Иіс газы - дәмсіз, иссіз, түссіз келеді. Бұларды жанармай жағу орындарында кездестіруге болады. Бұл газдар табиғи газдан, бензиннен, сұйық отыннан немесе ағаш отыннан күйгенде бөлініп шығады. Иіс газын ішке ауамен бірге жұтып қойса, демді қысып, қанға араласып, адамды улайды.

Иіс газын шығаратын жанғыш заттар - ішкі жылыту жүйесінде, автокөлік қозғалтқыштарында, моторлы қайықтарда, пісіру құрылғыларында, бу шығаратын тастарда және де т.б. жерлерде пайда болады.
Иіс газының қауіпті деңгейлері жартылай жабық немесе тіпті ашық жерлерде пайда болуы мүмкін.
Көміртегі тотығымен уланған адамның басы аурып, теңселіп, жүрегі айниды. Ал қатты уланса, есін жоғалтып, тіпті, өмірімен де хош айтысуы мүмкін. Бұлай уланған адамның ауруын нақты анықтау да мүмкін емес, өйткені дәл осындай белгілер басқа да ауруларда кездесіп жатады.

Емделуі

Алдымен уланған адамның қанындағы оттегіні қалыпты деңгейге келтіру керек. Зардап шеккен жанды иіс газы шығып тұрған аймақтан алысырақ алып кету керек. Беті бері қарамай жатса, оттегі терапиясын қолдануға да болады.

Тегтер:

Иіс газы
Улану
Иіс газымен улану