Жүктелуде...
 

Коронавирустық эпидемия кезінде адамдармен қалай араласамыз

Коронавирустық эпидемия кезінде адамдармен қалай араласамыз

translator жексенбі маусым 21, 2020


3

Елде карантиндік шаралардың жеңілдеуіне байланысты салтанатты іс-шаралар, еске алу кештері және басқа да бас қосулар қайта жандана бастады. Жақында мені көптеген қатысушылармен өтетін форумда сөз сөйлеуге шақырған болатын. Мен оны видеоконференция форматында өткізуге бола ма деп сұрадым. Олар жеке қатысуымды талап ете бастаған соң, мен сыпайы түрде бас тарттым.

Жалпы, мен қандай да бір адамдар көп жиналатын орындарға, іс-шараларға бармауға тырысамын. Жеке кездесулердің орнына мен Whatsapp, Skype, Zoom арқылы сөйлескенді жөн санаймын. Сайып келгенде, көптеген мәселелерді ұялы телефон арқылы шешуге болады емес пе?

Алайда, біз жақындарымыз бен достарымызды әбден сағындық, оларды үйде көргіміз келеді. Сонымен бірге көптеген адамдарға үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мастерді шақыру қажет, басқалары болса балаларды қарауға туыстарына немесе бала күтушінің қызметіне жүгінбек. Үйге адам шақыру коронавирусты жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін. Біз мұны жақсы түсінеміз. Енді не істесек болады?

Біріншіден, сіз үйіңізге келетін адамдардың кім екенін, олар өздерінің денсаулығына және айналасындағылардың қауіпсіздігіне қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынын, және де қанша адам келетінін нақты білуіңіз керек. Әлбетте, адамдар көп болған сайын, қауіп-қатер жоғары болады.

60 жастан асқан және созылмалы ауруларға шалдыққан адамдарда вирусты жұқтыру қаупі жоғары болады. Сондықтан сақтық танытқан жөн. Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды немесе коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдары бар адамдардан мүлде аулақ болуыңыз керек.

Бұл жерде маңыздысы – қонақтардың немен және қалай келетіні. Егер олар өздерінің автокөліктерімен келсе, онда қауіп аз. Ал егер қонақтарыңыз қоғамдық көлікпен немесе басқа қаладан ұшақпен ұшып келсе – бұл жерде қауіп жоғары болмақ. Үйге қонақтарды қабылдаған кезде сақтық шараларын ұмытпаңыз: ара-қашықтықты сақтауға тырысыңыз және ауық-ауық заттардың үстін дезинфекциялық ертінділермен сүртіп тұрыңыз.

Көптен көрмеген туыстарымызбен және достарымызбен кездескенде, мауқымызды басып оларды құшақтағымыз келетіні рас. Ал енді мұны қазіргі жағдайды ескере келе, қалайша қауіпсіз болатындай құшақтауға болады?

Гонконгтың эпидемиологтары математикалық модель құрап шығарып, соның негізінде олар бірқатар пайдалы ұсыныстар жасаған болатын.

Мүмкіндігінше көшеде кездесіп, сонымен қатар маска киіп және киімді бетіңізге тигізбеуге тырысқан жөн. Жөтелі бар немесе вирустың белгілері байқалған адамдармен құшақтаспаңыз.

Құшақтасу кезінде олар бір-бірінің көздеріне немесе бір бағытқа қараған кезде, шығарылған ауа бір тыныс аймағында таралады. Бұл коронавирусты жұқтыру қаупін айтарлықтай арттырады.

Сондықтан да, құшақтасу кезінде қарама-қарсы жаққа қараған жөн. Масканы дұрыс киіп, сонымен қатар бір-біріне беттерін тигізбеу маңызды.

3

Кішкентай бүлдіршіндермен жолыққанда, олар бізді бел деңгейінде құшақтағандары жөн болады. Мұндай жағдайда абзалы баладан бұрылып теріс қарау. Бұл жұқтырғыш тамшылардың тікелей түсу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

4

Егер сіз балаңызды сүйгіңіз келсе, басының арт жағынан иіскгеніңіз дұрыс. Вирус киімге түсу мүмкін. Сондықтан да кездесуден соң киімді ауыстырып , қолды жақсылап жуған дұрыс.

5

Құшақтасу кезінде демді барынша іште ұстаған жақсы. Бұлай істеуге әбден болады, өйткені құшақтасу әдетте 10 секундтай уақыт алады. Осыдан соң 2 метр қашықтықты сақтау қажет. Сондай-ақ, сүюге және көзге жас алуға мүлде болмайды. Сілекейде сияқты, көз жасында да вирустық бөлшектер болуы мүмкін.

Коронавирустық эпидемия кезінде кез-келген байланыс, қарым-қатынас сақтық пен парасаттылықты талап етеді. Коронавирустың таралуына жол бермеу – мына өзімізден басталмақ. Біз бәріміз өзімізді індетті жұқтырғандай сезініп, жақындарымыздың және өзгелердің өмірін сақтап, оларға еш жұқтырмауымыз керек деген түсінікпен қабылдауымыз қажет.

Ол үшін көпшілік жиналған жерлерден бас тартып, міндетті түрде маска киіп және жиі қолымызды сабындап жуып тұруымыз керек. Егер құшақтасуды шешсеңіз, жоғарыда айтылған сақтық шараларын орындағаңыз абзал.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау