Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емдеу

Алдын алу

Жалпы ақпарат
Туа біткен жүрек ақауы - жүрек құрылымдарының және функцияларының бұзылуларына байланысты пайда болатын ауру.
сердце
Жүрек қақпақшалардан, камералардан және олармен байланысқан тамырлардан тұрады.

Себептері
Туа біткен жүрек ақауына (ТЖА) жүректің бірқатар анатомиялық ақаулары жатады. Бұл туа біткен аурулардың ең көп таралған түрі. Бір жасқа дейінгі нәрестелер, басқа кез келген туа біткен ауру түрлеріне қарағанда аурудан көп шетінейді екен.

Туа біткен жүрек ақауы екі типке бөлінеді: көгерген (қанға оттектің жетіспуі себебінен терінің көк түске боялып тұруы ) және көгермеген (ақ). Төменде ең көп таралған тума жүрек ақауының түрлері көрсетілген:
Көгерген (цианозды):
• Эбштейн аномалиясы
• Сол жақ жүрек бөлігінің гипоплазиясы
• Өкпе артрезиясы
• Тетрадо Фалло
• Өкпе - веналық қайтару аномалиясы
• Жүректің ірітамырларының транспозициясы
• Үш қақпақты атрезия
• Ортақ артериялды бағана
Көгермеген (ақ):
• Аорталық стеноз
• Жүрекшелер аралық қалқаның кемістігі.
• Атриовентрикулярлы арна
• Қолқа коарктациясы
• Ашық артериялық ағыс
• Өкпе артериясының стенозы
• Асқазан аралық қалқалар ақаулығы
Бұл ақаулар жеке-жеке немесе бірге туындауы мүмкін. Көбінесе туа біткен жүрек ақауы бар балаларда басқа да туа біткен ақаулары түрлері болмайды. Дегенмен, жүрек ақаулары генетикалық және хромосомдық аномалияның бір бөлігі болуы мүмкін. Осы синдромдардың кей бірі тұқым арқылы берілуі мүмкін .
Мысалы:
• Ди Джорджи синдромы
• Даун синдромы
• Марфан синдромы
• Нунан синдромы
• Трисомия 13
• Тернер синдромы

Туа біткен жүрек ақауларын зерттеу мен зерделенуі жалғасуда. Жүктілік кезінде кейбір дәрілік препараттарды, мысалы, безеуді кетіру үшін ретиной қышқылын қабылдау, зиянды химиялық заттармен байланысу, ішімдік ішу және инфекциялар жұқтыру (қызамық) кейбір туа біткен жүрек ақауларының пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Қант диабетіне шалдыққан жүкті әйелдердің қанындағы қант мөлшерін жеткіліксіз бақылау да жүрек ақауының пайда болуына қауіпті болуы мүмкін.

Симптомдары
Симптомдар баланың жалпы жағдайына байланысты болады. Туа біткен жүрек ақауы бар баланың өзінде симптомдары бірден байқалмауы мүмкін.
Қолқа коарктациясы сияқты жүрек ақауы көп жылдар бойы ешқандай мәселе тудырмауы мүмкін. Асқазан аралық қалқалар ақаулығы сияқты кішігірім ақаулардан ешқандай мәселе туындамауы да мүмкін.

Диагностикасы
Жүктілік кезіндегі УЗД арқылы туа біткен жүрек ақауларының көбісін анықтауға болады. Мұндай ақауды анықтағаннан кейін, педиатр-кардиолог, хирург, және басқа мамандар баланың туылуы кезінде бірге қатысуы мүмкін. Кейбір балалар үшін, туылу кезінде толыққанды медициналық қызмет көрсетілуі қажет болуы мүмкін.
Бала үшін қажетті тексерулер тізімі ақау түрі және симптомдарына қатысты болады.

Емдеу
Емдеу тәсілі, балаға қаншалықты әсер ететіндігіне қарай, сонымен қатар оның денсаулығының жалпы жағдайына байланысты жүргізіледі. Әрбір ақау егжей-тегжейлі тексерілуі қажет. Кейбіреуі уақыт өте келе өздігінен жойылып кетеді, ал сол уақыттарда басқалары үшін міндетті түрде емделу қажет болады.
Кейбір туа біркен жүрек ақауларын тек дәрі-дәрмектердің көмегімен емеделеді. Басқа жағдайларда, жүрекке бір немесе бірнеше операция жасалуы керек.

Алдын алу
Әйелдер, жүктілік кезінде босанғанға дейін жақсы күтінуі керек:
• Жүктілік кезінде алкоголь және есірткі қабылдамаңыз.
• Қандайда бір дәрі-дәрмекті қабылдау алдында дәрігеріңізге өзіңіздің жүктілігіңіз жайында айтыңыз.
• Жүктіліктің бастапқы кезінде қызамыққа қарсы иммунитетті анықтау үшін қан талдамасын өткізіңіз. Егер сізге екпе салынбаған болса, кез-келген қызамық жұқтыру қаупінен сақтаныңыз және босанғаннан кейін екпе салдырыңыз.
• Сусамырмен ауыратын жүкті әйелдер, қан құрамындағы қант деңгейін қатаң бақылауда ұстауы керек.
Кейбір гендер баланың туа біткен жүрек ақаулығының пайда болуына белгілі бір дәрежеде рөл атқаруы мүмкін. Егер туыстарыңызда, немесе олардың балаларында туа біткен жүрек ақауы болса, дәрігеріңізбен медициналық-генетикалық тексеру жайында кеңесіңіз.

Тегтер:
туа біткен жүрек ақаулығы,
кардиология,
жүрек ақауы,
көгеру