Жүктелуде...
 

Алмаз Шарман: COVID-19 пандемиясы және мені мазалайтын сұрақтар…

Алмаз Шарман: COVID-19 пандемиясы және мені мазалайтын сұрақтар…

translator Сәрсенбі желтоқсан 16, 2020


Shutterstock 1701098551

Біз бір жылдан бері бұрын-соңды болмаған пандемия жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Егер коронавируспен қарттар емес негізінен жастар шалдықса, қоғамның көзқарасы қалай өзгерер еді деген сұрақ мені қызықтырады. Неліктен жастардың көбісі өз денсаулығына және басқа адамдардың тағдырына немқұрайлы қарап, маска тақпайды? Пандемия біткен кезде біздің балаларымыз қандай әлемде өмір сүрмек?

Мына пандемия адамдардың жеке мінез-құлқына кері әсерін тигізгені сөзсіз. Дегенмен, көп нәрсе адамның болып жатқан жағдайды өзіне қатысты қабылдап, қарауында. Кейбір жастардың «менің жасым 25-те, денсаулығым мықты, мінез-құлқымның маған және ата-анама қандай да бір түрде әсер етуіне себеп жоқ» деп ойлауы мүмкін. Егер бұл маған қатысты болмаса, онда мен үшін бәрібір. Мысалы, егер менде қант диабеті немесе гипертония болмаса, онда мен неге маска тағу керекпін деп алаңдауым керек? Жеке маған ештеңе қауіп төніп тұрған жоқ қой? Мұндай мінез-құлық адамның табиғатында бар, бірақ бұлай пайымдау жақсылыққа әкелмейді.

Менің ойымша, бұл өмірге деген дұрыс көзқарас емес. Адамдарға өзгелерге қамқорлық жасау қажеттігі туралы түсінікті ұқыптау керек. Өз мінез-құлқының басқаларға қалай әсер ететіндігі туралы сананы қалыптастыру маңызды. Көп адамдар бұрынғысынша масканы айналасындағыларды қорғау мүмкіндігі деп емес, бір жеке қорғаныс құралы деп санайды. Маска тағып жүру – бұл қоғамда эпидемияның таралуына қарсы тұру мүмкіндігі болып табылады. Сондықтан, жақындарыңызға және айналаңыздағыларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты көрсету керек екендігін түсіндіру маңызды.

Дегенмен, адамдарды өздерін қорғау үшін маска тағып жүруге көндірудің, оларды сендірудің өзі өте қиын. Мені таң қалдыратыны, неге осыған қатысты көптеген даулар туындап жатады? Түсінемін, егер бизнесті немесе мектептерді жабу мәселесі болса, ол жағдай өте күрделі. Ал адамдарды маска тағып жүру керектігін ұқтыру неге соншалықты қиын?

Көптеген елдерде маска тақпағаны үшін қатаң жазалар қарастырылған. Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктерінде маска тақпау қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналып, мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұл шамамен 1000 долларды құрайды.

Егер біреуді бірдеңе жасауға мәжбүр етсе немесе бірдеңе үшін жазаласа, онда кері нәтижеге жетуге болатыны белгілі. Солай болса да біздің көпшілігіміз өз денсаулығымызды сақтау қажеттігін елемей, маска тақпай жүреміз. Неліктен? Міне, осы сұрақ мені тығырыққа тірейді. Адамдарға қазіргі жағдайдағы маска тағып жүруді жақындарымызға біз өмір сүріп жатқан ортаға деген сүйіспеншілікті, үлкен құрметті білдіретіндігін ұғындыра алсақ көп нәрсе өзгерер еді.

Осы арада Тайвань, Жапония және Сингапур азаматтарының 95 пайызға жуығы маска тағып жүретіндерін айта кеткен жөн. Бұл халықтардың мәдениетінде аға ұрпаққа құрметпен қарау, қамқорлық таныту ерекше қалыптасқан. Нәтижесінде, бұл аталған елдерде коронавирустан өлім-жітім мен инфекция жұқтыру деңгейі өте төмен. Сондай-ақ, бұл елдерде экономиканың негігі секторлары бұрынғыдай жұмыс істеуде. Осылай біздің азаматтарымыздың 95 пайызы маска тағып жүретін болса, мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалуға болар еді.

Мені пандемия біткен соң біздің балаларымыз қандай қоғамда өмір сүреді екен деген сұрақ алаңдатады. Олардың өмір сүретін ортасы қаншалықты әділетті болар екен?

Көптеген адмдар үшін мына пандемия үлкен сынақ болды. Адамдардың мінез-құлғына, психологиясына жайсыз әсер етті. Бұл әсіресе балаларға қатысты. Сонымен қатар, мұндай үлкен өзгерістер көбімізд табандылыққа үйреткендей. Мұны бұлшықет жаттығуларын жасаумен салыстырса болады. Спорт залындағы жаттығулардан соң, ауыртпалықтарға қарамастан бұлшықеттер ақыр соңында әжептеуір қатая түседі. Менің ойымша, пандемия көптеген балаларға адами қабілеттерін кеңірек ашуға мүмкіндік беріп, қиындықтарға дайын болуға үйреткен сыңайлы.

Біздің балаларымыздың қаншалықты берік және төзімді болуы, қазіргі пандемия жағдайында өз-өзімізді бақылауға алып, алдағы қауіптерге дайын болуымызға байланысты. Мұндай жағдайда неліктен кейбір адамдар тығырықтан шыға алмай, ал басқалары болса керісінше күшейе түседі? Не себептен адамдар қазіргі жағдайда пандемияны әрқалай бастан кешіруде? Мұның барлығы бастапқы жағдайдағы қолдағы бар қаржының жетімділігіне байланысты. Егер көпшіліктің жағдайы ауыр болып, қаржы тапшылығы орын алса, онда пандемия ахуалды ушықтырары сөзсіз. Біз кедейлікпен әупірімдеп күн кешетін адамдар көп болатын және кез келген осындай сынақтар оларға үлкен қауіп төндіретін әлемде өмір сүрмеуіміз қажет.

Адам баласы жаратылысынан өзге де қауымдастық мүшелерімен бірлесіп, басқа түскен қиындықтарды жабыла жеңу үшін бейімделген. Қазіргі жағдайдағы маска тағу, эпидемияға қарсы қажетті шараларды ұстану – жақындарыңыз бен басқаларға деген қамқорлық пен жанашырлықтың көрінісі болып табылады.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау