Жүктелуде...
 

Түнгі апноэ ұстамалары

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:26 - (1455 Оқылымдар)

Түнгі апноэ ұстамалары ересек адам тыныс алғанда 10 секунд бойы ұйқы кезінде оны баяулатқан немесе кешіктірген кезде пайда болады. Олар бір сағат ішінде дем алуды тоқтату (апноэ) немесе оның баяулату (гипонеа) санына байланысты күшті, қалыпты немесе әлсіз болуы мүмкін.

Тістің шығуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:23 - (230 Оқылымдар)

Тістің шығуы - бұр процесс қызыл иекті жарып ең алғашқы тістердің шығуымен сипатталады. Әр сәбидің тісінің шығу уақыты әртүрлі, бірақ көпшілігінде алғашқы тістер 6-8 айлығында шығады. Сәбилердің барлық тістер саны 20, ол үш жасқа дейін жарып шығады.

Тісті шығуы белгілері тіс шыққанға дейінгі 3-5 күн ішінде білінеді, 1-2 ай аралығында бірде пайда болып, бірде жоғалып отырады.

Тік ішек, артқы өтіс және артқы өтіс қысқышы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:22 - (148 Оқылымдар)

Тік ішек - бұл ұзындығы 12,7 см болатын тоқ ішектің (жиек ішек) жалғасы болып келетін бұлшықетті түтік мүше. Тік ішек жиек ішекті артқы өтіс тесігімен байланыстырады, нәжіс артқы өтістің қысқышы арқылы ағзадан шығады.

Теңге қотыр (Псориаз)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:08 - (409 Оқылымдар)

Теңге қотыр (псориаз) - терінің қызаруы мен тітіркенуі пайда болатын тері ауруы. Мұндай ауруы бар адамдардың көпшілігінде терінің ісінуі, қызаруы, сондай-ақ тері үсті қабаттының қабаттануы, қабыршықтану деп аталатын күміс түсті ақ дақтардың пайда болуымен сипатталады.

Тиннит – құлақтағы шуыл

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-19 10:27 - (5445 Оқылымдар)

Тиннит – деп, жайшылықта құлаққа түрлі дыбыстардың естілуін айтады. Ол: ызыңдаған, дыңылдаған, шыңылдаған, ысқырылған дыбыстар болуы мүмкін. Олар кейде ақырын немес қатты, жоғары немесе төмен болып естіледі. Кейде бір дыбыс естілсе, кейде бірнеше дыбыс қатар естілетін жағдайлар да болады.

Терінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-19 02:54 - (268 Оқылымдар)

Меланома – бұл тері қатерлі ісігінің бір түрі. Меланоманың негізгі kөзі меланоциттер деп аталатын тері жасушалары болып табылады. Меланоманы жақсы түсіну үшін меланоциттердің, атап айтқанда, олар қандай функцияны орындайды және олар рак жасушаларына айналғанда не болатынын анықтау керек.

Тілме

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:06 - (123 Оқылымдар)

Тілме – іріңді стрептококк (Streptococcus pyogenes) немесе алтын стафилококк (Staphylococcus aureus) шақыратын, теріні және шырышты қабықтардың ошақтық қабынуы. Тілме негізі терінің зақымдалуынан, атап айтқанда сызат түсу, жаралану, шағу, шаншу немесе бөртпе болғаннан кейін пайда болады.

Тырнақ және табан терісіндегі саңырауқұлaқшалар

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-14 10:45 - (4998 Оқылымдар)

Тырнақ саңырауқұлaқшасы – бұл инфекциялық ауру. Ол қол мен тырнақтың айналасы мен үстіне шығатын саңырауқұлaқ типтес өсіндімен сипатталады.

Паронихия – бұл тырнақтың айналасымен терісінің қабынуы. Көптеген микроағзалар паронихияны туындатады. Қазіргі жағдайда бұл ауру Candida деген ашытқыш микроағзалардан туындауда. Тырнағыңызда қабыну пайда болған кезде (қызарып, ісінген кезде) яғни тырнақтарыңыз қалыптыдан өзгере бастаса оған назар аудурыңыз.

Туа біткен жүрек ақауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 07:45 - (14374 Оқылымдар)

Туа біткен жүрек ақауы - жүрек құрылымдарының және функцияларының бұзылуларына
байланысты пайда болатын ауру.
Жүрек қақпақшалардан, камералардан және олармен байланысқан тамырлардан тұрады.

Темекі шегудің зияндылығы және шылым шегуді қалай доғаруға болады

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-08 05:45 - (5671 Оқылымдар)

Темекі – ол жендет. Мектепте баршамызға бір грамм никотиннің өзі жылқыны өлтіретіні жайында айтылғаны мәлім. Егер сіз шылым шегетін болсаңыз, онда сіздің бойыңызда түрлі аурулардың дамитыны сөзсіз. Және сіз темекі шексеңіз, шекпеген кездегі өміріңізбен салыстырғанда өмірмен ертерек хош айтысуыңыз мүмкін. Темекі шегу адам ағзасының кез-келген мүшесінің ауруларына әкеп соғады. Әлемдегі бес өлімнің біреуі темекінің салдарынан келіп жатады екен. Темекі шегу өкпе эмфиземасына себеп болады және жүpек-қан тамырлары ауруларын, қатерлі ісік ауруларын, сондай-ақ жүктілік пен туа біткен деформацияларды да дамыту қаупін айтарлықтай арттырады. Түбінде, темекі шегу адам бетіндегі әжімдердің пайда болуын тездетеді, сондықтан темекі шегетіндердің терісі шылым шекпейтіндердің терісінен қарағанда едәуір кәрі көрініп тұрады.

Тілді таңдау