Жүктелуде...
 

Кандидоз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-21 03:52 - (1821 Оқылымдар)

Кандидоз (ауыздың уылуы) – қабынбалы саңырауқұлақтық ауру, терінің және шырышты қабықтың, несеп-жынысы саңырауқұлақтың тоқтаусыз өсу орындары болып есептеледі. Кандидоз ашытқылы саңырауқұлақтық, кандида тегіндегі (Candida albicans) бактериясынан туындайды.

Карцинома

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:49 - (2615 Оқылымдар)

Карцинома - қатерлі ісік, ішкі ағзалар жасушаларының және адам терісіндегі эпителиальды жасушалардың өлеттенуі.

Базальды жасушалы карцинома – шектелулі және баяу өсетін болып ажыратылады. Ауру тері бетінде кішкентай нақты бір көлемді ғана, үсіңгі жағы күлгін немесе қызыл түсті, сылық түйін болып басталады. Бір қарағанда жартылай мөлдір маржан тас жолағына ұқсайды. Ісік әртүрлі меланды пигменттердің бөлшектерінен құралған, сондықтан оның түсі күлгіннен қара-қоңыр түске дейін өзгереді. Түйіннің өсуі барысында оның ортаңғы бөлігі қабықшамен орылып, қапталған. Тұрақты белгісі – телеангиэтазиямен көрініс береді. Метастаздануы сирек орын алады.

Ішектік қан кету

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:48 - (17497 Оқылымдар)

Нәжіске қан араласу немесе тік ішектен қан кету көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін. Олар көбінесе күрделі жағдайлар, мысалы, қабынбалы процесс, инфекция, ойық жара мен қауіпті ісік болуы мүмкін. Ішектік қан кету қанның мөлшеріне және қан кетудің ұзақтығына қарасты ажыратылады.

Тері инфекциясы

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:46 - (1116 Оқылымдар)

Тері инфекцияларының сипмтомдары мыналар:

• Ауырсынудың күшеюі, көгеру, қызару немесе сипап қарағанда терінің жылы болуы
• Инфекция аймағынан бөлінетін қызыл жолақтар.
• Красные полоски, расходящиеся от места инфицирования.
• Іріңнің немесе сарғыш түстес сұйықтықтың ағуы.
• Дене қызуының көтерілуі
• Бездердің үлкеюі.

2 жасқа дейінгі балалардың бөртпесі

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:26 - (16727 Оқылымдар)

Нәрестелердің денесіне шыққан төмпешіктер мен дақтар көбінесе аса зияндылық туғызбайды, олар өздігінен кетіп қалады.

Сәбилерде ең көп таралған проблема баздану болып табылады. Баздану – бұл теріге зәр мен нәжістің тиіп, ылғалдануынан, тері бөліктерінің тітіркенуінен туындайтын жағдай. Бала көбінесе жөргекте ұзақ жатған кезде баздану туындайды.

Көкжөтел

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:23 - (892 Оқылымдар)

Көкжөтел - бұл жоғары тыныс алу жолдарының жұқпалы инфекциясы (Борде-Жангу немесе паракоклюш бактериясы ). Ол әсіресе жұтқыншақтың артқы жағына орналасқан мұрын жолдарында пайда болады. Инфекциядан жоғары тыныс алу жолдары тітіркеніп, тыныс алу барысында қатты жөтел қысып, қырылдаған немесе үрген дауыс қоса шығады.

Аяқ-қолдың көгеруі мен ағаруы

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:22 - (1960 Оқылымдар)

Аяқ-қолдың өңсіз ағаруы немесе көгеруі

Қол немесе аяқ терісінің түсі өзгеруі температураға баланысты және қол-аяқтың ұзақ уақыт белгілі бір күйде болғанынан болуы мүмкін.

Қанағымның төмендеуінен немесе тоқтатылуынан, суықтан да аяқ-қолдың ағаруы, көгеруі, сұрлануы байқалады. Бұл жағдай тез арада медициналық араласуды талап етеді. Әсіресе аяқ-қолдар ұйып, салқын тартып, жайсыздық сезу секілді симптомдар кенеттен пайда болған болса және ол ұзақ уақыт бойы сақталса.

Жанаспалы дерматит

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:15 - (3657 Оқылымдар)

Жанаспалы дерматит – бұл ауру қандай да бір затпен тікелей жанасқанның салдарынан туындайды. Ол қабынбалы, жараға түрінде болады, үстіңгі жағы қызарып тұрады.
Жанаспалы дерматиттің екі формасы бар: аллергиядан және тітіркенуден (тиген бір заттың әсерінен) туындаған.

Кейбір өсімдіктер уыт бөледі, одан тері тітіркенеді. Бұл емен ағашының жапырағынан туындаған у болуы мүмкін. Бұл жапыраққа тері тиіп кеткен кезде, түзу жолақтар пайда болады.

Тілді таңдау