Жүктелуде...
 

Тілдің түктенуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:56 - (698 Оқылымдар)

Тілдің түктенуі – тіл бүртіктерінің өсіп кетуінен пайда болады. Бір қарағанда тілге шаш өскендей көрінеді. Тілінде түгі бар адамның ауызынан ылғи жағымсыз иіс шығып тұрады. Ауру сезімі әдетте байқалмайды.

Эктопиялық (жатырдан тыс) жүктілік

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:51 - (450 Оқылымдар)

Жатырдан тыс дамыған жүктілікті – эктопиялық жүктілік деп атайды. Бұл жағдай аналардың өміріне қауіп төндіреді.

Жыныстық зорлық және қынаптан қан кету

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:49 - (1188 Оқылымдар)

Қынаптағы ерекше бөлінділер, сызаттар, қынап айналасының ауруы, венерикалық инфекция симптомдары және т.б. зорлық-зомбылықтың әсерінен болуы мүмкін. Сексуалдық зорлық-зомбылық белгілерін, жыныстық аймақты зерттемей, анықтау мүмкін емес.

Ақтаңдақ (Витилиго)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:47 - (399 Оқылымдар)

Ақтаңдақ (Витилиго) - бұл тері ауруы, меланоциттер функциясының жоғалуынан немесе төмендеуінен теріде, шашта, көздің торлы қабатында ақ түсті дақтартың дамып кетуін айтамыз. Ауру кез келген жастан басталуы мүмкін, бірақ көбінесе 70%-ы 20 жасқа дейін адамдарда байқалады. Ақтаңдақтың қайдан пайда болатыны, себептері мен механизмдері жайлы сұрақтың жауабы әлі табылмады, сондықтан осы аурудың тиімді және толыққанды емдеу мәселесі осы күнге дейін ақсап тұр.

Кекіру

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:46 - (173 Оқылымдар)

Кекіру көбінесе, ауа жұтып алғаннан болады. Көп ауа жұтып алғаннан кейін, тым тойып қалғандай немесе іш шертиіп кеткендей сезімдер туындайды.

Кекірік және жұтынудың қиындауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:51 - (1223 Оқылымдар)

Жұтыну проблемалары көпшілік арасында әртүрлі жағдайларда кездесіп жатады. Асты қомағайланып ішкеннен , кейбір тамақты түйір-түйір күйінде жұта салғаннан, ауызға асты салып алып, сөлеп тұрып жұтқаннан туындап жатады. Кейде сабырсызданып, ашуға ерік беріп тұрған кезде де, жұтқыншағыңыз толып кеткендей, дұрыс жұтына алмай тұрғандай сезінесіз.

Жұлынған сынық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:50 - (629 Оқылымдар)

Жұлынған сынық – буыннан қатты жарақат алғанда, сіңірлермен байланысып тұрған кішкентай сүйектердің де бірге үзіліп кетуі.
Жұлынған сынық - тікелей күштің әсерінен (мысалы, гандбол ойынындағы аяқтан шалудан) немесе жанама күштің әсерінен (мысалы, футбол немесе баскетбол ойындарында жартылай қорғаушының қасақана итеруінен) болуы мүмкін.
Әдетте, шағын жұлынған сыныққа мұз басады және дем алдырады; кішігірім сынықтардың жазылғаннан кейін, қандайда бір ауру сезімін немесе ыңғайсыздық тудыруы сирек кездеседі.

Иыққа берілетін ауырсыну сезімі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:49 - (218 Оқылымдар)

Кейде иық талып, түсініксіз бір ауру сезімдері пайда болады. Мойынды ары-бері қозғаса да, иықты айналдырса да, қолды сермесе де еш өзгеріс болмай қояды. Сонымен қатар, басқа жерлеріңіз де аурып тұрғандай сезіледі (іш, кеуде тұсында), осындай ауырсыну сезімдері иыққа беріледі.

Улану

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:48 - (131 Оқылымдар)

Улану қалай болады? Улану кездейсоқ болып қалуы мүмкін, немесе әдейі өзіне қол жұмсау мақсатымен де болып жатады. Деседе, уланудың қандай түрі болмасын, дәрігердің көмегі қажет. Улы заттар тыныс жолдары арқылы организмге сіңіп, зиянын тигізуі мүкін, сонымен қатар теріге құйылып немесе көзге тамып кеткен жағдайда да өз зардабын тартқызады.

Иіс газымен улану

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:47 - (2236 Оқылымдар)

Иіс газы - дәмсіз, иссіз, түссіз келеді. Бұларды жанармай жағу орындарында кездестіруге болады. Бұл газдар табиғи газдан, бензиннен, сұйық отыннан немесе ағаш отыннан күйгенде бөлініп шығады. Иіс газын ішке ауамен бірге жұтып қойса, демді қысып, қанға араласып, адамды улайды.

Тілді таңдау