Жүктелуде...
 

Балалардың көз аруларымен күресу жолындағы кеңестер

Балалардың көз аруларымен күресу жолындағы кеңестер

translator Сәрсенбі мамыр 27, 2020


18 05 2020

Сізге балаңыздың көру қабілетінің бұзылғанын білу әрине өте ауыр, алайда бақытымызға орай, балалардағы көз ауруларының көпшілігі ерте жастан диагноз қойылатын болса, оны тез емдеуге болады. Бұлай болудың себебі балалардың көзі мен миы жақсы бейімделеді екен. Сізге үш түрлі ауру жайлы айтып бермекпін: олардың неліктен дамитынын және қалай емдеуге болатынын.

1. Көз жасы өзекшесінің бітеліп қалуы

Пайда болу себептері: Әдетте, сіздің балаңыздың көз жасы қабақтарының ішкі бұрышындағы орналасқан кішкене тесіктен мұрынға ауысатын өзекшеге ағады. Алайда, мембрананың дұрыс ашылмағандығына байланысты көз жасы өзекшелері бітеліп қалса, онда жиналған жас бетке қарай ағады. Сәбидің қабақтары қызарады да, сары-жасыл бөлінділер олардың жабысуына әкеп соғады.

Не істеу керек: Көбінесе көз жасы өзекшелерінің бітелуі нәресте 1 жасқа толғанға дейін өздігінен кетеді. Сіз көз жасы өзекшелерін ашық күйде ұстау үшін үй жағдайында жеңіл массаж жасай аласыз. Сіздің педиатрыңыз уақытша ем ретінде бактерияға қарсы көз тамшысын немесе бөлінділерге арналған жақпа майын тағайындауы мүмкін.

Егер де нәрестеңіздің туғаннан кейін көз жасы өзекшелері әлі де жабылып тұрса, онда дәрігер сізге оларды ашуға арналған кішкене амбулаториялық операция ұсынуы мүмкін. Кейде мәселенің қайталанбауы үшін түтік немесе стент имплантацияланады.

2. «Жалқау көз»

Халық арасындағы «жалқау көз» деп айтылатын бұл көз кемістігі бір көздің көру қабілетінің нашарлау екенін білдіреді (дәрігерлер мұны амблиопия деп атайды). Пайда болу себептері:

  • Қылилық (страбизм). Бұл жерде ми екі жақты көруді болдырмау үшін әлсіз көздің жұмысын бұғаттайды. Уақыт өте келе бір көз кішкентай заттарды «көру» мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін.
  • Алыстан нашар көрушілік, қырағылық (алыстан көргіштік) немесе астигматизм. Көруді түзетудің бұл мәселелері мидың бір көзден анық көрініске артықшылық беретіндігіне әкелуі мүмкін.
  • Бұлыңғырлық. Бұған себеп бұлдыр қабақ немесе көз жанары, сонымен қатар көздің ішкі торы мен көру нервісіндегі мәселелер.


Не істеу керек: «Жалқау көзді» емдеу үшін дәрігер әлсіз көздің көру қабілетін жақсарту мақсатында, көз пластырін киюді және көз қарашықтарын кеңейту үшін тамшыларды пайдалануды ұсынуы мүмкін. Көзілдірікті тағу да кейде әлсіз көзге дұрыс көруге көмектеседі.

Сіздің педиатр-офтальмологыңыз жағдайға байланысты көздің дұрыс туралануы немесе көз қабағы мен көз жанарын бұлыңғырлықтан арылту үшін хирургиялық араласуға ұсыныс жасауы мүмкін.

Көп жағдайда амблиопия – бұл емделінетін дерт, балаға диагнозды ертерек қойса, тіптен тез жеңуге болады.

Ең жақсысы 8 жасқа дейінгі балаға емдеу неғұрлым тез жүргізілсе, соғұрлым көру қабілеті дұрыс қалыптасады. Алайда, дәрігерлер ересек балаларға да емделуге жәрдемдеседі.

Қыликөздікпен ауыратын балаларға хирургиялық әрекеттер мына төменгі көрсетілген жағдайда керек болады:

  • Олардың көздері үнемі немесе көбінесе ішке және сыртқа қараса. Операция көзді түзеп, олардың бірдей көруіне көмектеседі.
  • Оларда көзілдірік киген кездегі қылилықтың қалдықтары сезіледі.


Көздің қозғалысын көз бұлшықеттері емес, ми басқарғандықтан кейбір балаларға қосымша емдеу әрекеттері қажет болады.

3. Катаракта

Бұл не: Көз жанарының бір немесе екі көзде бұлыңғырлануы. Әдетте, балалар арасындағы катаракта келесі себептердің бірімен байланысты дамиды:

  • Генетика. Шамамен балалардағы катарактаның үштен бірі ата-аналарының біреуінен мұра еткен геннің әсерінен болады. Сонымен қатар, бұл белгілер ата-аналарда пайда болуы да, болмауы да мүмкін.
  • Көздің жарақаттары. Бұлыңғырлану қабынудың немесе жарақаттың нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
  • Аурулар. Метоболикалық, қабыну және жұқпалы аурулар (қант диа-беті, галактоземия сияқты) катарактаға себепші болуы мүмкін.
  • Дәрі-дәрмектер. Белгілі бір препараттарды ұзақ уақыт қолдану (мыса-лы, стероидтарды) катарактаға әкелуі мүмкін.


Не істеу керек: Егер де катаракта балаңыздың көру қабілетін нашарлатса, онда көз бұршағын хирургиялық жолмен алып тастау керек

Көз бұршағын имплантацияланған жасанды интраокулярлық линзамен (ИОЛ) ауыстыруға болады. ИОЛ ересектердегі катарактаны да емдеуде қауіпсіздік пен тиімділік деңгейіне жеткені соншалық, оны педиатр-офтальмологтар үлкен жастағы балаларды емдеу үшін де қолдана бастады.

Көзілдірік балалардың көру қабілетін түзете алатындығына қарамастан (немесе контактілік линзалар егер баланың жасына сәйкес болса) имплантаттар табиғи өлшемдегі анық көріністерді береді.

Балаларда катаракта өте сирек кездеседі. Сонымен бірге, егер ол ерте жаста балаларда диагноз қойылып, емделетін болса, көру болжамы жақсы болуы мүмкін.

Сіздің педиатрыңыз балаңыздың көру қабілетін білу үшін емшек еметін жастан бастап тексереді. Егер балаңызда көз ауруларының себептері байқалса, онда балаңызды әрі қарай тексеріп, емдеп, ары қарай педиатр-офтальмологқа жолдама береді.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау