Адамның денесі симметриядық қасиеттермен қамтамасыз етілген: сол жақ білек, дәл оң жақ білектен аумайды; сол құлақтың көлемі - оң құлақтың көлемімен бірдей; екі көздің дәл ортасынан бөліп қарағанда адамның бір жақ денесі екінші жақ денесі бір-бірінің тұра көшірмесі секілді. Дегенмен, әр адамның мінсіз симметриядан шағын ауытқулары да кездесіп жатады.
Бет пен дененің айқын асимметриясы екі факторға баланысты болуы мүмкін. Олардың бірі - генетика. Адамда болатын генетикалық мутацияларының жалпы саны мутациялық жүктеме деп аталады. Әрбір адамның бойында белгілі бір генетикалық мутация санының болуы қалыпты болып есептеледі (орташа есеппен олардың бірнеше жүздегені анықталған). Алайда, кейбір адамдардың жоғары мутациялық жүктемесі бар, одан асимметрияның дамуы мүмкін.
Екінші фактор – экология болып табылады. Кейбір адамдар өсуі мен дамуы кезінде басқа адамдарға қарағанда жиі ауырады, жоғары сатыдағы паразиттік инвазияларға ұшырайды , жарақаттарға және қолайсыз экологиялық орта факторларына тап болып жатады. Мұның барлығы бет пен дененің асимметриясының дамуына әсер етеді.
Демек, симметрия мықты денсаулықтың белгісі болып табылады, адамның төменгі муациялық жүктемесі бар индикатор, ол қоршаған ортадағы жағымсыз әсер ететін факторларға ұшыраған немесе олардан денсаулығына аса зиян келтірмей қалыптасып алған деген сөз.
Алғашында дене симметриялары тартымды болуы мүмкін. Бірақ, мынаны есте ұстау керек, әйелдер саналы деңгейде симетриядан аздап ауытқуға қабілетті, ол, әрине, пайдалы дағдылар болып табылады, әсіресе асиметрияның фактоларын есептей келсе оның түрлерін бірден тану мүмкін емес.
Әйел дене симметриясының иісін ажырата ала ма? Бір ғылыми зерттеулерде ер адамдар екі түн бойы ақ мақталы футболкалар киіп жатты. Осыдан кейін футболкалар полиэтилен пакеттеріне тоғытылды. Содан кейін зертханада түрлі өлшеу құралдарын қолдану арқылы ғалымдар симметрияға байланысты бірқатар антропологиялық өлшеулер жасады. Атап айтқанда, білектердің айналасы, шынтақтың және құлақтардың айналасы бағаланды. Кейін, әйелдерден әр футболкалардың иісін бағалауы сұралды. Денесі тартымды ерлерге тән футболкалардың исі оларға тартымды болып сезілді, ал кез-келген дене асимметриялы қандайда бір ерлердің футболкаларының иісі оларға онша ұнай қоймады, тіпті кей біреулерінен жиеркеніп кетті. Бұл тұжырым төрт тәуелсіз зерттеуден кейін бекітілді.
Әйелдер овуляция кезінде симметрияны жақсы сезінеді, яғни, етеккір циклінің фазасы кезінде, ол кез нәзік жандылардың ұрықтануға бейім болып тұрған кезі. Бұл әйелдердің денсаулығы мықты және жоғары сапалы гендер жиынтығына ие ерлермен көбеюіне эволюциялық бейімделуі болуы мүмкін. Некесіз серіктес ретінде әйелдер, дене симетриясымен ерекшеленетін ерлерді таңдауға бейім келеді, бұл симметрияның сексуалдық тартымдылығының тағы бір маңызды дәлелі.