Жүктелуде...
 

Кейде бастың ауырғаны, қақсауы басқа да сырқаттың бар екендігінің белгісі болуы әбден мүмкін

Кейде бастың ауырғаны, қақсауы басқа да сырқаттың бар екендігінің белгісі болуы әбден мүмкін

translator сәрсенбі қазан 10, 2019


06 10 2019

Сіз үйде отырып-ақ бас ауруын емдеудің тәсілдерін істеуіңізге болады. Бұл амалдар әсіресе бас сақинасы ауруын (мигрень) және қатты бастың қақсауын емдеуге қолайлы.

Бас сақинасы ауруының белгілері байқалса:

• Су ішіп, аузыңызды құрғақтатпаңыз, әсіресе құсқыңыз келгенде
• Тыныш, қараңғы бөлмеде дем алу керек
• Басыңызға суық компресс қоюға болады
• Өзіңіз білетін кез келген релаксацияның техникасын қолданыңыз

Егер күнделік ашып бас ауруыңыздың себебін жазып отырсаңыз, ол басыңыздың неден ауыратынын анықтауға септігін тигізеді. Басыңыз ауыра бастағанда:

• Ауыра бастаған күнін, уақытын
• Соңғы 24 сағатта (тәулікте) не ішіп, не жегеніңізді
• Қанша, қалай ұйықтағаныңызды
• Бас ауырғаны қанша уақытқа созылғанын және қалай, не себептен қақсағаны қойғанын жазып қойсаңыз болады

Күнделігіңізді емдеуші дәрігермен бірге отырып талқылап, себебін анықтап алып ары қарай қалай ем қабылдаудың жоспарын жасауға болады. Аурудың себебін білу сізге көп көмегін тигізеді.

Егерде дәрігер Сізге дәрі-дәрмек жазып берсе оны міндетті түрде нұсқамасына сәйкес қолданыңыз. Басыңыз ауырғанда ацетаминофен, аспирин немесе ибупрофен дәрісін қолдануға болады. Дәрігердің кеңесімен Сіз ауырсынуды басатын дәріні 3 күн немесе бір апта қолданып көріңіз.

Қай кезде дәрігерге қаралу керек

Кейбір бас аурулары одан да қауіпті аурулардың белгісі болуы әбден мүмкін. Қандай кез болса да, өз уақытында кешіктірмей медициналық емге жүгінген дұрыс:

• Бұл бірінші рет немесе алғашқы бас ауруы ол Сіздің күнделікті тіршілігіңізге кедергісін келтіреді.
• Бас ауруының ұстамасы, талмасы аяқ астынан болуы мүмкін.
• Аталмыш бас ауруының ұстамасы өте қауіпті.
• Бас ауырғанымен қоймай Сіздің сөйлеу мәнеріңіз өзгереді, тілдің күрмелуі, көру қабілетіңіз күрт төмендейді, қолыңыз бен аяғыңыз да қимылдамай қалуы мүмкін, өзіңізге ие болмай, ойлау қабілетіңіз нашарлап, есте сақтау қабілетіңізден айырыласыз.
• Соңғы 24 сағатта бастың ауырғаны жиелейді
• Бұлшықет ауырып, қалтырап, жүрегіңіз айнып құсасыз.
• Бастың ауырғаны бір себептермен жарақат алғанда болуы мүмкін.
• Интенсивті бас ауырғанда бір көзіңіздің айналасы қызарады
• Сіздің ауырыңыз жиеленуі мүмкін, әсіресе 50-ден асқанда
• Ас шайнағанда бас ауырса
• Сізде бас ауруының басқа түрі пайда болса және отбасыңыздың мүшелерінде болса

Келген емдеуші дәрігерден не күтуге болады

Дәрігер Сіздің ауру тарихын қарап, себептерін анықтайды. Басыңызды, көзіңізді, құлағыңызды, мұрныңызды, тамағыңызды қарап, нерв жүйеңізді тексереді. Емдеуші дәрігер Сізге көп сұрақтар қоятын болады. Сараптама негізінде аурудың белгілерін анықтаған соң ем қабылдайды. Аурудың диагностикасы үшін тағайындалатын болады:

• Қан анализі немесе жұлын пункциясы (инфекция белгілері болған жағдайда)
• Бас ауруымен қатар өзге де симптомдар анықталған жағдайда КТ немесе МРТ
• Мұрын қуысының рентгені
• Компьютерлік немесе МР-ангиография




Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау