Жүректе электірлік жүйе бар, ол жүрек соғысының ритмін бақылайды. Жүректе проблема туындаса, ол жүрек соғысы ритмінің бұзылуынан болады, мұндай күрделі проблеманы аритмия деп атайды.

Аритмияның бірнеше түрі бар. Аритмия кезінде жүрек өте сирек немесе ақырын соғады, не болмаса, тіпті соқпай қалуы да мүмкін. Жүректің тосыннан тоқтап қалуы, науқаста ауытқу болған жағдайда, жүрегі тоқтағанда орын алады. Бұл тоқтап қалудың жүрек ұстамасынан айырмашылығы, ұстама кезінде қан ағысы тоқтап қалады да, жүрек әдеттегі соғысын жалғастыра береді.

Жүректің тосыннан тоқтап қалуы бірнеше себептерге байланысты орын алады. Себептері: жүрек қантамырларының аурулары, физикалық стресс, сондай-ақ кейбір тума аурулардың әсерінен болады. Кейде дәрігерлер жүректің не үшін тосыннан тоқтап қалатынын анықтай алмай жатады.

Жүрек тоқтап қалған жағдайда, жедел медициналық көмек берілмесе, адам бірнеше минуттың ішінде өліп кетуі де мүмкін. Тек адам жүрек дефибриллияциясын жасатқан болса ғана ажал аузынан арашалап алып қалуға мүмкіндік туады. Дефибрилляция – электроимпульсті әсер беру әдісі. Ол жүрек бұлшықеттерінің электірлік белсенділігін қайта қалпына келтіру үшін қолданылатын әдіс. Жүрегі тоқтап қалған адамды дефибриляцияның алдында, жүрек-өкпелік реанимациясынан өткізу керек, содан кейін ғана дефибриляторды қолданса болады.

Егер сіздің жүрегіңіз бұрын тосыннан тоқтаған болса, импланталған дефибриллятор қайта тоқтаудың алдын алып, өлім қаупін азайтады.

Тегтер:
жүректің тоқтауы
жүректің тосыннан тоқтауы
жүрек қантамырларының жүйесі