Сүйектер мен тістердің құрылымдық негізі кальций екендігі көпшілігімізге мәлім. Сонымен қатар, кальций қанның ұюына, жүрек жиырылу ырғағын реттеуге және тамыр тонусына қатысады,нерв импульстарын өткізеді, стресске қарсы тұруға көмектеседі, жасуша мембраналарының өткізгіштігін реттеуге және негізгі гормондар мен ферменттердің бөлінуіне қатысады.
Кальцийдің тапшылығы:
• қандағы бар минералды құрамды азайтады және минералдануды кемітеді;
• қаңқа мен тістердің беріктілігі мен қаттылығына кері әсер етеді;
• сүйектердің сыну қаупін арттырады;
• қанқа бұлшықеттерінің жиырылу мен босаңсу процестерінің бұзылуына, қанның ұюына әкеп соғады.
Кальций тапшылығының алдын алу үшін:
• минералдарға бай сүт өнімдерін тұтынуды көбейту керек;
• Д дәрумені мен кальций дәрі-дәрмектері немесе құрамында осы қоректік заттары бар тағамдық қоспаларды пайдалану қажет;
• теріде Д дәрумені синтезін қамтамасыз ету үшін көбінесе денені ашық ұстап, таза ауада жиі серуендеу керек.
Дегенмен кальций көптеген әртүрлі тағамдарда болады (қатты ірімшік, кунжут, майдағы сардиндер, жаңғақтар, сүзбе, айран, қымыз, қаймақ, сұлы жармасы, жұмыртқа, қырыққабаттың барлық түрлері, сәбіз, жаңа ауланған балық, бұршақ тұқымдастар, тұтасдәнді бидай және қарабидай ұнынан жасалған нан) кальцийдің аз сіңу проблемасы бар (30% аспайды). Бұл организмдегі кальций тапшылығының таралуына себеп болып табылады. Организм кальцийді жақсы игеру үшін «қолайлы ортаға» ену қажет – бұл фосфор, магний, Д, А және К дәрумендері. Сонымен қатар, тамақ құрамындағы кальций, фосфор және магнийдің арасалмағы маңызды (1,5:1,0:0,5). Осыған ұқсас арасалмақ сүт өнімдері, көкөністер мен жемістерге де тән. Кальцийдің сүйектің тініне енуі үшін, басқаша айтқанда сүйектерді сапалы минералдауы үшін Д,А және К дәрумендерін керек етеді. Олар тамақтармен бірге қосылып, кальцийдің сүйектерге даруына және қатаюына көмектеседі. Көптеген өнімдер кальциймен байытылған, алайда оларда сіңірілетін кальцийдің пайызы туралы мәліметтер жоқ.
Қант мөлшері жоғары тағамдар ( газдалған тәтті сусындар, кондитерлік өнімдер және т.б.) қандағы глюкозаның деңгейін едәуір жоғарлататыны белгілі, бұл сүйектегі кальцийдің шайылуына ықпал етеді. Кейде, қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін оның күрт жоғарылауы кезінде ағза инсулинмен қатар кальций қолданады. Осылайша, егер адам қандағы глюкоза деңгейін күрт жоғарлататын көптеген тәттілерді тұтынса, онда ағзаға мол мөлшерде кальций жұмсауға тура келеді. Ал оның ішкі жасушааралық қоры таусылғанда, ағза сүйектерден кальций алуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, кейбір газдалған сусындарда фосфор қышқылы бар, ол кальцийдің шайылуына әкеп соғады. Сондықтан, тәтті сусындарды пайдаланбаған жөн, тіптен пайдаланбаса одан да жақсы болар еді.
Кесте - Өнімнің стандартты көлеміне мг кальций мөлшерімен, сонымен қатар берілген стандартты көлемдегі калория мөлшерін көрсете отырып, тамақтағы кальцийдің көздерінің көрсеткіштері (Қазақстандық стандартқа сәйкес, барлық өнімдер ересектерге ≥ 20% тәуліктік кальций қабылдау ұсынылады.)
Өнім, Стандартты деңгейі | Кальций (мг) | Калориясы |
Кәдімгі йогурт, майсыз (13 г протеин), 230 граммға контейнер | 452 | 127 |
Романо ірімшігі, 43 грамм | 452 | 165 |
Пастерленген швейцариялық балқытылған ірімшік, 57 грамм | 438 | 190 |
Кәдімгі йогурт, май мөлшері аз (12 г протеин), 230 граммға контейнер | 415 | 143 |
Жемісті йогурт, май мөлшері аз (10 г протеин), 230 грамм контейнер | 345 | 232 |
Швейцарлық ірімшік, 43 грамм | 336 | 162 |
Рикотта ірімшігі, жартылай кілегейлі, 115 грамм | 335 | 170 |
Пастерленген балқытылған ірімшік, 57 грамм | 323 | 188 |
Проволон ірімшігі, 43 грамм | 321 | 150 |
Моцарелла ірімшігі, жартылай кілегейлі, 43 грамм | 311 | 129 |
Чеддар ірімшігі, 43 грамм | 307 | 171 |
Майсыздандырылған сүт, 250 мл | 306 | 83 |
Мюнстер ірімшігі, 43 грамм | 305 | 156 |
Майлылығы төмен сүт 1%, 250 мл | 290 | 102 |
Майлылығы төмен шоколадты сүт (1%), 250 мл | 288 | 158 |
Майлылығы төмен сүт 2%, 250 мл | 285 | 122 |
Майлылығы төмен шоколадты сүт (2%), 250 мл | 285 | 180 |
Майлылығы төмен іркіт, 230 грамм | 284 | 98 |
Шоколадты сүт, 250 мл | 280 | 208 |
Қаймағы алынбаған сүт, 250 мл | 276 | 146 |
Қаймағы алынбаған сүттен кәдімгі йогурт (8 г протеин), контейнері 230 грамм | 275 | 138 |
Рикотта ірімшігі, қаймағы алынбаған сүттен, 115 грамм | 255 | 214 |
Көгілдір ірімшік, 43 грамм | 225 | 150 |
Моцарелла ірімшігі, қаймағы алынбаған сүттен, 43 грамм | 215 | 128 |
Фета ірімшігі, 43 грамм | 210 | 113 |
Кесте – Өнімнің стандартты көлемін мг кальций мөлшерімен, сонымен қатар берілген стандартты көлемдегі калория мөлшерін көрсете отырып, кальцийдің сүтсіз тағамдық көздерінің көрсеткіштері. Биологиялық қолжетімділігі әртүрі болуы мүмкін.
Өнім, Стандартты деңгейі | Кальций (мг) | Калориясы |
Байытылған, жеуге дайын таңғы ас (түрлі), 30 грамм | 236-1043 | 88-106 |
Кальцийге бай соя сусындары, 250 мл | 368 | 98 |
Атлантикалық сардиндер, майдағы, құрғақтау, 90 грамм | 325 | 177 |
Тофу (соя сүзбесі), қатты формадағы, 115 грамм | 253 | 88 |
Қызғылт арқан балық, консервленген, сүйегімен, 90 грамм | 181 | 118 |
Жапырақты қырыққабат, мұздатылғаннан дайындалған,115 грамм | 178 | 31 |
Қара патока, роммен, 1 қасық | 172 | 47 |
Шпинат, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм | 146 | 30 |
Соя бұршағы, жасыл, дайындалған, 115 грамм | 130 | 127 |
Жасыл турнепс, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм | 124 | 24 |
Атлантикалық мұхит алабұғасы,дайындалған, 90 грамм | 116 | 103 |
Сұлы жармасы, қарапайым және басқа да дәмді, тез дайындалатын, байытылған, 1 пакет | 99-110 | 97-157 |
Қытайдың вигнасы, дайындалған, 115 грамм | 106 | 80 |
Ақ үрмебұршақ (фосоль), консервленген, 115 грамм | 96 | 153 |
Бақша қырыққабаты, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм | 90 | 20 |
Бамия, мұздатылғаннан дайындалған, 115 грамм | 88 | 26 |
Соя бұршағы, жетілген, дайындалған, 115 грамм | 88 | 149 |
Көк теңіз шаян, консервленген, 90 грамм | 86 | 84 |
Піспеген қызылша, жұлған бойда дайындалған, 115 грамм | 82 | 19 |
Пак-Чои, Қытай қырыққабаты, жаңадан дайындалған, 115 грамм | 79 | 10 |
Консервленген ұлулар, 90 грамм | 78 | 126 |
Жасыл бақ-бақ, жұлынған бойы дайындалған, 115 грамм | 74 | 17 |
Құбылмалы бақтақ (форель), дайындалған, 90 грамм | 73 | 144 |
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.