Әлем соңғы жарты жылдықта коронавирустық пандемия жағдайында өмір сүріп келеді. Ол Қытайдың Ухан қаласынан бастау алған болатын. Содан кейін эпицентр Италияға, Испанияға, Нью-Йоркке көшті. Соңғы уақытта елімізде де COVID-19-ды жұқтыру мен өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі байқалып отыр.
Дегенмен, кейбір елдер қазіргі пандемиямен күресті нәтижелі жүргізуге болатынын көрсетті. Ол үшін емдеу мен алдын алудың оңтайлы әдістерін тиімді қолдану маңызды болмақ. Сондықтан, бұл жерде халықаралық тәжірибе өте маңызды рөл атқарады.
Біздің бүгінгі қонағымыз АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының (CDC) Орталық Азия бойынша аймақтық директоры, доктор Дэниел Сингер.
Доктор Сингер Пенсильвания және Питсбург университеттерінде медицина саласында білім алған. Ол сондай-ақ мен профессор болып қызмет еткен Джонс Хопкинс университетінде денсаулық сақтау бойынша оқыған. Доктор Сингер Атланта қаласындағы CDC штаб-пәтерінде, сондай-ақ Африка елдерінде – Малави мен Мозамбикте жұмыс істеген. Сонымен қатар, доктор АҚШ-тың ұлттық денсаулық инстиутында ғылыммен айналысқан болатын.
Сұхбатты толығырақ мына сілтемеден көріңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=1pduh0DaW9w