Ауыр жіті респираторлық синдромы (АЖРС, атиптік пневмония) – бұл вирустық респираторлық ауру. Әлемде АЖРС ауруына шалдыққан адам ең алғаш 2003 жылы Азияда тіркелді. Бұл вирус эпидемиясы тоқтатылғанға дейін, бүкіл әлемге бірнеше айдың ішінде таралып кеткен болатын.

АЖРС – ауруы адам өміріне аса қауіпті. Атиптік пневмонияның симптомдары мынадай болып келеді:
• Жоғары температура;
• Бас ауруы;
• Дененің ауырсынуы;
• Құрғақ жөтел;
• Пневминиясы (кейінгі кезеңдерәнде)

Қалай қарағанда да, атиптік пневмония сау адамдарға ауру адаммен жақын байланыс жасағанда жұғатын көрінеді. АЖРС дем алу арқылы беріледі. Вирусы бар адам жөтелгенде, немесе түшкіргенде вирустар түкірік немесе сілекей тамшыларымен өзге адамның көзіне, мұрнына, аузына тиіп инфекция таралады екен. Сондай-ақ: сүйіскенде, құшақтасқанда, тамақ немесе су ішетін ыдысты бірге қолданғанда, инфекцияланған адаммен жақын отырып сөйлескенде бұл вирустың жұғу қаупі басым байқалатыны белгілі болды.

Атиптік пневмония эпидемиясының шыққан жеріне саяхаттап барып жатсаңыз міндетті түрде гигиенаны қатаң сақтаңыз, қолыңызды жиі сабындап жуып тұрыңыз сонда ғана вирус жұқтырудың алдын аласыз. Қазіргі уақытта атиптік пневмониянға қарсы дәрі дәрмектер жоқ. Ғалымдар тестілеу мүмкіндіктерін қолдана отырып ауруға дауа болатын дәрілер мен екпе жолдарын қарастыруда.

Тегтер:
Атиптік пневмония
Пневмония
Ауыр жіті ресспираторлы синдром
SARS