Жүктелуде...
 

Есте сақтау қабілетінің жасқа байланысты нашарлауына және нейродегенеративті ауруларға төзімділік игерген білім мен дағдылардың көлеміне байланысты

Жаңа нәрселерді үйрену есте сақтау қабілетінің нашарлау қаупін азайтады. Адам үнемі өзін белгілі бір жаттығуларсыз үйренуге болмайтын дағдыларды игеруге тырысуы керек. Өзіңізге жаңа хобби ойлап табыңыз, ойлау қабілетін дамыту ойындарын ойнап немесе кәсіби дағдыларды арттыру курстарына жазылып көріңіз. Күрделі тапсырмаларды орындау есте сақтауда маңызды рөл атқаратын мидағы нерв байланыстарының қызметін жақсартады.

Есте сақтау қабілетінің жасқа байланысты нашарлауына және нейродегенеративті ауруларға төзімділік алынған білім мен дағдылардың көлеміне байланысты

translator Сәрсенбі қыркүйек 2, 2020


01 09 2020

Өмір бойы оқып-ізденіңіз, сонда миыңыз шынығып, өз қызметін толықтай атқаратын болады.

Жаңа нәрселерді үйрену есте сақтау қабілетінің нашарлау қаупін азайтады. Адам үнемі өзін белгілі бір жаттығуларсыз үйренуге болмайтын дағдыларды игеруге тырысуы керек. Өзіңізге жаңа хобби ойлап табыңыз, ойлау қабілетін дамыту ойындарын ойнап немесе кәсіби дағдыларды арттыру курстарына жазылып көріңіз. Күрделі тапсырмаларды орындау есте сақтауда маңызды рөл атқаратын мидағы нерв байланыстарының қызметін жақсартады.

Үнемі миыңызды барынша жұмыс істетіңіз, оның әкелер пайдасы көп. Тіпті Альцгеймер секілді дегенеративті аурулардан зардап шегетін науқастар да, егер олар бұрын жақсы білім алған болса, аурудың барысын және белгілерін бақылауға оңай соғады екен. Кейбір неврологиялық аурулардың пайда болуына тұқым қуалаушылық шешуші рөл атқарады, дегенмен оған қарамастан адам осындай аурулардың салдарын өтеу үшін бірқатар іс-әрекеттер жасай алады

Тіл үйрену курстарына жазылыңыз, жаңа нәрселерді білуге құмартыңыз, тарих жайлы немесе ұлы адамдардың өмірбаяны туралы кітаптарды көптеп оқыңыз. Сіздің ынтаңыз, іздемпаздығыңыз мидың саулығын сақтауға және оның жұмысын арттыруға айтарлықтай көмектеспек.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау