Жүктелуде...
 

ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ЗАЛАЛСЫЗ БОЛУЫ

Автор: student_k - Жарияланды 2019-04-03 11:32 - (1492 Оқылымдар)

Тағам өнімдері адам организміне зиянды бактериялармен, вирустармен, паразиттермен, уыттармен, сондай-ақ химиялық заттармен ластануы мүмкін. Мұндай өнімдерді тұтынудан сақтану керек. Залалданған азық-түліктерді пайдалануға байланысты сырқаттардың сыр беруі асқазан-ішек жолы белгілерінен (іш өту, жүректің айнуы, құсу, іштің құрысуы және сусыздану) бастап сал және менингит секілді ауыр ахуалдарға дейін ауытқиды. Ластанған тағамды пайдаланудан туындайтын аурулардың қаупін азайтуға мүмкіндік беретін қарапайым шаралар бар. Оларды дәрігерлер мен мамандардың көмегіне жүгінбей, үй жағдайында қолдануға болады.

Жүректің тоқтауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:57 - (2032 Оқылымдар)

Жүректе жүрек соғысының ырғағын басқаратын электр жүйесі бар. Жүректе болатын ауытқулардың себебі осы ырғақтың бұзылу салдарынан туындайды. Мұны аритмия деп атайды.
Аритмияның бірнеше түрі бар. Аритмия кезінде жүрек өте жиі немесе өте баяу соғады, немесе жүрек мүлдем соқпай қалады. Кенеттен болатын жүрек тоқтаулары да осы аритмияның салдарынан болады. Жүректің тоқтауы мен жүрек ұстамасы бір-бірінен айырмашылығы бар, ұстама кезінде қан ағымы тежеледі, ал жүрек соғысы тоқтамайды.

Перикардит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 05:08 - (274 Оқылымдар)

Бұл не? Перикардит - бұл перикардтың (жүректің айналасындағы қорғап тұратын қалтаның) қабынуы. Перикардит перикардия мен жүрек арасында сұйықтықтың аномальді бөлінуінен пайда болуы мүмкін (перикардиальды эффузия).

Инфекциялық эндокардит (Эндокардит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-20 12:14 - (516 Оқылымдар)

Инфекциялық эндокардит немесе Эндокардит– жүректің қақпақшалары мен камераларының ішкі қабығының инфекциясы.

Жүректің тосыннан тоқтап қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:40 - (1033 Оқылымдар)

Жүректе электірлік жүйе бар, ол жүрек соғысының ритмін бақылайды. Жүректе проблема туындаса, ол жүрек соғысы ритмінің бұзылуынан болады, мұндай күрделі проблеманы аритмия деп атайды.

Туа біткен жүрек ақауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 07:45 - (14380 Оқылымдар)

Туа біткен жүрек ақауы - жүрек құрылымдарының және функцияларының бұзылуларына
байланысты пайда болатын ауру.
Жүрек қақпақшалардан, камералардан және олармен байланысқан тамырлардан тұрады.

Физикалық жаттығулардың қандай пайдасы бар

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-08 04:20 - (8824 Оқылымдар)

Дене белсенділігінің жүрек ауруының қаупін едәуір төмендететіні дәлелденді. Қозғалыс біздің жүрегімізді тынығуға көмектеседі екен. Аз қозғалатын өмір салты ұстанатын адамдардың жүрегі, белсенді адамдарға қарағанда әлдеқайда көбірек күш жұмсауға мәжбүр. Өте аз қозғалатын адамның жүрегі қанша аз қозғалыс жасаған сайын минутына 80 есеге дейін қысыла береді екен. Алайда, белсенді адамдарда жүректің қысылу ырғағы минутына 60-70 соққы алады. Бұл тәулігіне шамамен 85 мың жүрек қысылуын, ал аз қозғалатын адамдарда жүрек күн сайын 110 мыңнан астам рет қыссылуға мәжбүр болады. Салыстыру үшін, егер сіз күн сайын автокөлігіңізде шамамен 100 шақырым жүрсеңіз, онда бұл айырмашылық шамамен 30 километрге тең.

Электролиттер және электролиттік үйлесімсіздік

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-30 08:24 - (233 Оқылымдар)

Электролиттер – бұл кәдімгі ағзада кездесетін (мысалы: калий, кальций, натрий, және магний) секілді минералдар. Электролиттер ағзадағы сұйықтың қажетті мөлшерде тұруы үшін керек, сондай-ақ жүрек соғысының қалыпты функциясына, бұлшықеттердің жиырылуына, мидың дұрыс қызмет етуіне көмек береді.

Холестерин

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-10 11:47 - (221 Оқылымдар)

Холестерин - организмнің көптеген маңызды функцияларына қажет болатын майдың түрі (липид). Мысалы, ол жаңа жасушалардың қалыптасуына қатысады. Холестериннің жоғары мөлшерде болуы жүрек ауруы мен инсульт қаупін арттырады.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2

Тілді таңдау