Жақында 200-дей халықаралық сарапшылар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына коронавирустың ауа-тамшылы жол арқылы таралатынын растауды ұсынған болатын. Әрине, әлдігінен біздің көпшілігіміз коронавирустың ауа арқылы таралатынын білдік. Алайда, жағдай біршама күрделірек. Әңгіме мынада, коронавирус инфекциясы тамшылар мен аэрозольді жолдар арқылы жұғады.
Біз тыныс алғанда, сөйлегенде, жөтелгенде немесе түшкіргенде, бізден көптеген тамшылар бөлініп, ауаға тарайды. Егер бұл тамшылар науқас адамнан шықса, онда оларда коронавирустар болуы мүмкін.
Вирустық тамшылардың мөлшері әр түрлі болады. Ірілері 2 метр дейінгі қашықтыққа ұшып, әр түрлі заттардың үстінгі қабатында орнығуы мүмкін. Вирус адамның аузына немесе мұрнына кіргенде, немесе адам вирус түскен жерді ұстап, кейін бет-аузын ұстаған жағдайда жұғады. Мұны болдырмау үшін қолды жиі жуып, маска тағып жүру өте маңызды.
Одан бөлек, вирустар аэрозольдерде – микроскопиялық мөлшердегі тамшыларда болуы мүмкін. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде, әсіресе қатты дауыстап тілдескенде, бұл мезетте көзге көрінбейтін аэрозольді бұлт туындайды. Егер жақын тұрған адам онымен дем алатын болса, оның ішінде қамтылатын вирустар тыныс жолдарына еніп, ауру тудырады.
Жабық орындарда әңгіме-дүкен құрып, қатынас еткен адамдар еріксіз аэрозольді бұлттың таралу аймағына тап болып, вирустармен дем алуға мәжбүр болады. Егер аталмыш орын желдетілмесе, аэрозольді бұлт онда отырған адамның бойындай биіктікте ұшып жүріп, адамдарға жұғу қаупін арттырады.
Эпидемия кезінде жабық орындарда жасалған іс-шаралар, атап айтқанда еске алу, туған күн кештері, діни рәсімдер, мерейтойлар, кездесулер инфекцияның таралуына өте жоғары қауіп тудырады. Осындай бас қосуларда вирус жұқтырған адам инфекцияны он шақты, тіпті одан да көп жүз шақты адамға жұқтыра алады. Оларды «супер таратушылар» деп атайды.
Пандемия кезіндегі 6 ай мерзімде коронавирус инфекциясының таралуына жүргізген талдау көрсеткендей, 80 пайызға коронавирустың таралуына жұқтырғандардың тек 9 пайызы жауапты көрінеді. Адамдар вирусты көбінесе жабық орындарда жұқтырған.
Бізге мәлім болғандай, жабық орындарда көрісіп, тілдескеннен гөрі ашық кеңістікте – көшеде, саябақта, табиғатта жүздесу әлдеқайда қауіпсіз. Өйткені, ашық кеңістікте вирустар ауада еріп-ақ кетеді. Жоғары ылғалдылық, сондай-ақ жел вирустың таралуына айтарлықтай рөл атқарады. Сонымен қатар, ауаның ылғалдығы әсерінен аэрозольді бұлт пен тамшылар жерге шөгеді.
Коронавирустың 318 ошағын тексерген Қытайдағы жүргізілген зерттеулер инфекцияның таралуы бір жағдайда ғана ашық кеңістікте орын алған. Ал қалған жағдайларда жабық орындарда болған екен. Басқа жапон ғалымдараның зерттеулерінде де жабық орындарда инфекцияны жұқтыру қаупі көшеде жұқтырудан 20 есеге жоғары екенін анықтаған.
Ашық кеңістіктегі байланыс, тілдесу кемінде 2 метр қашықтық сақталса айтарлықтай қауіпсіз. Мысалы, Испанияда егде жастағы адамдарға немелерімен жабық орындарда емес, саябақтарда кездесуге кеңес беріледі, сондай-ақ маска тағып жүрулері орынды саналады.
Бірқатар сарапшылар салқын күздің басталуын алаңдаушылықпен күтуде. Өйткені, бұл мезгілде көбісі үйлерінде, яғни жабық орындарда суықтан жасырынуға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда адамдардың көп шоғырлануынан аулақ болып, сақтық шараларын ұстау өте маңызды.
Дүниежүзінің ғалымдары коронавирус індетін емдейтін тиімді дәрілер мен вакциналарды іздестіру үстінде. Бізге міндетіміз олар үшін уақыт ұтып, жағдай жасау. Ол үшін бәрімізге қазіргі жағдайда әдеттегі ережелерді ұстануымыз өте маңызды, атап айтқанда маска тағу, адамдар көп жиналатын іс-шараларға барудан тас тасту, арақашықтықты сақтау.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.