқандай симптомсыз өтуі де мүмкін. |
|
Коронавирусқа қарсы вакцина және иммунитет
Вакцинаның атқаратын міндеті – ол біздің иммундық жүйеге вирустарға қалай қарсы күресу жолын үйретеді. Қолданыстағы вакциналардың көпшілігі өлі немесе әлсіреген вирустарға, немесе оның фрагменттерін пайдалануға негізделген. Осының арқасында вакцина ауру туғызбайды, бірақ вакцина ағзаға енген кезде біздің иммундық жүйеміз нақты жауымызды тануда және қауіп туындаған жағдайда тойтарыс беру үшін оны жіті зерделейді екен.
|
|
Карантин және көңілдің жайлығы
Сөйтіп, Қазақстанда төтенше жағдай мен карантинді сәуірдің соңына дейін созды. Әлемде де жағдай мәз емес. Коронавирус пандемиясы – бұл тарихи оқиға, бұрын болып көрмеген көлемді әлемдік дағдарыс болып тұр. Ол кәрі-жас, бай-кедей, әлсіз-мықты, ауру-сау демей барлық адамдардың өмірлеріне әсер етуде.
|