Жүктелуде...
 

Қызылша

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-20 04:41 - (1984 Оқылымдар)

Қызылша – бұл жұқпалы вирустық ауру. Ол бөртпенің шығуымен, дене қызуының көтерілуімен, жөтелумен, көздің қызаруымен – коньюктивитпен сипатталады.

Сынықтың, буынның шығып кетуінің немесе байламдардың қатты созылу салдарынан болатын сүйек-буын деформациясы

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:40 - (251 Оқылымдар)

Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы көбінесе, аяқ-қолдың немесе буынның бұратылуының не олардың қалыпты жағдайдан жылжуының себебі болып табылады. Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы келесі жағдайларды туындатуы мүмкін.

• Қатты ауырсыну.
• Ісіну және гематомалардың (қанталаулардың) түзілуі.
• Сүйектің жылжуының сезілуі.
• Буынның салбырауы.
• Аяқ-қол немесе буынның дұрыс қозғалмауы.
• Буынның қысылуы (бүгілмейді немесе түзелмейді).
• Жарақат тұсында немесе одан төмен тұста терінің салқындауы немесе сұрлануы, ұйып қалуы және шаншуы. Бұл жүйке немесе қан тамырлар жарақаттанса, әлде қысылса орын алады.

Қанталау (көгеру немесе гематома түзілу)

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:39 - (4069 Оқылымдар)

Қанталау немесе көгеру (гематома) – бұл дененің жарақат алуының салдарынан туындайтын жағдай. Ол қантамырларының жарылғандығының және тері асты жиналған тіндерінің зақымдануының нәтижесінің көрінісі.

Қанағым және эрекция проблемалары

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:38 - (761 Оқылымдар)

Үңгірлі дене – аталық жыныс мүшесі денесінің әр жақ бойындағы кеуекті қуыстар. Эрекция кезінде осы қуыстардағы бірыңғай салалы бұлшықет босаңсиды, аталық жыныс мүшесі артериялары арқылы қан өтіп, және қуыс қанға толып кеңейтіледі. Кеңейген қуыстар веналарды (әдеттегі жағдайда аталық жыныс мүшесі қанды шығарады) басу арқылы қанды ішінде ұстап, аталық жыныс мүшесін түзу етеді.

Тамақтың ісіп ауруы (Круп)

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:34 - (2490 Оқылымдар)

Круп (тамақтың ісіп ауруы) – бұл ауру, тоқтаусыз қатты жөтелген кезде, демнің қысылған кезінде мазалайды. Круп дыбыс байламының айналасындағы тіндердің ісінуінен туындайды. Бұл жағдай сәбилерде және жас балаларда жиі кездеседі.

Кекірікке, газдың жиналуына немесе іштің кебуіне әкеп соқтыратын дәрілік препараттар

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:33 - (707 Оқылымдар)

Тағайындалған және тағайындалмаған препараттар, сондай-ақ диеталық препараттар ішті газдау, кептіру кезіндегі мынадай жағымсыз әсерлерге әкеледі:

• Ауырсынғанды қатты сездірмейтін наркотикалық препараттар.
• Имодиум, каопектейт и ломотил секілді дияреяны емдеуге қолданылатын дәрілік препараттар. Бұл қоспаларды шамадан тыс, аз уақыт аралығында көп пайдаланған жағдайда, көбіне газ бен іштің кебу сезіміне әкеп соқтырады.
• Цетрусель немесе Фиберкон секілді жаппай өндіріс құралдары.
• Темірқұрамдас қоспалар.

Демікпені бронходилятаторлардың көмегімен емдеу

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:32 - (915 Оқылымдар)

Бронходилятаторлар тыныс-алу жолдары саңылауын тарылтатын бұлшықет сақинасын әлсірету арқылы демікпе симптомдарын жеңілдетеді. Олардың бұл әрекеті тыныс алу жолдарының жылдам ашылуына әкеліп, үлкен көлемдегі ауаның өкпеге кіріп шығуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде тыныс алу жақсарады. Бронходилятаторлар, сондай-ақ, өкпені шырыштан тазартуға көмектеседі. Тыныс-алу жолдары ашылуымен, шырыштың ілгеріленуі үшін бос орын ашылады. Өз кезегінде шырыш жөтелмен бірге шығуы мүмкін.

Түбірлік каналды емдеу

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:32 - (954 Оқылымдар)

Түбірлік каналды емдеу (тіс ұлпасының түбірлік каналы деп те аталады) – бұл тістің инфекцияланған ядросын (ұлпасын) жою процедурасы. Ол тіс ауруын азайтуға жағдай жасайды, инфекцияның таралуын тоқтатады және емдеуді жеделдетеді.

Лимфогранулематоз

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:31 - (193 Оқылымдар)

Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы) - қатерлі лимфомаларға жататын аурулардың үлкен бір тобы болып табылады. Яғни, бұл лимфа жүйесінің (адамды аурудан қорғайтын, организм мен қанағым тіндерінің арасындағы сұйықтықты, лимфа мен қоректік заттарды тасымалдайтын жолдарының) қатерлі ісігі.

Қасағадағы биттер

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:28 - (2006 Оқылымдар)

Қасағадағы биттер - бұл жыныстық аймаққа еніп, жұмыртқаларын жатқызатын алты аяқты кішкентай тіршілік иелері. Қасағадағы биттер, сондай-ақ қолтықасты аймақта, бастың шашты бетінде және қаста мекен етуі мүмкін.

Себептері мен қауіп факторлары. Қасағадағы биттердің ғылыми атауы - Phthirus pubis. Жұқтыру жасөспірімдер арасында жиі кездеседі және венерологиялық ауру ретінде сипатталады. Жұқтыру қасағадағы биті бар адамдармен жыныстық қатынастар кезінде, көрпелерді және дәретхана орындықтарын қолданған кезде орын алуы мүмкін. Дүкендерде әйелдердің суға түсуге арналған костюмдері киіп өлшеп көру кезінде жұқтыру оқиғалары да бар.

Тілді таңдау