Осыдан 40 жыл бұрын студент кезімде мені иммундық жүйе біздің ағзамызды бактериялар мен вирустардың басып кіруінен қалай қорғайды, сондай-ақ обыр жасушаларының дамуын қалай ескертеді деген ой қызықтырған болатын. Осылайша мен иммунолог болдым.
Сонда мен иммундық жүйенің көбіне генетикалық берілетінін білдім. Ол сондай-ақ нәрестенің туылғаннан кейін көптеген бактериялар мен вирустармен жолығуымен қалыптасады екен. Алайда, иммундық қорғанысы әлсіз нәресте қызылшадан, күл ауруы, сіреспеден, полиомиелиттен және тағы да басқа инфекциядан өліп кетуі мүмкін. Бұрынырақта мұндай жағдайлар вакциналардың жоқтығынан жиі кездескен еді.
Вакцинаның атқаратын міндеті – ол біздің иммундық жүйеге вирустарға қалай қарсы күресу жолын үйретеді. Қолданыстағы вакциналардың көпшілігі өлі немесе әлсіреген вирустарға, немесе оның фрагменттерін пайдалануға негізделген. Осының арқасында вакцина ауру туғызбайды, бірақ вакцина ағзаға енген кезде біздің иммундық жүйеміз нақты жауымызды тануда және қауіп туындаған жағдайда тойтарыс беру үшін оны жіті зерделейді екен.
Иммундық жүйе бізді тек вирустардан қорғап ғана қоймай, өзгелерге жұғу қаупін ескертеді. Вирустың ағзаға кіруіне жол бермей, басқаларға қауіп төндірмеуде адам оның таралуына тұйық іспеттес болады. Мұндай адамдар көп болған жағдайда ұжымдық иммунитет дамиды. Осылайша вирустардан және басқа да эпидемиялардан қорғайтын ұжымдық қауіпсіздік қоғамы пайда болмақ.
Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет адамдардың 90 пайыздан астамында одан иммундық қорғанысы болғанда қол жеткізуге болады. Бұл жағдай олардың коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда орын алмақ. Алайда, бұл жағдайда көптеген адамдар өмірімен қош айтысуы мүмкін, әсіресе қарт және созылмалы аурулары бар адамдар. Әрине, бұған жол берілмейді.
Бұл мәселені болашақта вакцина арқылы шешуге болады. Бірақ қазір ол болмай тұрғанда коронавирустан қорғанудағы жалғыз-ақ жол – ол оқшаулану, карантин болып табылады.
Вакцинаны жасап шығару өте күрделі процесс. Біріншіден, иммундық жүйемен танылуы мүмкін вирустық молекуланың аймағын дәл анықтау керек.
Содан соң вакцинаның мұндай прототипін қауіпсіздік тұрғысынан алдымен жануарларға, содан кейін ерік білдірген адамдарға сынау қажет. Одан әрі жасына және денсаулық жағдайына, ықтимал жанама әсерлеріне байланысты тиімді дозаны таңдау маңызды. Ал осыдан кейін вакциналардың көп саны сериялық өндіріске жіберіледі. Сарапшылардың айтуынша, осының барлығына бір немесе бір жарым жылдай уақыт кетеді екен.
Қазіргі коронавирусқа қарсы вакцина жасаудың бір жолы вирустың генетикалық материалының шағын фрагментін –РНК молекуласын пайдалану болып табылады. Ол адам ағзасына енгізіледі, мұның себебі ағзамыздың осындай қауіпсіз фрагменттерді жаңғыртуы үшін. Әңгіме өзіміздің ағзамыз жаңғыртатын вакцинада болып тұр. Бұл жаңа технология болашақта табысты болса өте кең қолданыста болады.
Алайда мұндай тәсіл тарихымызда әлі қолданылған жоқ. Бұл жерде айтарлықтай қауіп-қатер бар. Сонымен қатар, әлемде бұған ұқсас кең көлемде шығаратын өндірістер жоқ.
Қазіргі уақытта Францияда қызылшаға қарсы вакцина шығаратын зауыт өзінің өндірістік желілерін болашақта коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға қайта бейіндеуді қолға алды. Мүмкін, бұл процесс тез болмас, бірақ нәтижесінде қажетті вакциналардың жаппай өндірісін алуға мүмкіндік болады.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны жасап шығару жолында еліміздің ғалымдары да атсалысуда. Тиімді және қауіпсіз вакцинаны ғылыми-технологиялық әзірлеу тұрғысынан және коммерцияландыру мәселелерінде тәжірибесі мол адамдар құратынына сенімдімін. Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанды қоса алғанда барлық мемлекеттерге қолжетімді болатынына күмәнім жоқ.
Жалпы адамзат тарихы адал ниеттілікті ұран еткен халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың көптеген мысалдарына куә. Соның ішіндегі ең белгілісі 1979 жылы шешек ауруының жойылуы. Бұл кеңестік және американдық вирусологтардың жемісті ынтымақтастығының арқасында орын алды, ол әлемнің барлық дерлік елдеріне қабынуға қарсы вакцинаны тегін беруге және сол арқылы жер шарын осы өлімге әкеп соқтыратын аурудан, адамзатқа талай ғасырлар бойы бопсалаған шешек ауруынан толық құтылуға мүмкіндік берді.
Осыған орай полиомиелитке қарсы вакцинаны ойлап тапқан Йонас Салктың сөзін еске түсіру орынды болмақ, ол «Сіз өз вакцинаңызды патенттедіңіз бе?» деген сұраққа «Мына күнді де патенттеуге бола ма екен?» деп риторикалық сұрақпен жауап берген екен.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.