Жүктелуде...
 

Қандай жағдайда коронавирус адамдарға жұғады?

Қандай жағдайда коронавирус адамдарға жұғады?

translator жексенбі сәуір 12, 2020


вирус

Мынадай мысал кертірейін, ауру жұқтырған адам есік тұтқасын ұстаған кезде вирус жабысып, келесі тұтқаны ұстаған адамға алақанына мезетте жұғады.

Коронавирус өміршең келеді, ол мыс бетінде 4 сағат, картон бетінде – 24 сағат, пластмасса және темірдің бетінде – үш тәулік бойы сақталады.

Сондықтан алғашында алақанға жабысқан коронавирус адамның қолымен көз, ауыз және мұрынды ұстаған кезде ішкі ортаға таралады.

Заражение и болезнь5

Тыныс алу жолдары арқылы өкпенің тініне өзінің қармауыштарының көмегімен жайылады. Олар бір ерекше кілттердің міндетін атқарады. Ал оларға адам ағзасында құлыптар бар.

Ол өкпенің тінінде ACE2-рецепторлары деп аталатын арнайы ақуыздар. Құлыпты ашқан коронавирус жасуша ішіне енеді.

Заражение и болезнь10

Онда ол енді адамның геніне өзіне ұқсас коронавирустарды шығаруға нұсқаулық етеді.

Заражение и болезнь7

Вирустар паразиттер болып табылатынын жәнен олар өз бетінше тіршілік жасай алмайтынын ескерте кеткен жөн.

Осындай жолмен вирус жұқтырған адам ауру тудыратын миллиондаған жаңа коронавирусты шығаратын «фабрикаға» айналады.

Заражение и болезнь8

Коронавирустар адам ағзасына ауа өтетін жолдар арқылы кіреді де, өкпенің төменгі жақ бөлігіне жайылып, онда орналасқан жасушаларды үлкен мөлшердегі коронавирус өңдейтін «фабрикаға» айналдырады.

Заражение и болезнь

Мұның барлығы ақыр соңында жасушалардың тез тозуына, тіпті өліміне алып келеді. Осылайша өкпе тіні коронавирустық инфекцияның жайылуына басты себепшісі болып табылады.

Өкпенің өлі жасушалары ауа өтетін жолдарға жинала бастайды да, біздің ағзамыз олардан құтылуға талпынады. Бұл жөтелу арқылы шығады.

Заражение и болезнь2

Ал адам жөтелгенде, ол үлкен мөлшердегі коронавирустарды қамтитын өлі жасушаларды таратады.

Бір қызығы, науқас адам өзін жақсы сезіну үшін жөтеледі, бірақ бұл жөтелмен бірге шыққан вирустар әрі қарай өсіп-өніп, басқа адамдарға жұғады. Сонда бұл жерде науқас еріксіз түрде себепші болып отыр.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау