Тамақ ауруын емдеудің және суық тиюдің белгілерінің жеңілдетуінің тамаша тәсілі – ол тамақ ішін тұзды сумен немесе бал мен лимонның ертіндісімен шаю. Егер де сіздің тамағыңыз құрғақ ауа немесе маусымдық суық тиюдің салдарынан ауырса, онда күніне бірнеше рет тамағыңызды шайып көріңіз. Тамақты шаю қабынуды азайтады, қақырықты сиретеді, тіпті барлық тамақ айналасындағы тітіркендіргіштерден тазартуға көмектеседі.
Бұл үшін сізге жарты шай қасық тұзды бір стакан жылы суға ерітіп, алынған ертіндімен тамақты күніне үш рет 30—60 секунд шайып отыру керек (ертіндіні жұтып қоймауға тырысыңыз, раковинаға түкіріп тастаңыз).
Егер де сіз тұзды судың дәмін ұнатпасаңыз, онда бір ас қасық бал, жылы су және лимон ертіндісі сіздің тамағыңыздың жай-күйіне пайдалы әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, суық тигенде күніне екі рет тауық сорпасын тұтынудың да көмегі бар. Егер бір аптадан астам уақыт бойы тамақ ауруы сізді мазаласа немесе жұтыну қиындаса, неғұрлым ауыр аурудың болуын болдырмау үшін дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.