Жүктелуде...
 

Маниакалды-депрессивті синдром

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:26 - (3952 Оқылымдар)

Бұл не? Маниакалды-депрессивті синдром қозу кезеңдерімен, сондай-ақ депрессия кезеңдеріне ауысуымен сипатталады. Күтпеген жерден көңіл-күй өзгерістері пайда болады.

Себептері, жиілігі және қауіп факторлары. Маниакалды-депрессивтік синдром көңіл-күйді реттеуге жауап беретін ми аумағының зақымдану нәтижесі болып табылады. Маниакалды күйде маниакалды-депрессивтік синдромы бар адам импульсивті және белсенді болады. Депрессияның фазасы мазасыздықпен, өзін-өзі төмен бағалау және өзіне-өзі қол жұмсау сезімімен сипатталады.

Мастопатия

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:26 - (1595 Оқылымдар)

Мастопатия (сүт безінің жаппай түйінделуі – сүт безіндегі фиброзды-кистозды өзгерістер) сүт безінің кең таралған күйі болып табылады. Мастопатия - дәнекер тіні және эпителий компоненттерінің ара қатынасының бұзылуымен, сүт безі тінінің өзгеруімен сипатталатын фиброзды-кистозды ауру. Мастопатия түрлі гормоналды бұзылулары (гиперэстрогения, прогестерон жетіспеушілігі және т.б.) бар әйелдердің 30-40% диагностикаланады.

Аяқ - қол проблемаларын тудыруы мүмкін дәрі-дәрмектер

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:25 - (634 Оқылымдар)

Кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері аяқ-қол проблемаларын тудыруы мүмкін. Көбінесе дәрігер басқа дәрі-дәрмектерді тағайындай алады. Сондай-ақ, проблемалардың пайда болу қаупін азайтуға көмектесетін препараттарды қабылдаудағы белгілі бір тәсілдері болуы мүмкін.

Қыжыл

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:24 - (1859 Оқылымдар)

Қыжыл - бұл жағымсыз сезім немесе төстің артындағы күйдіретін ауырсыну. Ол тамақтан кейін, тез арада адам жатқан кезде немесе алға еңкеюінен кейін пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, қыжыл, кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін де пайда болады.

Жұқпалы эритема

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:23 - (1858 Оқылымдар)

Жұқпалы эритема (erythemainfectiosum) - балаларға тән жұқпалы вирусты ауру.

Әдетте жеңіл түрде өтеді.

Ол неден туындайды? Жұқпалы эритема B19 парвовирусынан туындайды. Ол көбінесе көктем мезгілінде мектепке дейінгі жастағы балаларға әсер етеді. Ауру әдетте бес күнге созылады.

Катаракта

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:05 - (3315 Оқылымдар)

Катаракта - көз бұршағының ауыртпалықсыз бұлыңғырлануы. Әдетте, көз бұршағы мөлдір болып келеді және жарықты толық өткізеді.

Көз бұршағының бұлыңғырлануына байланысты катаракта болған кезде, жарық көз алмасының ішкі ортасына көз торының (көздің артындағы жүйке тінінің қабатының) ішіне дейін ене алмайды. Бұл көз көруінің бұзылысына әкеледі.

Акне

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 10:06 - (161 Оқылымдар)

Акне – тері ауры. Ол терінің түкті фолликуласынның өлі клеткалар мен тері майлармен бітелген кезде пайда болады. Бітелген фолликулдарда бактериялар көбейіп, терінің тітіркенуін шақырады.

Акне терінің кез келген аймағында пайда болуы мүмкін. Көбінесе ол бет, мойын, кеуде және арқада кездеседі. Көптеген жағдайларда май бездері көп тері майын бөлетін ерте жасөспірімдік жаста пайда болады. Бірақ кейде олар есейген шақта да болуы мүмкін.

Екіншілік паркинсонизм

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 10:01 - (209 Оқылымдар)

Екіншілік паркинсонизм Паркинсон ауруына ұқсас, бірақ ол кейбір дәрі-дәрмектер, нерв жүйесінің бұзылыстары және басқа да аурулармен шақырылады.
«Паркинсонизм» термині Паркинсон ауруына тән қимыл қозғалыстың өзгерісі бар барлық ауруларға қолданылады.

Гемодиализ

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 09:57 - (156 Оқылымдар)

Диализ – бұл бүйректердің өз функцияларын дұрыс атқармаған кезде қолданылатын емдеу әдісі. Бұл процедура арқасында бүйректердің өздігінен атқара алмаған жағдайларда зиянды заттар қаннан алынады.
Бүйрек диализінің әр түрлі түрлері бар. Аталмыш мақала гемодиализге арналған.

Геморрагиялық қызба

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 09:55 - (285 Оқылымдар)

Вирусты геморрагиялық қызбалар (ВГҚ) төрт түрлі вирус тудыратын аурулардың тобы болып саналады. Оларға мыналар жатады: Эбола, Марбург, Ласса және Сары қызба. ВГҚ-ның ортақ белгілері: олар көптеген органдарға әсер етеді, өз кезегінде қан тамырларды зақымдап, организмнің өзін-өзін реттеуін бұзады. Кейбір ВГҚ оңай өтеді, ал бірақ кейбіреуі, мысалы Эбола қызбасы немесе Марбург қызбасы ауыр өтіп, арты өлімге алып келеді.

Тілді таңдау