Жүктелуде...
 

Коронавирустық пандемия кезінде неге маска кию маңызды

Маска неден қорғайды? Коронавирус жұқтырған адам жөтелген кезде, тіпті жай ғана сөйлесіп, тыныс алған кезде де вирустық бөлшектерді бөледі. Вирустар ағзаға ауыз, мұрын және көз арқылы енеді. Маскаларды кию арқылы сіз өзіңізді инфекциядан қорғайсыз.

Коронавирустық пандемия кезінде неге маска кию маңызды

translator жексенбі сәуір 19, 2020


Маски и коронавирус

Енді коронавирустық инфекциядан қорғану үшін маска кию ұсынылғаны түсінікті.

Менің қолымда стандартты хирургиялық маска. Ол бактериялар мен вирустар бар ұсақ бөлшектерді ұстап қалатын материалдан жасалған. Бұл масканың іші ақ та, ал сырты бозғылт көк түске боялған.

Масканың жоғарғы бөлігіне кішкентай иілгіш сым ішке тігілген, бұл оны бетке бекітуге көмектеседі. Мұрынның үстіңгі қырына мықтап жабысатындай етіп басып тұрып, содан құлаққа тартып ілмекшені ілу керек. Осыдан кейін масканың төмен жағын иек астына тартып, маска матасын саусақтарыңызбен жайып бетке тығыз жабысып тұратындай етіп түзеу керек.

Масканы 2-3 сағат ішінде ғана қолданып, содан кейін оны ілмекшесінен ұстап шешіп, жабық қоқыс жәшігіне тастау қажет.

Маска неден қорғайды? Коронавирус жұқтырған адам жөтелген кезде, тіпті жай ғана сөйлесіп, тыныс алған кезде де вирустық бөлшектерді бөледі. Вирустар ағзаға ауыз, мұрын және көз арқылы енеді. Маскаларды кию арқылы, көзілдірікпен бірге кисеңіз тіпті жақсы, сіз өзіңізді инфекциядан қорғайсыз.

Сонымен қатар, қазіргі таңда коронавирустар тамшылар арқылы, сондай-ақ аэрозолдар деп аталатын кішкентай бөлшектерден таралатыны белгілі. Тамшылар аздау ауырлау, сондықтанда олар әртүрлі заттардың үстіңгі қабаттарында орнығуға бейім. Аэрозолдар жеңіл болғандықтан 2 немесе одан да көп метр қашықтыққа дейін ауа арқылы ұшуға қабілетті.

Біз үстелдің үстінен немесе есіктің тұтқасын ұстаған кезде, ондағы жайылған коронавирустық тамшылар біздің саусақтарымыз және алақандарымыз арқылы ауыз қуысын,мұрын, көзімізді ұстаған кезде ағзамызға ене алады. Міне, сондықтан да қолды жиі жуып, спиртті санитайзерлермен сүртіну керек.

Аэрозолдарға қатысты айтарым, ондағы коронавирустар біздің ағзамызға вирус жұқтырған адаммен жақындау тұрсақ жұғуы мүмкін. Ал ол вирусты тек жөтелгенде немесе түшкіргенде ғана емес, тіпті сөйлескенде немесе жай тыныс алғанда да жұқтыра алады. Сонымен осылайша аурудың қандай да белгілері байқалмаған адамдардан да жұқтыруға болады.

Бұдан жасайтын қорытынды, вирусты жұқтырған адамдардан аулақ болған жөн. Бірақ біз айналамыздағы адамдардың қайсысы жұқтырғанын білмейтіндіктен, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болғанымыз, тіпті уақытша оқшауланғанымыз дұрыс.

Алайда, көбімізге азық-түлік дүкеніне, дәріханаға шығуымыз керек. Осындай жағдайда маска киюдің көмегі бар.

Көп адамдардың масканы дұрыс кимейтінін байқадым. Жиі-жиі масканы түзетіп, еріксіз қолдарымен беттерін ұстап жүр. Біреулері мұрынды ашық қалдырған немесе масканы иегіне дейін түсіріп қойған.

Осылайша масканы пайдаланған адамдар өздерін қауіпсіздікте жүрміз деп қателеседі. Шын мәнінде, бұл тіпті маска кимегеннен де үлкен қауіп-қатерге әкеледі.

Қазіргі жағдайда маскалар оны қажет ететін адамдарға, әсіресе медицина қызметкерлеріне жетпеуі мүмкін. Сонымен қатар маскалар үйге тамақ тасушыларға, полицейлерге, коммуналдық қызметкерлерге, қоғамдық көлік жүргізушілерге және бұл күндері қызмет жасап жүрген жандарға өте қажетті.

Сондықтан, бірінші кезекте басымдылық мұндай адамдарға қамтамасыз етіліп, содан соң қалғандарына берілуі керек. Кейбіреулерге керегінен артық маскалардың көптеп сатылуына, ал нағыз қауіпті аймақта қызмет жасап жүрген жандарға маскалардың жетіспеуіне жол бермеу керек.

Әрине, дұрысы стандартты хирургиялық маскаларды пайдаланған жөн. Егер де мұндай мүмкіндік болмаса, онда мұрынды, ауызды кез келген жағдайда тұмшалау керек. Мысалы, шарф немесе орамал. Бұл үшін қолдан тігілген маскаларды қолдануға болады.

Маска тігу үшін қандай матаны таңдау керек? Матаны ашық жарықта ұстап көріңіз. Егер сіз жарықтың еркін енетінін көрсеңіз – ол сәйкес келмейді. Егер мата тығыздау болып, жарықты өткізбесе,онда осы матаны маска тігуге пайдалануға болады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау