Жүктелуде...
 

Карантиннен кейінгі өмір: супермаркетте, шаштаразда, стоматологта, жұмыста және ұшақта коронавирустан қалай қорғануға болады

Шектеу шараларының жеңілдетуіне байланысты дүкендер, шаштараздар және ойын-сауық орталықтары жұмыс істей бастады. Көпшілік адамдарға жұмысқа баруға және ұшақпен ұшуға рұқсат берілді. Дегенмен, коронавирустық пандемия толығымен жойлыған жоқ және инфекция қаупі әлі де сақталмақ.

Карантиннен кейінгі өмір: супермаркетте, шаштаразда, стоматологта, жұмыста және ұшақта коронавирустан қалай қорғануға болады

translator сәрсенбі маусым 4, 2020


карантиннен шыну с упермаркет (1)

Шектеу шараларының жеңілдетуіне байланысты дүкендер, шаштараздар және ойын-сауық орталықтары жұмыс істей бастады. Көпшілік адамдарға жұмысқа баруға және ұшақпен ұшуға рұқсат берілді.

Дегенмен, коронавирустық пандемия толығымен жойлыған жоқ және инфекция қаупі әлі де сақталмақ. Инфекция ошақтары көбіне адамдар көп жиналатын жерлерде, мысалы мерейтойлар мен туған күндер, діни іс-шаралар және адамдар топтасқан жерлерде болады.

80 пайыз жағдайда жұқтырған адамдардың тек 9 пайызы ғана инфекцияны таратады екен. Көбінесе олардың ауруы ешқандай белгілерсіз өтеді.

Бұл жағдайда қандай сақтық шаралары ұсынылады?

Ережелер өзгерізсіз қалмақ: маска киіп, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, қолды мұқият жуып тұру қажет. Ересектер мен созылмалы аурулармен ауыратындар қауіпке жиі ұшырайтындар қатарына жататындықтан, олар арнайы сақтық шараларын ұстанып, алдын ала қамдануы керек.

Әрі қарай мен нақты жағдайларда қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтпекпін.

СУПЕРМАРКЕТТЕ. Егер сіз сатып алушы болсаңыз, онда супермаркетке барған кезде вирусты жұқтыру қаупі азғантай, шамамен алғанда 0,02 пайызды құрайды. Ал сатушы үшін жұқтыру қаупі шамамен 9 пайыз, яғни 500 есе жоғары. Маска кию мен қашықтықты сақтаудан бөлек, сатушылардың масканы дұрыс киюіне назар аудару керек.
Көп жиын жерлерден, әсіресе касса маңындағы немесе қажетті бір тауардың алдындағы үлкен кезектен аулақ жүріңіз. Кезек сейілгенше күте тұрғаныңыз дұрысырақ.

ШАШТАРАЗДА ЖӘНЕ СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНДА. Сақ болыңыз. Шаш қидыру және косметикалық процедуралар барысы өз кезегінде шаштаразшы мен визажистпен өзара жақын байланысты, сондай-ақ әңгіме-дүкен құруды қамтиды. Бұл әрине сөзсіз инфекцияны жұқтыру қаупін арттырмақ. Егер сіз салонға баруға шешім қабылдасаңыз, онда шаштаразшыда немесе визажистте, сонымен бірге өзіңізде де масканың дұрыс киілгеніне көз жеткізіңіз.

Әрине, шашты алу барысында құлақ жақтағы жерлерді алғанда масканы уақытша шеше тұруға болады. Сондай-ақ, салонның басқа клиенттері сізден 2 метрден кем емес аралықта әлеуметтік қашықтықты сақтап отыруын қадалаған жөн.

Алайда, менің ойымша, егер сіз достарыңыз бен әріптестеріңізге қырынбай көрінсеңіз, олар түсіністікпен қарауы тиіс. Сәндік жоқ болса да, бірақ қауіп аз.

ТІС ДӘРІГЕРІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА. Егер тіске қатысты мәселе шұғыл араласуды қажет етсе, онда, әрине, одан шығудың жолы – тек уақытылы қажетті көмекке қол жеткізу. Мүмкіндігінше жоспарланған тіс емдеуін кейінге қалдырған дұрыс.

Сіз баратын стоматологиялық клиникада барлық сақтық шаралары сақталғанына көз жеткізіңіз. Клиниканың барлық қызметкерлері маска тағып, сізге кірерде қолыңызды спирттік ертіндімен өңдеуді ұсынуы секілді.

ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НЕ АЙТУҒА БОЛАДЫ? Бұл өте күрделі мәселе және көп нәрсе сіздің жұмысыңыздың сипатына байланысты. Осыған қарамастан, сіз қауіпсіздік дәрежесін сипаттайтын бірнеше белгілерге назар аударуыңыз керек.

Маңызды шарт – бұл жұмыс орнындағы қашықтықты сақтау. Жұмыс барысымен адамдар шоғырланған жерде көп уақыт жүретін қызметкерлерге сақтықпен қараған жөн. Егер жұмыста маска кию міндеттелген болса, қызметкерлер арасында ауру белгілері байқалған жағдайда, оларға үйде болуға кеңес берілсе, жағдай қауіпсіз деп саналады. Егер жұмыс үстелдері жақын орналасқан болса, онда олардың арасына қандай-да бір ортаны бөліп тұратын кедергілерді қойған абзал.

ӘУЕ САПАРЫ. Ақыры, әуе арқылы ұшуға рұқсат етілді, бізге іс-сапарларға, сонымен қатар басқа қалаларда тұратын туыстарға, достарға саяхаттауға мүмкіндік туды. Қазіргі заманғы ұшақтар салыстырмалы түрде қауіпсіз, өйткені ондағы ауа үш минут сайын сүзіліп, толығымен алмасып тұрады. Дегенмен, барлық жолаушыларға және техникалық қызмет көрсету персоналына, әрине маска киіп, оны сапар бойы тағуларына кеңес беріледі.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау