Жүктелуде...
 

Зерттеулер – адамның бала кезінде асқазан-ішек жолдары ауырса, онысы өскенде психикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін

Зерттеулер – адамның бала кезінде асқазан-ішек жолдары ауырса, онысы өскенде псхикалық денсаулығына әсер етуі мүмкін

translator сәрсенбі мамыр 2, 2019


Malchik Zadumchivyy

Зерттеуді (АҚШ-тың) Колумбиялық университетінде ғалымдар жүргізген. Мұны Development and Psychopathology журналына сілтеме жасай отырып Science Daily порталы хабарлады. Аталмыш ақпаратта, егер бала нашар жағдайда өссе, ол басынан ауыр күйзелістік жайттарды өткізуі мүмкін, сол кезде оның асқазан-ішек жолдары (АІЖ) зақымдалады, онымен қоса, өсе келе психоэмоционалдық салада қиындықтарға тап болуы да ғажап емес екені айтылған. Ата-аналардың ажырасуы немесе олардың өмірден озуы, басқа да отбасылық проблемалар немесе сол секілді кез-келген жағымсыз жайттардың салдарынан ішек микробиумына зиян тиеді және ол адамның есейген кезінде миы мен мінез-құлқына әсер етуі мүмкін.

Зерттеу авторы Колумбия университетінің психолог, профессор Ним Тоттенхем: «Балалар көп жағдайда асқазандарындағы жайсыз жайттарды немесе қатты ауырғанын айтып келіп жатады. Дәрігерлер біздің талдауларды ескере оытырып, іші ауруп келіп жатқан балаларға немқұрайлы қарамау керек», - дейді ғалым.

Ғалымдар ішек пен мидың арасындағы байланысты бұрынырақта байқаған. (ІТС) ішектері тіртіркену синдромы бар ересектердің жартысына жуығы бала кезінде жарақат алғандар, не болмаса зорлық-зомбылыққа ұшырағандар.

«Ересектердегі асқазан-ішек жолдары мен психикалық жағынан зардап шеккен түрлі жарақаттардың әсері жақсы зерттелген. Балалардағы осындай процестердің қалай болғаны туралы зерттеулер өте сирек кездеседі. Біздің жұмыс ерте жастағы қолайсыз жағдайлардан туындаған баланың ішек микробиумы мен эмоционалдық денсаулығына жауап беретін ми аймағының белсенділігі арасындағы бұзылулар арасындағы байланысты көрсетудің алғашқысы болып табылады», - дейді зерттеудің басты авторы Бриджет Каллагэн.

Бұрын жануарларға жасаған тәжірибелерде ішек микробиумындағы өзгерістер – бактериялар қауымдастығының әртүрлі болып түрленуінен, ас қорыту жүйесінен жүйке жүйесіне дейінгі қатынастарған әсер ететіндігі белгілі болған. Зерттеу барысында ғалымдар ауыр психоәлеуметтік отбасындағы және асырап алынған балалардың дамуын қадағалады. Баланың ата-аналардан бөлінуі психикалық денсаулық проблемаларының күшті предикторы болып табылатыны белгілі болды.

Зерттеушілер шамамен 2 жасқа дейінгі балалар үйінен асырап алынған отбасылардағы 115 баланың және ата-анасымен бірге тұратын 229 баланың деректеріне сүйенді. Бала кезінде нашар күтім жасаған балаларда іш ауырсыну, іш қату, құсу және жүрек айнуы сияқты белгілер жиі кездескен. Содан кейін ғалымдар 7 жастан 13 жасқа дейінгі әрбір топтан сегіз баланы таңдады, олардың мінез-құлқы туралы ақпарат жинады, қажетті сынақтарды алды және мидың суретін зерттеді.

Зерттеуде екі топтағы балалардағы ішек микробиумы бойынша айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Ми сканерлеуде ми қызметінің кейбір бактериялармен қалай байланысатыны анықталды. Мысалы, ата-аналарымен бірге тұратын балаларда эмбриондарды реттеуге көмектесетін префронтальді қабықтың жұмысымен байланысты ішек бактерияларының саны көп болып тіркелді.

«Қорытынды тұжырымдарды шығару әлі ерте, бірақ біздің зерттеулеріміз қолайсыз жағдайлардан туындаған ішек микробиумындағы өзгерістер эмоцияларды өңдеуге жауапты ми бөліктерінің функциясымен байланысты екенін көрсетеді», - деп атап өтті профессор Ним Тоттенхэм.

Зерттеушілердің айтуынша, арнайы диеталар мен пробиотиктерді қолдану ішек микробиомасына жағымсыз әсер етуі және теріс факторлардың орталық жүйке жүйесіне әсерін төмендетуі мүмкін.




Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау