Мазмұны
Дәрігер қабылдауында қандай тексерулер орын алады?
Бөртпе – терінің түсінің немесе текстурасының өзгеруі. Бөртпе мынадай болуы мүмкін:
• Беті бұдыр болуы мүмкін;
• Беті жалпақ болуы мүмкін;
• Қызыл түс терінің қалыпты түсімен сәйкес келеді, қою қызыл түс немесе күңгірт түс қалыпты өзгергені болуы мүмкін;
• Қабыршықты.
Нәрестелердің денесіне шыққан төмпешіктер мен дақтар көбінесе аса зияндылық туғызбайды, олар өздігінен кетіп қалады.
Сәбилерде ең көп таралған проблема баздану болып табылады. Баздану – бұл теріге зәр мен нәжістің тиіп, ылғалдануынан, тері бөліктерінің тітіркенуінен туындайтын жағдай. Бала көбінесе жөргекте ұзақ жатған кезде баздану туындайды.
Басқа аурулардан да теріде бөрпенің пайда болуы кездеседі. Көп жағдайда олар қауіпті емес, егер басқа симптомдармен қосарласпаса.
Бөртпелер мынадай себептерден туындайды:
· Базданулар (жөргек жабылатын жердегі бөртпелер) – терінің тітіркенген бөлігі, зәр немесе нәжістің тиюінен ұзақ уақыт ылғалданып қалған жағдайдан туындайды.
· Саңрауқұлақты баздану – бөртпе. Ашытқылы инфцекция ауыз қуысының саңрауқұлақты қабынуын туындататын, candida – атты инфекцияның себебінен туындайды. Мұндай бөртпелер кәдімгі терінің жарылуынан өзгеше болады. ол ашық қызыл түсті, ал сыртқы жиектерінде домаланған дөмпешіктер көрініс береді. Мұндай бөртпе түрін емдеу үшін дәрі-дәрмектер тағайындалуы керек.
· Ыстықтан шығатын бөртпе, немесе терлегеннен туындайтын бөртпелер тер шығаратын бездердің бітеліп қалуынан пайда болады. Олар көбінесе ыстық және ылғалды ауа райында кездеседі. Тер теріде тұрып қалады да, одан кішкентай қызыл төмпешіктер немесе шағын көпіршіктер түзіледі.
· Токсикалық эритема және безеулер, жас нәрестелердің жартысынан көбінде кездеседі, олар әдетте жалпақ қызыл дақтарды түзеді (әдетте ақ дақтар, ортасы безеулерге ұқсайды) . Бұл бөртпелер сирек кездеседі, 5 немесе 7-14 күндік балаларда пайда болып, өздігінен жоғалып кетеді. Бұған алаңдамай-ақ қойсаңыз да болады.
· Балада безеулердің пайда болуы анасының гормонының әсерінен туындайды. Далада, жаңа туылған нәрестелердікі қызыл томпақ болып көрінеді, кейде ортасында ақ дағы да қылаң береді. Безеулер 2-4 апталық нәрестелерде туындайды, тіпті оны 4 айлықтарда да дейін кездестіруге болады, кейде тіпті бұл безеушелер баланың 12-18 айлығына дейін сақталып тұратын көрінеді.
· Себорейлі дерматит нәрестелерде майлы, қабыршықты, бас терісінде жарылған дақ түрінде пайда болады, олар әдетте 3 айлық балаларда кездеседі. Олар көбінесе өздігінен кетеді. Бірақ кейде, дәрілік препараттармен де емдеуге тура келеді.
· Экзема құрғақ, қызыл (күңгірт) қабыршықты, терінің қышымалы түрінде пайда болады. Егер экзема ұзақ уақыт бойы сақталып тұрса, бұл жердегі терілер томпия бастайды. Мұндай жағдайлар - аллергиямен және астмамен байланысты болады, кейде, бірақ, ешқандай ауыр себепсіз өздігінен де пайда болады.
· Есекжем теріде қызыл жолақтар түрінде пайда болады, олар теріде көшіп жүруі де мүмкін. Мысалы, сіз теріні анықтап қарап шықсаңыз белгілі бір жерінен қызыл шеңберлі жолақтарды байқайсыз, бірақ бірнеше сағаттан кейін ол шеңбер басқа жерден көрініс береді, ал қызыл жолақ ішке енгендей көрінеді және олар орыны ауыстрып тұрады. Олар кейде, әртүрлі формалармен де ерекшеленеді. Есекжем бір-неше күнге дейін сақталуы мүмкін. Оның пайда болуы себебі белгісіз.
Баздану
Терінің құрғақтығын сақтау амалдарын жасаңыз. Суланған жөргектерді мүмкіндігінше жиірек ауыстырып тұрыңыз. Тіпті баланың терісін ауаға кептіріп тұрыңыз. Маталы жөргектерді жұмссақ сабынмен мұқият жуып тұрыңыз. Теріні тітіркендіретін салфеткаларды пайдаланбаңыз (әсіресе құрамында спирті бар болса).
Жақпа майлар мен кремдер баланың терісін қырылудан, тітіркенуден қорғайды. Жүгері крахмалы немесе тальк секілді ұнтақтарды абайлап қолданыңыз, себебі бала оны дем арқылы ішке жұтып алса, өкпесін зақымдауы мүмкін.
Егер балаңызда саңрауқұлақты баздану пайда болса, дәрігер сізге оған қарсы тұратын жақпа майды тағайындайды.
Басқаша бөртпе
Ыстықтан немесе терден болатын бөртпелерді емдеудің ең тиімді жолы – баланы салқын және барынша құрғақтау жерге орналастыру.
Мұндай бөртпелерге сеппелер қолданылмайды, ондай сеппелерді, тіпті баланың қолы жетпейтін жерлерге қойыңыз, себебі ол байқаусызда оларды ішке жұтып қоюы мүмкін. Кремдер мен жақпа майларды қолданбаңыз, олар себебі теріні жіпсітіп, тердің шығуын тежеуі мүмкін.
Токсикалық эритема – оның балаларда пайда болуы қалыпты болып саналады, ол бірнеше күннің ішінде өздігінен жойылады. Сізге оны емдеудің қажеті жоқ.
Ақ немесе түссіз безеулер өздігінен кетеді. Оларды да емдеудің қажеті жоқ.
Есекжем пайда болса, дәрігерге хабарласыңыз, себебі оның пайда болу себебін дереу анықтау керек. Кейбір жағдайда, дәрігер өзі сізге дәрілік препараттарды тағайындауы мүмкін. Ангистаминді препараттар қышу сезімін басуы мүмкін.
Балалардағы акне
Әдеттегі жуыну. Көп жағдайда баланы жуындыру арқылы акнеден айықтыруға болады. Әдеттегі таза су мен балаларға арналған жұмсақ сабынды қолдану арқылы, баланы әр 2-3 күн сайын шомылдырып тұрған жөн. Акнені емдеуге арналған дәрілер тек ересектер мен жасөспірімдерге қолданылады.
Себорейлі дерматит
Себорейлі дерматит кезінде, басты сумен немесе балаларға арналған жұмсақ сусабынмен жуу керек. Құрғақ терідегі қабыршықтарды кетіру үшін щетка қолданыңыз. Егер қабыршықтар кетпесе, оларға май жағыңыз, сонда олар жұмсарады. Себорейлі дерматит, әдетте, 18 айдың ішінде кетеді. Егер аурудың беті қайтпай қойса, оған арнайы ем жүргізіледі, егер ол жер инфицирленсе, не істеу керектігін дәрігермен кеңесіп, шешіңіз.
Экзема
Терінің мәселелері кезінде, әсіресе экземаға кездескенде, терінің тырнауға, қасуға болмайды, одан да оған ылдалды жағдай жасап тұру керек.
• Баланың қол тырнақтарын алып тұріңіз, түнде қолғап кигізіңіз, сонда онның тырналап тастауының алдын аласыз;
• Құрғатқыш сабындарды қолданбаңыз, олар кейін теріні тітіркендіруі мүмкін.
