Жүктелуде...
 

Балалар және коронавирус

Коронавирустың қазіргі пандемиясына келер болсақ, бұл жерде балалар ересектерден әлде қайда сирек ауырады. Оның себептерінің бірі – балаларда коронавирустық инфекцияның кәдімгі суық тиюдің формалары жиі болатындығында шығар. Мұндай жолмен олар тамаша иммундық қорғанысқа ие болады. Сонымен қатар, өз ғұмырында темекі түтіні және басқа да ауа ластағыштары сияқты көптеген улы әсерге ұшырайтын ерексектердің өкпесінен гөрі балалардікі анағұрлым сау әрі таза.

Балалар және коронавирус

translator жексенбі сәуір 19, 2020


Дети и коронавирус

Жас дәрігер болып жұмыс істеп жүргенімде коронавирустық инфекциямен шалдыққандарды кездестірген болатынмын. Бұл инфекция көбіне балаларда жоғарғы тыныс алу жолдарының зиянсыз қабынуымен кездесетін. Әдеттегі тұмау және жөтелмен бірге жүретін суық тию ауруларының шамамен төрттен бір бөлігі осы микроорганизмдерден туындайды.

Коронавирустың қазіргі пандемиясына келер болсақ, бұл жерде балалар ересектерден әлде қайда сирек ауырады. Оның себептерінің бірі – балаларда коронавирустық инфекцияның кәдімгі суық тиюдің формалары жиі болатындығында шығар. Мұндай жолмен олар тамаша иммундық қорғанысқа ие болады.

Сонымен қатар, өз ғұмырында темекі түтіні және басқа да ауа ластағыштарынан көптеген улы әсерге ұшырайтын ерексектердің өкпесінен гөрі балалардікі анағұрлым сау әрі таза.

Қытайдың Ухань қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын талдауда 18 жасқа дейінгі 2 мыңға жуық баланың жартысына жуығында жоғары температура, әлсіздік, құрғақ жөтел, кейде жүрек айнуы мен диарея сияқты жеңіл симптомдар байқалған көрінеді. Ал 40 пайызында пневмония және басқа да қатерлі сырқаттардың белгілері анықталған. Қалған 4 пайызы ешқандай шағым білдірмеген екен.

Алайда 125 балада ауыр симптомдар байқалып, 14 жастағы бір бала көз жұмған. Осылайша , балалардағы коронавирустық инфекция ересектерге қарағанда жеңіл болса да, аса қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да гигиеналық шараларды ересектермен бірге балаларға да күшейту маңызды болмақ.

Біріншіден, сіздің балаларыңыз қолдарын кем дегенде 20 секунд мұқият жуғанына көз жеткізіңіз.

Олар көшеден келгенде, тамақ ішер алдында, сондай-ақ дәретханадан шыққанда немесе сіңбіргенде міндетті түрде қолдарын жуу керек.

Қол жууды ойынға айналдыруға болады. Сіз балаларыңызбен қол жуудан кім ұзағырақ немесе кім сабынды көбірек көбіктендіре алатынына кішігірім жарыс ұйымдастыруыңызға болады.

Содан кейін қолдарының мұқият кептірілгеніне көз жеткізу керек. Балалар үшін санитайзердің тиімділігі аздау. Қолды өңдегеннен кейін олар микробтарды толығымен жою үшін булануы керек. Ал балалар оны күтпестен өз ойыншықтарына жүгіріп немесе құрдастарымен ойнап кетеді.

Сондай-ақ антибактериалды сабынмен жұмсақ ойыншықтарды жиі сүртіп қойсаңыз да жаман болмас еді.
Эпидемия кезінде балалардың егдей жастағы туыстарымен, ата-әжелерімен қарым-қатынасты шектеу қажет. Өйткені, жиі балалар мен жасөспірімдер коронавирусты таратушылары болып табылады. Ал егде адамдарда әдетте иммундық қорғанысы әлсіз келеді.

Егер бала ата-анаңыздың қолында тәрбиеленсе, онда олардың барлығы, оның ішінде ата-әжесімен бірге қолдарын мұқият жуып, үйдегі үстел мен басқа да жиһаздардың беткі қабаттары дезинфекциялық ерітінділермен сүртілетініне көз жеткізіңіз.

Егер сіздің балаңыз екпе алып жүрген болса, онда мұны тоқтатпай, жоспары медициналық тексерістерін үзбеңіз. Педиатр міндетті түрде мезгілді тексерісті жүргізіп, баланың бойы мен салмағын өлшеп, денсаулыққа байланысты мәселелерді бақылауы тиіс.

Егер сіздің балаңызда аздаған дене қызуы, тұмау немесе тамақ ауруы байқалса, басқа бір жерге бармас бұрын бірінші педиатрға хабарласқаныңыз дұрыс. Жалпы, эпидемия кезінде дұрысы медициналық мекемелерден алысырақ жүрген абзал.

Коронавирустық инфекция жоғары температурамен, құрғақ жөтелмен, ентігумен білінеді. Сонымен қатар, балада тыныс алудың қиындауы, оның тамақ пен сұйықтықтан бас тартуы, сондай-ақ мінез-құлқының өзгеруі секілді ауыр симптомдар байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде баланы педиатрға көрсету керек.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау