Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Диагностикасы

Емдеу

Болжамы

Дәрігерге қашан қаралу керек

Алдын алу

Синонимдері

Жалпы ақпарат
Тырнақ саңырауқұлақшасы – бұл инфекциялық ауру. Ол қол мен тырнақтың айналасы мен үстіне шығатын саңырауқұлақ типтес өсіндімен сипатталады.
458
Паронихия – бұл тырнақтың айналасымен терісінің қабынуы. Көптеген микроағзалар паронихияны туындатады. Қазіргі жағдайда бұл ауру Candida деген ашытқыш микроағзалардан туындауда. Тырнағыңызда қабыну пайда болған кезде (қызарып, ісінген кезде) яғни тырнақтарыңыз қалыптыдан өзгере бастаса оған назар аудурыңыз.

Себептері
Саңырауқұлақшалар шаштың өлі тіндерінде, тырнақта, терінің сыртқы қабатында мекендейді. Көп таралған саңырауқұлақ инфекциясы мыналармен байланысты:
• Спортшының табаны;
• Қотыр (саңырауқұлақ инфекциясы, зақымданушы жыныс мүшелері, жамбас пен сауырдың іші мен үстіңгі жағы );
• Теміреткі, зақымдалғыш дене терісі және бастың шашты бөлгі.

Саңырауқұлақ инфекциясы ересектерде көп кездеседі. Оларды табандарына саңырауқұлақшалар жиі мазалайды. Аяқтың тырнақтары, қолдыкінен қарағанда саңрауқұлақ инфекциясымен көбірек зақымданады.
Қоғамдық бассейндерге, спорттық залдардарға баратындар, немесе жалпыға ортақ душ қабылдайтындар, көп терлейтіндер осы аталмыш инфекциямен зақымданып жатады. Саңырауқұлақшалар терінің дымқыл жерінде өмір сүреді.

Егер сіз төменде келтірілген жағдайларға тап болсаңыз, табан саңырауқұлақшасы шығатын топ қатарына кіресіз:
• Сіздің теріңізде немесе тырнағыңызда кішігірім жарақат болса;
• Тырнағыңыз деформацияланса немесе тырнағыңыз ауырса;
• Теріңіз ұзақ уақыт дымқылданып жүрсе;
• Иммун жүмеңізде мәселелерр туындаса;
• Сіз ауа кірмейтін аяқ киім киіп жүрсеңіз.

Симптомдары
Ауру симптомдары бір немесе бірнеше тырнақтың (әсіресе аяқтың) өзгеруімен сипатталады:
• Сынғыш келеді;
• Тырнақтың формасы өзгереді;
• Тырнақтың сыртқы айналасы бұзылады;
• Қол тырнақтарының қабықшаланып ашылып кетеді;
• Мөлдірлігі жоғалаады;
• Тырнақ жуарады;
• Тырнақта ақ және сары жолақтар пайда болады.

Диагностикасы
Дәрігерлер саңырауқұлақ инфекциясы екендігіне көз жеткізу үшін тырнақтарыңызды тексеруі керек. Тырнақ қырындысын микроскоппен тексеру барасында диагноз қойылуы мүмкін. Бұл әдіс саңрауқұлақшаның түрін анықтауға көмектеседі. Үлгі, бөлінген қоздырғыштың қалай көбейетіндігін анықтау мақсатында зертханаға жолданады. (нәтижесі 3 аптадан кейін дайын болады)

Емдеу
Түрлі жақпа майлар мен кремдер бұл аурудың жазылуына септігін тигізбейді.
Тырнақтағы саңрауқұлақшаны жазу үшін ішке енгізілетін саңрауқұлақша инфекциясына қарсы дәрілік препараттар тағайындалу керек.
• Тырнақтарыңыз зақымданған кезде сізге 2-3 ай қолданатын дәрілік препараттар тағайындалады; қол тырнақтарының емдеу курсы бұл уақыттан азырақ болып келеді.
• Бұл аурудың еміне саңырауқұлақ инфекциясына қарсы флуконазол секілді дәрілер тағайындалады.
Бұл дәрілерді қабылдау кезінде дәрігер сізден зертханалық талдама алады, бауырыңыздың зақымданбағанын білу үшін.
Лазерлік қабылдаулар да сіздің тырнақ саңырауқұлақшасынан құтылуға көмектеседі.
Кей жағдайда тіпті, аурудан айығу үшін тырнағыңызды алып тастауы да мүмкін.

Болжамы
Саңырауқұлақ инфекциясын дұрыстап емдесе, қайда зақымдалмаған тырнақ өсіп шығу мүмкіндігі туады. Бірақ олар асықпай өседі. Тіпті емдік шара керемет болғанның өзінде сау тырнақ бір жылдың көлемінде өсіп шығады.
Негізі тырнақ саңырауқұлағын емдеу қиын. Дәрілік препараттар осы ауруға шалдыққандардың тек шамамен жартысын ғана емдеген шығар.
Тіпті сәтті емделген саңырауқұлақ инфекциясының өзінен, қайта инфекция қылаң беруі ғажап емес.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Мынадай жағдайлар орын алса, дәрігерге хабарласыңыз:
• Тырнағыңызда ылғи саңырауқұлақ инфекциясы болса;
• Саусақтарыңыз ауырғыш болып кетсе, ылғи қызарып тұрса.

Алдын алу
Денсаулықты жақсарту үшін және жеке гигиенаны сақтау үшн саңырауқұлақ инфекциясын тудыратын жағдайлардың алдын алу керек:
• Манюкюр мен педикюрге арналған құралдарды өзгелермен бірге қолданбаңыз;
• Теріңізді таза, құрқақ етіп ұстаңыз;
• Тырнақтарыңызға дұрыстап көңіл бөліңіз;
• Кез-келген саңырауқұлақ инфекциясымен байланысқаннан кейін қолыңызды жақсылап жуыңыз.

Синонимдері
Тырнақтың саңырауқұлақ инфекциясы; Онихомикоз; Табанның қауіпті теміреткісі.

Тегтер:
зақымданған жердің ауырғыштығы
тырнақтың айналасындағы терінің қышуы
тырнақтың қабыршықтауы
үгітілу