Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманның Сеул ұлттық университетіне қарасты "Гангнам Центр" госпиталінің профессоры, доктор Мин Хи Сукпен сұхбаты
Коронавирус жайында халықаралық сарапшылардың пікірімен таныстыруды жалғастырмақпыз. Біздің бүгінгі қонағымыз — Сеул ұлттық университетіне қарасты "Гангнам Центр" госпиталінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы, дәрігер Мин Хи Сук. Дәрігер Миннің 15 жылдық дәрігерлік еңбек өтілі бар. Бұрын ол Корея Республикасы Президентінің отбасылық дәрігері болған.
Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманның Испаниядағы Ұлттық денсаулық сақтау мектебінің профессоры, доктор Антонио Саррия-Сантамерамен сұхбаты
Доктор Антонио Саррия-Сантамера – Испанияның Мадрид қаласындағы ұлттық денсаулық сақтау мектебінің профессоры. Антонио – Сарагосада туып-өскен, сол жерде медициналық білім алған. Ол сондай-ақ Испания мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында денсаулық сақтау бойынша оқыған. Көптеген жылдар бойы Антонио Мадридте бастапқыда ауруханаларда дәрігерлік қызмет атқарып, кейіндері денсаулық сақтау институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарған.
Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының (CDC) Орталық Азия бойынша аймақтық директоры, доктор Дэниел Сингермен сұхбаты
Әлем соңғы жарты жылдықта коронавирустық пандемия жағдайында өмір сүріп келеді. Ол Қытайдың Ухан қаласынан бастау алған болатын. Содан кейін эпицентр Италияға, Испанияға, Нью-Йоркке көшті. Соңғы уақытта елімізде де COVID-19-ды жұқтыру мен өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі байқалып отыр. Дегенмен, кейбір елдер қазіргі пандемиямен күресті нәтижелі жүргізуге болатынын көрсетті. Ол үшін емдеу мен алдын алудың оңтайлы әдістерін тиімді қолдану маңызды болмақ. Сондықтан, бұл жерде халықаралық тәжірибе өте маңызды рөл атқарады
Тыныс алу жаттығуларының көмегімен өкпенің жұмысын қалай жақсартуға болады?
COVID-19 пандемиясынан кейін көпшілік сау өкпенің біздің күнделікті өміріміздегі маңызды рөлін түсінгендей. Жүректің соғуы, ас қорыту, мидың белсенділігі, сондай-ақ өмірлік маңызды басқа да көптеген функциялар дұрыс тыныс алуға байланысты екен.
Дұрыс тыныс алу – диафрагмалық тыныс алу
Соңғы уақыттары біз қалай тыныс алу керектігі жайлы ойлана бастадық. Біздің өміріміз үшін тыныс алудың маңыздылығы айтпаса да белгілі. Дегенмен, бәріміз де COVID-19 пандемиясы келгелі мұны жақсы ұққандаймыз. Сонымен, толық тыныс алу дегеніміз не өзі?
Дұрыс тыныс алуды қалай үйренуге болады?
Адам баласы алғаш тыныс алған сәттен тіршілігін бастап, соңғы деммен өмірден өтеді. Алайда, осының арасында біз қалай тыныс алатынымызға аз көңіл бөліп жатамыз. «Тыныс алып жатсақ болды емес пе» деген жайбарақаттылыққа салынамыз.
Баланың тістерін қалай тазалауға үйрету керек?
Балаңыздың кешке және таңертең тіс тазалап жатқанын көргіңіз келеді ме? Әрине, бұл көрініске жету оңай емес, бірақ балапаныңызды бір үйретіп алсаңыз ұдайы жасап жүреді.
Созылмалы ағымдағы COVID-19-ды өткерген науқастарды оңалту
COVID-19-дың ауыр фазасын өткерген көптеген науқастар уақыт өте әлсіздік, тез шаршағыштық, тұрақты ентігу, жөтел, сондай-ақ сананың бұлыңғырлануы мен есте сақтау қабілетінің бұзылуы сияқты симптомдарды сезінуді жалғастыруда. Мұны ковидтен кейінгі синдром деп атайды.
COVID-19-дың ұзаққа созылған ағымы
COVID-19-бен ауырған көптеген науқастарда бірнеше айдан кейін де ентігу, әлсіздік, бас ауруы, ұйқы мен ас қорыту мәселелері, жүрек ырғағының өзгеруі мен өзге де бұзылыстар орын алуда. Көбінесе бұл көріністер толқынды сипатта болады, яғни симптомдар пайда болып, жоғалады, содан кейін қайтадан мазалай бастайды.
Бас неліктен ауырады?
Бастың немесе мойынның аумағындағы жайсыздықты бас ауруы деп атайды. Көп жағдайда бас ауруының себебі күрделі емес. Бас ауруына шалдыққан адамдардың көпшілігі өмір салтын өзгерткеннен, түрлі релаксация әдістерін игергеннен немесе дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін өздерін жақсы сезінеді.
Есте сақтау қабілетінің жасқа байланысты нашарлауына және нейродегенеративті ауруларға төзімділік игерген білім мен дағдылардың көлеміне байланысты
Жаңа нәрселерді үйрену есте сақтау қабілетінің нашарлау қаупін азайтады. Адам үнемі өзін белгілі бір жаттығуларсыз үйренуге болмайтын дағдыларды игеруге тырысуы керек. Өзіңізге жаңа хобби ойлап табыңыз, ойлау қабілетін дамыту ойындарын ойнап немесе кәсіби дағдыларды арттыру курстарына жазылып көріңіз. Күрделі тапсырмаларды орындау есте сақтауда маңызды рөл атқаратын мидағы нерв байланыстарының қызметін жақсартады.
Ғалымдар адамның құлағы естімейтін дыбыстарды қабылдай алатын құлақ құрылғысын ойлап тапты
Принстон универитетінің нанотехнология инженерлері үшөлшемді баспа (3D) көмегімен сиыр жасушалары мен күміс нанобөлшектерінен тұратын құлақты басып шығарды. Өнертабыс қарапайым адамның құлағы ешқашан ести алмайтын радио сигналдар мен жиіліктерді қабылдауға қабілетті.
Коронавирустық инфекцияның алдын алуда және емдеуде қымыздың орны бөлек
Қымыз – көшпелі ата-бабаларымыздың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, оны қоректік, емдік сусын ретінде медицинада кеңінен қолдануға болады. Атақты тарихшы Геродоттың өзі қымыз туралы жазған болатын. Сондай-ақ, біздің дәуіріміздің басындағы қытай шежірелерінде саяхатшылар, миссионерлер, орта ғасырлардағы этнографтар және кейінгі кездердегі мәліметтерде де осынау бір сусын жайында айтылады.
Иммундық жүйе және оны қалай күшейту керек
Бүгінде көптеген адамдар коронавирустың қандай екенін елестете алады. Алайда, коронавируспен күрескен кезде біздің ағзамызда не болатынын елестету оңайға соқпас, мен сіздерге осы жайында айтқым келіп отыр.
Мың құбылған статистика және неліктен мен бұл келеңсіздіктерге қарамастан оптимизм танытып отырмын
«Өтіріктің үш түрі бар: бұл – жай өтірік, арсыз өтірік және статистика» деген нақыл сөз баршамызға мәлім. Статистикаға сәйкес бізде көрсеткіштер жағынан жағдай мәз емес. Статистика мәселелеріндегі ашықтық экономиканы, денсаулық сақтауды, білім беруді және күнделікті өміріміз үшін маңызды нәрсені ұтымды басқаруға мүмкіндік береді.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны әзірлеу турасында
Бүгінде көпшілігімізді коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатыны мазалайды. Қазіргі коронавирус геномы ғылыми түр¬де талдана бастаған жарты жылдың ішінде вакцинаға қатысты 140 жоба на¬зарға алынып, оның 20-сы клиникалық сынақтардан өтіп жатыр.
Бүгінде ғалымдар 37 градусқа дейінгі дене температурасын қалыпты деп есептемейді
Сіз білесіз бе, біз есептеп жүрген 37 градусқа дейінгі «қалыпты» дене температурасы – бұл өзі ескі көрсеткіш, ол 1868 жылы жүргізілген кемшілігі жоқ емес зерттеулерден кейінгі нәтижелерге негізделген (150 жыл бұрын жасалған екен).
Коронавирус мутацияланады ма?
Жауабы – иә, мутацияланады. Коронавирус әрдайым мутацияланады және бұл шамамен екі апта сайын орын алып тұрады. Алайда, мутацияның көпшілігі вирустың әрекет етуіне айтарлықтай әсер ете қоймайды.
Таза ауада коронавирусты жұқтыру қаупі төмен болса, жабық орындарда өте жоғары
Жақында 200-дей халықаралық сарапшылар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына коронавирустың ауа-тамшылы жол арқылы таралатынын растауды ұсынған болатын. Әрине, әлдігінен біздің көпшілігіміз коронавирустың ауа арқылы таралатынын білдік. Алайда, жағдай біршама күрделірек. Әңгіме мынада, коронавирус инфекциясы тамшылар мен аэрозольді жолдар арқылы жұғады.
Қоғам пандемия кезінде бейне бір науқас іспеттес
Алты айдан бері әлемнің барлық елдері коронавирустық пандемия жағдайында өмір сүруде. Бұл індет қоғамның барлық салаларын қамтыды. Былай қарасаң, біздің ғаламшар біраз уақытқа дейін тоқтап қалған сияқты.
Егер біздің қазіргі қоғамды науқас ретінде қарастырсақ, ахуал мәз емес. Ауру дендеп барады, инфекция қоғам ішінде кең таралуда. Өз кезегінде бұл қатаң шаралар мен оңтайлы емдеуді қажет етеді.
Коронавирустық инфекцияны емдеу және ауру ағымының әртүрлі өтуінің себептері
Коронавирус инфекциясы көп жағдайда симптомсыз немесе болмашы көріністерімен жүреді. Алайда, ауру көбінесе суық тиюдегі ұқсас симптомдармен бірге өтеді: дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, тамақтың қышуы мен жұтынудағы ауырсыну, мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу, дененің және бұлшықеттердің ауырсынуы секілді.
Мектептер қашан ашылуы керек?
Миллиондаған балалар мен олардың ата-аналары биылғы күзде мектептерде сабақ бастала ма, әлде жоқ па соны білгісі келеді. Егер рұқсат етілетін болса, онда оқушылар мен ұстаздарға қандай сақтық шараларын сақтау қажет.
Коронавирустық эпидемия жағдайында қалай оқшаулануымыз керек?
Бүгінде көптеген адамдарда коронавирус анықталуда. Біразында коронавирустық инфекция ешқандай симптомсыз немесе болмашы көріністермен өтуде. Сонымен бірге ауру көбінесе сиптомсыз басталғанмен, бірнеше күннен соң симптомдар байқалып жатады. Мұны инфекцияның беймәлім немесе жасырын кезеңі деп атайды.
Үй жағдайында коронавирустан қалай емделеміз
Соңғы кездері коронавирусты жұқтырғандардың саны артып келеді. Көптеген жағдайларда инфекция симптомсыз түрде немесе жеңіл белгілермен өтуде. Бірақ, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскендер де жоқ емес. Ауру дендеп барады, күн санап науқастар саны көбейіп жатыр. Ақыр соңында көптеген адамдар коронавирустың ойдан шығарылмағанын, шындық екенін түсінгендей. Енді не істемек керек?
«Коронавирусты жұқтырған жағдайда не істеу қажет?» – профессорға сұрақ
Соңғы кездері коронавирусты жұқтырғандардың саны артып келеді. Көптеген жағдайларда инфекция симптомсыз түрде немесе жеңіл белгілермен өтуде. Бірақ, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскендер де жоқ емес. Ауру дендеп барады, күн санап науқастар саны көбейіп жатыр. Ақыр соңында көптеген адамдар коронавирустың ойдан шығарылмағанын, шындық екенін түсінгендей. Осыған орай, біз көп жылдық қызметін АИТВ/ЖИТС індетімен күресуге арнаған иммунолог, бүгінде Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманнан осы мәселе төңірегінде айтып өтуін сұраған болатынбыз.

Тілді таңдау