Нәжіске қан араласу немесе тік ішектен қан кету көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін. Олар көбінесе күрделі жағдайлар, мысалы, қабынбалы процесс, инфекция, ойық жара мен қауіпті ісік болуы мүмкін. Ішектік қан кету қанның мөлшеріне және қан кетудің ұзақтығына қарасты ажыратылады.

Үлкен дәреттің үстінде көрінген азғантай қан, әдетте тік ішектің кішкене жарақаттануынан немесе тітіркенуінен, сондай-ақ геморройдан пайда болады. Егер нәжісте азғантай қан кейде ғана көрініс беріп жүретін болса, сіз өзіңізді күндегідей сезінетін болсаңыз, яғни бойыңыздан еш өзгеріс байқамасаңыз, алаңдайма-ақ қойсаңызда болады.
Егер ішектен көп қан кететін болса, нәжісті унитазға салса, қызыл түс басып кетеді. Нәжістегі қан қанық қызыл түсті, немесе қызыл-қоңыр түсті, күңгірт не болмаса қара түске боялып тұрады. Бұл енді, канның қайдан шыққанына және оның асқорыту жолдары арқылы қанша уақытта келгеніне байланысты.

Дәретхана қағазында болсын, басқа да белгілермен болсын, қанның мөлшері тіпті аз болса да осындай жағдай орын ала қалса дәрігерге хабарласыңыз. Егер ол қауіпті ауру болса, немесе асқыну процессі болса дереу аныққтау керек.

Емдеу. Егер нәжісте қан көрінгендей жағдай болса, жеке дәрігеріңізге немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша қаралатын хирургқа барып қаралыңыз, егер кеткен қан қауіпті аурудың себебінен болса, анықтап, алдын алу қажет.

Мамандандырылған көмек қолын проктолог дәрігерлері (тік ішек аулуларын емдейтін хирург) көрсете алады.


Тегтер:

қан кету
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
қауіпті ісік
инфекциялық процесс