Мазмұны
Емдеу
Жалпы ақпарат
Тиннит – деп, жайшылықта құлаққа түрлі дыбыстардың естілуін айтады. Ол: ызыңдаған, дыңылдаған, шыңылдаған, ысқырылған дыбыстар болуы мүмкін. Олар кейде ақырын немес қатты, жоғары немесе төмен болып естіледі. Кейде бір дыбыс естілсе, кейде бірнеше дыбыс қатар естілетін жағдайлар да болады.
Құлақ - сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерден тұрады. Құлақтың сыртқы бөлігі құлақ қалқанынан және сыртқы есту арнасынан құралған.
Тиннит көптеген адамдарда кездеседі. Құлақтарында қатты шуылы барлардың есту жүйесі нашарлайды, және өздігінен бір жұмысты істеп кетуі немесе рахаттанып ұйықтауы қиынға соғады.
Себептері
Тиннитің мынадай себептері болады:
• Кәрілік, ол кезде құлақ естімей қалады;
• У-шуда көп жүргендіктен;
• Мұрын қуысы мен құлақта инфекцияның болуынан;
• Қан тамырлары немесе жүрек ауруынан;
• Меньер ауруынан;
• Мида ісіктің болуынан;
• Әйелдерде гармондық өзгерістердің болуынан;
• Қылқанша безінің ауыруынан;
• Кейбір дәрі-дәрмектерден.
Емдеу
Емделу құлақтағы шуылдың неден пайда болғандығына байланысты жүргізіледі. Сондай-ақ, емдеу барысында есту аппараттары, акустикалық жасырынбалы құрылғылар қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер қабылдап, құлақтағы шумен күресу әдісін меңгерсе де жағдайды оңалтуға мүмкіндік туады.
Тегтер:
құлаққа ылғый быр дыбыстың естілуі
құлақтағы шуыл
құлақтағы дыбыс
есту ағзасы
тиннит, ісік
жүрек ауруы
Меньер ауруы