Жүктелуде...
 

Иттер қатерлі ісікті иісінен тани алады

Жыл сайын ғылыми зерттеулер дамып келеді, соның бірі иттердің ауруларды иіс арқылы ажырата алуы турасындағы зерттеулер. Мысалы: адамның досы болып саналатын осынау бір жануар науқастардың тыныс алуынан шыққан демнің иісі арқылы оның бойында өкпе қатерлі ісігі бар-жоқтығын ажыратып береді. Бұл пікірді неміс ғалымдары айтып отыр. Олар иттердің өкпе қатерлі ісігіне шалдыққан адамнан бөлініп шыққан органикалық заттарды иіс арқылы сезеді деп қорытындылады. Күндердің бір күнінде иттердің бұл аурудың бастапқы кезеңінде диагноз қою үшін пайдаланылады деп зерттеушілер үміттеніп отыр.

Иттер қатерлі ісікті иісінен тани алады

translator Сейсенбі қыркүйек 24, 2019


23 09 2019

Жыл сайын ғылыми зерттеулер дамып келеді, соның бірі иттердің ауруларды иіс арқылы ажырата алуы турасындағы зерттеулер. Мысалы: адамның досы болып саналатын осынау бір жануар науқастардың тыныс алуынан шыққан демнің иісі арқылы оның бойында өкпе қатерлі ісігі бар-жоқтығын ажыратып береді. Бұл пікірді неміс ғалымдары айтып отыр. Олар иттердің өкпе қатерлі ісігіне шалдыққан адамнан бөлініп шыққан органикалық заттарды иіс арқылы сезеді деп қорытындылады. Күндердің бір күнінде иттердің бұл аурудың бастапқы кезеңінде диагноз қою үшін пайдаланылады деп зерттеушілер үміттеніп отыр.

Мамандар мынадай сынақтар жасап көрген екен. Төрт итті - екі неміс овчаркасын, австралиялық және Лабрадор овчаркаларына өкпе қатерлі ісігі бар науқастардан және сау адамдардан алынған дем үлгілері бар түтікшелер искетіпті. Жалпы 220 сынама тексерілген. Иттер қатерлі ісік ауруы пайда болған жерлерде жатып, сондағы түтіктерге мұрнын тигізуге үйретілген көрінеді. Зерттеуге сәйкес, иттер 100 тексерудің 71-де сәтті анықтаған екен.

Ғалымдар сонымен қатар созылмалы обструктивті өкпе ауруы бар науқастардан тыныс алу үлгілерін тексеріп көрген. Бұл патология өкпенің қатерлі ісігінде өте жиі кездесетіндіктен, иттер қатерлі ісік ауруының үлгілерін ажыратуда шатасып кете берген. Алайда, кейбір иттер айырмашылықты өте жақсы сезген. Мұндай зерттеулер бұрын да жүргізілген. Бірнеше жылдар бойы ғалымдар иттердің сүт безі, қуық, тік ішек қатерлі ісігі, және 1 типті қант диабеті сияқты ауруларды иіс арқылы анықтай алатын қабілетін зерттеген болатын. Анықтама үшін айта кететін болсақ, қатерлі ісік жасушалары қанда айналымға түсетін химиялық заттарды бөліп шығарады және өкпеге енгенде газ тәрізді күйде шығарылады.

Бірақ, дегенмен нақастар дәрігердің кеңесіне келген кезде адамның ең жақын досының зертханалық құрал ретінде кездестіретін күн әлі жақын емес. Алайда, иттердің қатысуымен жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде өкпе қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың арнайы химиялық заттарды шығаратыны белгілі болды, бірақ олар ғылыми биохимиялық сипатқа ие емес. Болашақта бұл қосылыстардың сәйкестендірілуі қатерлі ісік ауруын ерте диагностикалау үшін жаңа биохимиялық маркерлердің дамуына мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ғалымдар диагнозды индикатор ретінде иттерді қатыстыру мүмкіндігі барын жоққа шығармайды. Сонымен бірге, сарапшылар олардың басты міндеті - скринингтік әдістерді жасау үшін қатерлі ісік ауруының қосымша биохимиялық белгілерін анықтау үшін зерттеу жүргізуге болатынын айтады. Ал диагностикалық мақсатта иттерді тарту іс жүзінде мүмкін емес.

Мамандардың айтуынша, бүгінде иттер құқық қорғау органдарының көмекшілері ретінде немесе апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстарында тиімді қолданылады. Күшіктерді қатерлі ісікті иіс арқылы анықтатуға үйрету үшін көп уақыт қажет, дей тұрғанмен иттер кейде өздерін жайсыз сезінген күндері диагноз жасауда қателіктер жіберіп алуы да ғажап емес.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау