Соңғы кезде Instagram және басқа да интернет-платформаларда басты кейіпкерлері күлкілі әрі сүйкімді жануарлар болып табылатын бейнероликтер көбеюде.
Мұндай бейнероликтер неліктен көп және адамдар не үшін оларды көруге құмар келеді? Біз жауабын тапқандаймыз.
Жануарлар жайлы бейнеролитер қарап уақытын жұмсайтын адамдар біз ойлағандай жалқау емес екен, керісінше ақылды болса керек. Мұндай бейнероликтер көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, мидың белсенділігін арттырады екен.
Осыдан бірнеше жыл бұрын 7000-нан астам адамның қатысуымен болған зерттеудің қорытындысында сүйкімді мысықтар жайлы бейнероликтерді көрген адамдардың жігері артып, жағымсыз жағдайларды еңсеруге қабілеті артқан көрінеді. Ал 3 минуттық еноттар жайлы бейнероликтерді көрген адамға жұмыстың қызған уақытында бір сергіп алуға берер әсері бір шыны-аяқ кофеден кем емес екен. Кофеқұмарлардың құлағына «алтын сырға»!
Дегенмен, әлі күнге ғалымдар жануарлар жайындағы видеоларды ғылыми теория деп санауға бола ма жоқ па деген пікірталаста. Зерттеушілердің бір тобы бұл жерде бейнероликтердің өзі сондай маңыздылығы жоқтығын алға тартады.
Ең бастысы, бұл жерде адамның қажетінде позитивті нәрсеге көңіл бөлуі, өзін жақсы сезінуі және соған өзін-өзі сендіруінде.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.