• Жуындырғаннан кейін, бірден ылғалдандырғыш кремдер мен майларды жағыңыз.
• Ыстық ванна, ол жерде баланы ұзақ отырғызу, ваннаны көп мөлшерде көпіршіктендіру бала терісінің құрғауына себепкен болады. Сондықтан олай істемеу керек.
• Балаға еркін тұратын киім кидіріңіз, еркін киім терді жақсы сіңіреді.
• Егер бұл жағдайлардың барлығы балаңыздағы экземаның кетуіне көмек болмаса (сіздің балаңызға дәрілік препараттар тағайындау керек болуы мүмкін) немесе сіз терінің инфицирленгенін байқасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Көбінесе, экземасы бар балалар осы проблемамен өседі, олардың көпшілігінің терісі ересек кезеңінде сезімтал болып қалады.
Егер балаңызда төмендегідей жағдайлар болса, дәрігерге хабарласыңыз:
Бөртпен байланысты қалтырау немесе басқа да түсініксіз симптомдар орын алса;
Терінің кез-келген жері дымқылданып, қызарып, инфекциямен байланысқандай болып тұрса;
Жөргек ауыстырып тұрса да бөртпелер пайда бола берсе;
Бала 3 айлық болса да, бөртпе, дақ, күлдіреулер немесе қызарулар пайда болса;
Тері көлдіресе;
3 күндік үй емінен кейін де жағдай жақсармаса;
Көп жер тырналып кетсе.
Дәрігер қабылдауында қандай тексерулер орын алады?
Дәрігер жалпы тексеру жүргізеді. Баланың терісі бөрпелердің сатылы кезеңдерін анықтау үшін мұқият тексеріледі. Баланың терісін емдеу үшін қолданылатын қажетті заттардың тізімін жазып алыңыз.
Дәрігер сізге мынадай сауалдарды қоюы мүмкін:
Бөртпе қашан басталды?
Туылғанда симптомдары пайда болған ба? Олар қалтырауды емдегеннен кейін жойылды ма?
Бөртпелердің тері жарақаттарымен байласы бар ма? Олар дененің басқа жерлеріне тарады ма?
Тағы қандай симптомдары көрініс берді?
Сіз баланы қандай сабынмен жуындырасыз?
Баланың терісіне қандайда бір затты жақтыңыз ба (крем, лосьон, май, парфюм)?
Балаңыз қандайда бір дәрлік препаратты қабылдай ма? Оларды қашаннан бері қабылдайды?
Балаңыз жақын арада басқада жаңа бір тамақ жеп пе еді?
Балаңыз жақын арада ағашпен жанасқан ба еді?
Балаңыз жақын арада ауырды ма?
Сізде бұрыннан тұқымыңызда тері ауруымен байланысты мәселелер бар ма еді? Сіздің балаңызда жан-ұйядағы бір мүшеден аллергиясы бар ма?
Тексерулер сирек тағайындалады, егер тағайындала қалса, олар мыналар:
Аллергиялық тері тесті;
Қан талдамасы (жалпы қан талдамасы);
Терінің зақымдалған жеріне микроскопиялық тексеру;
Бөртпенің пайда болуы себептеріне байланысты, терінің қышуын басу үшін антигистаминді препараттар тағайындалуы мүмкін. Инфекциялық бактериялармен байланысты болса антибиотиктер тағайындалады.
Саңырауқұлақтан туындаған баздану кезінде, дәрігер арнайы крем тағайындауы мүмкін. Қаптап кеткен бөрпеге, саңырауқұлақ инфекциясынан туындамаған бола, құрамында кортикостероидтар бар жақпа май ұсынылады.
Экзема кезінде қабынуды төмендету үшін, дәрігер жақпа май немесе құрамында кортизон бар дәрілерді тағайындайды.
Дереккөз: https://medlineplus.gov/ency/article/003259.htm
Синонимдері: Балалар бөртпесі; Тербөртпе;Қызыл тербөртпе.