D дәрумені басқа дәрумендерге қарағанда әлдеқайда көп болып келеді. Ол гормон ретінде әрекет етеді және шамамен 2000 геннің жұмысын бақылайды (ағзаның барлық гендерінің шамамен 10% -ы). Сондықтан олармен ағзаңыздың қамтамасыз етілуі өте маңызды. D дәруменінің белгілі функцияларының бірі оның кальций метаболизміндегі рөлі. Ол организмге тағам өнімдері мен тағамдық қоспалардан кальций сіңіреді (сүйек тіндерінің және тістердің негізгі құрылымдық компоненті). D дәруменін аз мөлшерде қабылдайтын адамдардың сүйектері сынғыш келеді, олардың сүйектері нәзік әрі жұқа болады. Бұл жағдай балаларда кездессе, оны рахит деп атайды, ал ересектердегісін – остеомалия дейді.
D дәрумені ағзаға басқа да жағынан қажет. Ол бұлшықеттердің жиналуы үшін де керек, жүйкеге мидан дененің басқа бөліктеріне импульстарды жіберу үшін және бактериялармен, вирустармен күресу үшін иммундық жүйеге белгі беру үшін де қажет. D дәрумені кальциймен бірлесе отырып ересектерде кездесетін остеопороздан қорғайды.
Құрамында D дәрумені бар табиғи өнімдердің барлығы дененің дәруменге деген қажеттілігін толығымен қамтамассыз етуге қабілетсіз. D дәруменін ең көп беретін табиғи өнімдер майлы балықтар, мысалы, арқан балық, тунец, скумбрия, маркель секілді балықтар. Сиыр бауыры, ірімшік, жұмыртқаның сарысында да D дәрименінің айтарлықтай мөлшері қамтылған. Саңырауқұлақтар да D дәруменінің негізгі көзі болып табылады. Жақында дүкендерде пайда болған кейбір саңырауқұлақтар ультракүлгін сәуле арқылы қосымша дәруменге ие болуда. Қазіргі уақытта нарықта D дәруменімен байытылған өнімдер жетерлік. Дамыған елдердегі барлық сүт өнімдері D дәруменімен 4 центнерден (шамамен 950 мл) мөлшерде байытылған. Бірақ басқа сүт өнімдері (ірімшік, балмұздақ) әдетте ондай болмайды. D дәруменін сондай-ақ, апельсин шырынынан, йогурттан, маргарин және соя сусындарының кейбір түрлерінен де алуға болады; азық-түлікті аларда жапсырмаларға назар аударыңыз.
Сарапшылар тамақ құрамында D дәруменінің 5-10% -ы ғана болатынын анықтады, өйткені онда құнарлылық көп болмайды. D дәруменінің негізгі көзі деп – күнді де айтуға болады. Ультракүлгін сәулелердің (УК) әсерінен 7-дегидроколестеролдан теріде синтезделеді. Ағзаны D дәруменімен қамтамасыз ету үшін дененің кейбір жерелерін (бет, қол, аяқ) ашық күннің астында күнделікті 15-20 минут бойы ұстау керек. Сонымен бірге ультракүлгін сәуле шығарудан қорғайтын тері кремдерін қолданбаған абзал. Күнге күйю қауіпсіз, себебі 15-20 минуттың ішінде дене қатты күйіп кетуі мүмкін емес. Әйнектен өтетін күн сәулесінен D дәрумені бөлінбейді, өйткені әйнек УК сәулелерін өзіне сіңіреді. Бұлтты күні, көлеңкеде және қараңғыда тері D дәруменін ала алмайды.
Күннен қорғанатын, немесе күннен қорғайтын крем пайдаланатын адамдар тағамдық қоспалардан немесе дәрі-дәрмектерден D дәруменінің қосымша көздерін алу жағын қарастыруы керек. Дәрілер мен олардың мөлшерін дәрігерлер ағзадағы D дәруменінің деңгейіне қарап тағайындайды.
D дәруменінің қолданылуын пайдаланушының жасына қарап белгілейді. Тамақ өнімдері және тамақтану бөлімінің (сарапшылар тобы) ұсынған орташа тәуліктік доза әртүрлі жастағы адамдарға халықаралық өлшем бірлігі бойынша көрсетілген:
Жас мөлшері бойынша | Ұсынылған саны |
Туғаннан бастап 12 айға дейін | 400 ХБ (халықаралық бірлік) |
1-13 жастағы балалар | 600 ХБ |
14-18 жастағы жасөспірімдер | 600 ХБ |
Ересектер 19-70 жас | 600 ХБ |
71 жастан жоғары қарт кісілер | 800 ХБ |
Жүкті және бала емізетін әйелдер | 600 ХБ |
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.