Кандидоз (ауыздың уылуы) – қабынбалы саңырауқұлақтық ауру, терінің және шырышты қабықтың, несеп-жынысы және басқа да адамның жүйелері (тыныс алу, ас қорыту, жүйкелік) саңырауқұлақтың тоқтаусыз өсу орындары болып есептеледі. Кандидоз ашытқылы саңырауқұлақтық, кандида тегіндегі (Candida albicans) бактериясынан туындайды.

Candida albicans – бұл біржасушалы микроағза. Олар табиғатта кеңінен таралған, әсіресе олардың ішіндегі сапрофиттер. Кандидалар – сау адамның терісендегі тұрақты мекендеушілер. Соңғы 20-30 жылдары олардың ауыз қуысының шырышты қабығында бөлінуі және дәнегінің өсуі 10 есеге, 53-57 %-ға жеткендігі текссерілді.

Саңырауқұлақ кандидасының 80-ге жуық түрлері белгілі. Адамды ауртатындары солардың тек 10 ғана түрі. Кандидалар адам үшін шартты-патогенді болып табылады және аурудың даму ықтималдығы иммунитет жағдайының белгілі бір сатысына байланысты болады. Әлсіз адамдарда генерализдік кандидоз дамуы мүмкін, олар басқа инфекциялармен сирек жанасады, бірақ ол жерден де химиотерапия мен емдік антибиотиктердің жанама әсерлері болуы мүмкін. Кандидоз кезінде көбінесе ауыз қуысы зақымданады, бірақ кейде ауру дененің басқа да бөліктеріне таралады.


Тегтер:

саңырауқұлақтық ауру,
терінің несеп-жыныс шырышты қабығының жүйесінің зақымдалуы