Жүктелуде...
 

Сперматоцеле (аталық бездің кистасы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:50 - (195 Оқылымдар)

Сперматоцеле, аталық бездің кистасы – ұманың маңайындағы сұйықтық толған, ауырсынбайтын, қатерсіз түзіліс, ол ұрық сұйықтығының ағуының бұзылысы нәтижесінде пайда болады. Сперматоцеле әдетте, аталық бездің жоғарғы бөлігінде немесе артында орналасады. Кистаның қабырғасы әдетте, тегіс, ақшыл, бұлыңғыр сұйықтықпен толған, және әдетте, шәует болады. Сперматоцеле тұрақты болуы мүмкін, немесе өседі. Егер оның өлшемі айқын ұлғайса, және ауырсыну пайда болса, емдеудің мүмкін нұсқаларының бірін орындау қажет. Жалпы, сперматоцеле аса күрделі ауру емес.

Синусит (Гайморит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:47 - (280 Оқылымдар)

Синусит – мұрын қуыстары жұқпаланатын немесе қабынатын ауру. Мұрын қуыстарының қосалқылары (синустар) – бассүйектің мұрын қуысымен жалғасатын, ауа кіретін қуыстар. Мұнда мұрын қуысына ағатын сілемей өндіріледі. Мұрынның бітелуі қуыстарды бітеуі мүмкін және ауырсынудың, жұқпаланудың пайжа болуына апаруы мүмкін.

Сілемей безінің қатерлі ісігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:41 - (146 Оқылымдар)

Сілемей бездері түтіктер арқылы ауыз қуысына сілемей аталатын сұйықтықты бөледі. Сілемей тамақты ылғалдап, шайналуы мен жұтылуын жеңілдетеді. Бұл жайлы қорытылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, сілемей ауыз қуысын тазартады, оың құрамында микробтармен күресетін антиденелер бар.

Шуылдың әсері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:39 - (131 Оқылымдар)

Маңайымызда шуыл көп: теледидардан радиодан, шөп шабатын немесе кір жуатын машинадан, т.с.с. әдетте бұл дыбыстар біздің естуімізге әсер етпейтін қауіпсіз деңгейде. Бірақ, тым күшті дыбыстар немесе олардың ұзақ уақыт бойы әсері зиянды болады. Олар ішкі құлақтың сезімтал құрылымын зақымдап, шуылдың әсерінен болатын естуді жоғалтуға апаруы мүмкін.

Шеткері артериялардың аурулары (ұстамалы ақсау, бітейтін атеросклероз, тромбангит)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 10:31 - (151 Оқылымдар)

Шеткері артериялардың аурулары – аяқты және аяқтың ұшын қанмен қамтамасыз ететін артериялардың қабырғаларын нығайтуға және тарылтуға апаратын дерттік жағдай.

Тамырлардың саңылауының тарылуы олардағы қан ағымының азаюына апарады, бұл нервтер мен тіндердің зақымдануын туындатады.

Шенлейн-генох қанталау бөртпесі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 08:09 - (229 Оқылымдар)

Шенлейн-Генох қанталау бөртпесі (геморрагиялық васкулит, тамырлық қанталау бөртпесі) – бұл теріде күлгін дақтар пайда болуымен, буынның ауырсынуымен, асқазан-ішек бұзылысымен және гломерулонефритпен (бүйректің шумақшаларының қабынуы (микротамырлардың шоғырлануы)) қосарланатын ауру.

Шаптың жарығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 08:03 - (147 Оқылымдар)

Шаптың жарығы – іш қуысының және жамбас қуысының ағзалары (ішек, үлкен шарбы, аталық без) шаптың каналы арқылы ішқуысының алдыңғы қабырғасынан тыс шығып тұратын жағдай.

Шаптың жарығы түрлі ауырсынудың (әсірес, дене ширығуында) сезілуімен шаптың аумағында томпаюдың білініп тұруымен көрініс береді.

Шаң кенелеріне аллергия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:57 - (221 Оқылымдар)

Шаң кенелеріне аллергия деп үй шаңында болатын аса ұсақ жәндіктерге аллергиялық серпін аталады. Шаң кенелеріне аллергияның белгілеріне түшкіру және мұрын ағуы/бітуі жатады. Көптеген адамдар шаң кенелеріне аллергия болғанда астманың (демікпе) ентігу және тыныс алудың қиындауы секілді белгілеріне де шалдығады.

Шаң кенелері – кене мен өрмекшілердің жақын тұқымдасы – олар аса шағын, микроскоппен ғана көруге болады. Шаң кенелерінің көптеген төсек жабдығында, жұмсақ жиһазда, кілемде мекендеуіне оңтайлы жағдай жасалады.

Үйдегі шаң кененің көлемін азайту шаралары көбінесе, аллергия симптомдарын бақылауға көмектеседі. Дәрілер немесе басқа емдеу әдістері астманың симптомдарын жеңілдету және барысын меңгеру үшін қажет болуы мүмкін.

Сепсистік артрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:54 - (114 Оқылымдар)

Бұл дегеніміз не? Сепсистік артрит (оны тағы да инфекциялық артрит деп атайды) буынның ішіндегі бактериалдық, вирустық немесе зеңдік инфекциядан туындайды.

Сепистік артрит инфекция қан ағымы жолдарымен таралып, буынға түскенде дамуы мүмкін. Сонымен қатар, инфекция буынға қасындағы жұқпаланған жарадан түсуі мүмкін.

Себореялық дерматит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:47 - (197 Оқылымдар)

Себореялық дерматит – терінің жиі кездесетін, қабыну ауруы. Бұл кезде шаштың түбіндегі, бет пен құлақтың май безі жақсы дамыған бөліктерінде ақ-сары тұстары болады. олар өзгермеген немесе қызармаған тұста пайда болуы мүмкін.

«Бесік телпегі» - сәбилерде себореялық дерматит кезіндегі бастың терісінің зақымдануын сипаттайтын термин.

Тілді таңдау