Жүктелуде...
 

Компьютер алдында сағаттап отырасыз ба? Онда мына жайттарды ескергеніңіз жөн!

Егер мойынның ұюы, арқаның сіресіп қалуы, көздің қандай да бір заттың тұрғанын сезінуі және оң қолдың мұздауы сіздің әдеттегі жұмыс күніңізде болатын белгілер болса – онда сіз компьютерлік буынның классикалық өкілісіз деген сөз. Бірақ, бұл сіз компьютермен жұмыс істегенде оның жағымсыз салдарына шыдамдылық танытып келісу деген сөз емес. Ахуалды қалай өзгертеміз?

Компьютер алдында сағаттап отырасыз ба? Онда мына жайттарды ескергеніңіз жөн!

translator жексенбі желтоқсан 15, 2019


14 12 2019

Егер мойынның ұюы, арқаның сіресіп қалуы, көздің қандай да бір заттың тұрғанын сезінуі және оң қолдың мұздауы сіздің әдеттегі жұмыс күніңізде болатын белгілер болса – онда сіз компьютерлік буынның классикалық өкілісіз деген сөз. Бірақ, бұл сіз компьютермен жұмыс істегенде оның жағымсыз салдарына шыдамдылық танытып келісу деген сөз емес. Ахуалды қалай өзгертеміз? Талдап айтып көрелік.

Көру

Тіпті заманауи монитордың өзі сіздің көзіңізді қорғай алмайды. Біз көз алмай экранға қараған кезде көз бұлшықеттері шаршайды, ал көздік мүйізгек қабағы аз-аздап құрғай бастайды – міне осыдан көз шаршап және көздің күйдіру сезімі орын алып жатады. Мұнымен қалай күресеміз?

Күніне бір рет көзіңізге жаттығу жасаңыз. Ақырын, басты бұрмай көзіңізді сағат тілімен және кері айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа. Сізге ыңғайлы болуы үшін және басыңызды бекіту үшін шынтағыңызды үстелге қойып, алақаныңызбен бетіңізді ұстаңыз. Терезеге жақындап ең қашық объектіні таңдаңыз. Бірнеше секундтан соң назарыңызды ең жақын нүктеге аударыңыз. Қарау үшін жасыл реңді таңдаған жақсырақ. Қыста мұны істеу қиын болады. Сондықтан, терезе әйнегіне жасыл түсті қағаз стикерін жабыстырып қойсаңыз болады. Назарыңызды 10-15 секунд ішінде алыс нүктеден дөңгелекке аударыңыз.

Ал, енді тығылмақ ойнаймыз. Дәрілек айтқандакөзімізді қатты жұмып, онға дейін санап ашамыз. Мұны бес рет қайталаймыз. Бұл қарапайым жаттығулар көз қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі, көз бұлшықеттерін босаңсытады, қызарудан және жұмыс күнінің соңында көздің қышу, күйдіру сезімін жояды. Және бұл бар жоғы сіздің бес-ақ минут уақытыңызды алады.


Келбет: мүсін, арқа және мойын

Егер сіз ноутбукпен еденде, креслода, журнал үстелінде босаңсыған қалыпта отыруды әдет қылсаңыз, онда жақын арада жайсыз ұйықтайтыныңыды байқайсыз. Сол сияқты сізде басыңыздың ауруы пайда болуы мүмкін. Мойныңыздың ұюы сезіледі және денеңіздің басқа да бөліктерінде жаны кетуі, ұюы байқалады. Есіңізде болсын, босаңсыған қалыпта бастапқыда жайлы болғанымен, дәл осы жағдай болашақта ауыр мәселелерге әкеп соғады.

Ең бірінші компьютермен қауіпсіз жұмыс жасау үшін жұмыс үстеліңіз болуы керек. Үстел едәуір биік болғаны дұрыс, оның үстіңгі тақтайы аяғыңызға кедергі келтірмесін. Үстелді немесе креслоны қалыпты күйге келтіру қажет. Табаныңызды еденге тіреп, ал шынтағыныңызды үстелдің үстіне қойыңыз. Мониторды дұрысы жоғарырақ қойыңыз, экран көзіңіздің алдында болғаны жөн.

Тіпті сізде ыңғайлы кресло, барлық ережелерге сәйкес қойылған монитор болса да – үзіліссіз компьютерде көп отыруға болмайды. Әр сағат сайын, ең дұрысы әр 40-45 минут сайын денеңізді шынықтырыңыз немесе жаттығулар жасаңыз. Тұрып бөлмелерде жүріңіз. Оңға және солға бір-екі рет еңкейюіңіз көптік етпейді. Арқаңыздың бұлшықеттерін бос ұстаңыз. Гимнастика жасасаңыз тіпті жақсы болар еді.

Тік тұрыңыз. Қолыңызды бір-бірлеп артқа айқастырыңыз, беліңізді тік ұстаңыз. Мойныңызды барынша алдыға қарай созыңыз, иегіңізді еденге қатарлас ұстаңыз. Асықпай тыныс алыңыз. Осы кейіпте 20-30 секунд тұрыңыз. Содан соң қолыңызды алға шығарып, саусақтарыңызбен айқастырып ұстап, кері қозғалыс жасаймыз. Басыңызбен мойынды қозғаңыз. Иегіңіз еденге қатарлас болсын.

Тұрған қалпыңызда арқаңызды тік ұстап, иығыңызды жоғары көтеріп, күрт түсіріңіз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. Бұдан кейін айналма қозғалыс жасаңыз. Алма кезек оң жақ және ол жақ иығыңызды алға-артқа қимылдатыңыз.

Үстелге отырыңыз. Қолыңызды жоғары көтеріп, ширағырақ тартылыңыз.Бірнеше рет жан-жағыңызға еңкейіңіз. Тек қана денеңізбен қимылдауға тырысыңыз, жанбас қозғалмау керек.

Қолдарымыз

Егер компьютермен жұмыс істегенде үнемі оң қолыңыз мұздап және қос білегіңіз ауырса – есіңізде болсын, бұл жайт түзеледі.

Буындарыңызды жұдырыққа қысып, бір минутқа жазыңыз. Есіңізде болар, мұндай жаттығуларды мектепте оқып жүргенде үйреткен болатын. Бұл жаттығулар қазір де өте өзекті.

Содан соң қолыңызды алға созып, жігерлі түрде қол буындарын ашып жұмыңыз.
Олар барынша бос болуы шарт. Сондай-ақ қолды құлыппен ұстап, қол буындарын оң және сол жаққа бұруға болады. Компьютермен жұмыс істеген кезде қолыңыз тез шаршап қалмау үшін арнайы спорттық манжетталарды қолдануға болады.




Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау