Жүктелуде...
 

Балалардағы несеп шығару жүйесінің инфекциялық аурулары

Балалардагы несеп шығару жүйесінің инфекцияық аурулары. С.М. Досым, доцент, к.м.н.; Л.С.Сагидуллина, доцент, к.м.н. Педиатрия ЖМ-12-701топ Абилов Н. Абилова Д. Амалдыкова У.М . Ерназаров М. Кенжебекова Д. Калмуратов А. Мекерова Д. Мусаев Г. Назархан Б Педиатрия кафедрасы №1 АО «Мемлекеттік медициналық университет » Мақсаты Алматы қаласы бойынша балалардағы несеп шығару жүйесі ауруларының жасына және жынысына байланысты таралу жиілігі, антибиотиктің әсерін зерттеу. Зерттеудің міндеті Әдеби шолу. Ұлдар және қыздар арасында ЗШЖИ жиілігін және таралуын зерттеу. 4 ай – 3 жас, 4 – 5 жас, 6 – 14 жас аралығында ЗШЖИ жиілігін және таралуын зерттеу. Клиникалық диагнозы бойынша (локализация ЗШЖИ (жоғарғы), асқынған - ЖПН ₊ ТБА, ЗШЖИ асқынбаған - ЖПН, ЗШЖИ төменгі - Цистит. ) жиілігін және таралуын зерттеу. Клинико - лабороториялық мәліметтер арқылы империкалық антибактериальды емнің эффективтілігін бағалау. Зерттеу әдістері 1.Библиографиялық әдіс. 2.2017-2018ж аралығында Алматы қаласы №2 ҚКБА нефрология бөлімінде болган зәр шығару жүйесінің инфекциясы бар балалардың 48 ауру тарихына ретроспективті талдау жасадық. 3.Алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу жүргіздік. Зерттеу материалдары №2 ҚБКА мұрағатынан сырқатнамалар алынды (2017-2018жж). Қарастырылған мақалалар саны – 28. 2017-2018ж аралығында Алматы қаласы №2 ҚКБА нефрология бөлімінде болган зәр шығару жүйесінің инфекциясы бар балалардың 48 ауру тарихына анализ жүргізілді. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциялық- қабыну ауруларының структурасы көрсетілді. Осы патология қызбалаларда 2есежиікездеседі. Негізгі қоздырғыштарға E.COLI және оның тұқымдастығы цефалоспориннің 3 ұрпағына, аминогликозидтерге жәнефторхинолондарға сезімтал- Staphilococcus . Кілттісөздер: зәр шығару жүйесінің инфекциясы, балалар диагностика,емі. Кіріспе. Балалардағы бүйректің микробты - қабыну аурулары жоғары жайылмалылығы мен қайталамалылығына байланысты клинисцисттер мен зерттеушілер үшін өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. БҰҰ келісімі бойынша балардағы бүйректің микробты-қабыну аурулары респираторлы патологиядан кейінгі екінші орында, бұл балалар организмінің анатомо - физиологиялық ерекшелігіне, оның реактивтілігіне, осы ауруды шақыратын микроорганизмнің қасиетіне байланысты. Зәр шығару жүйесіның инфекциясын дер кезінде диагностикалау және адекватты ем жүргізу аурудың болжамын жақсартып, созылмалы түрге ауысу процессін төмендетеді.Алматы қ. ҚКБА № 2 нефрология бөлімшесінде , 4 ай – 14 жас аралығындағы несеп шығару жүйесінің инфекциялары бойынша ем қабылдап жатқан 48 ауру тарихын анализ жасадық. Жасы мен жынысының, ауру ұзақтығыны бойынша, микробиологиялық зерттеу нәтижесі,клиникалық және лабораториялық мәліметтерге сүйене отырып , аурудың құрылысы сарапталды. Талқылау және нәтижесі Нозологиялық форма бойынша келесідей жіктелді: локализация ЗШЖИ (жоғарғы),асқынған ЖПН ₊ ТБА, асқынбаған ЖПН, төменгі ― цистит. 3 ай – 3 жас аралығында 24 бала (50%), 4-5жас аралығында -8 бала (16,6%),6-14жас – 16 бала (33,3%) анықталды. Соның ішінде 16 ұл бала (33,3%) , қыздар - 32 (66,6%). Жас ерекшеліктері мен нозологиялық форма бойынша сараптағанда 5 жасқа дейінгі балаларда ЗШЖИ 32 (66,6%). Жас ұлғайған сайын азаюға тенденциясы бар ЗШЖИ 14 жас - 16 бала (33,3%). Клиникалық көріністерден улану белгілері 37,5% балаларда, ауыру белгілері 37,5% балаларда, (абдоминальді белгілер 8,3%, бел ауыру белгілері 29,1% балаларда), дизуриялық синдром 70,8% балаларда байқалды. 20,83% балаларда ешқандай клиникалық белгілер байқалмаған, оларға диагноз зәрлік синдромға негізделе отырып қойылған. Жалпы зәр талдауында төмендегідей өзгерістер байқалды: 41,6% аздаған лейкоцитурия, 58,3% жалпылама лейкоцитурия, 45,8% протеинурия (0,33г/л – ден 1,66г/л – ге дейін). Қоздырғышты анықтау мақсатымен жүргізілген зәрдің микробиологиялық талдауында 28 балада (58,3%) қоздырғыш анықталды. 14 балада Enterobakteriaceae микроорганизмінің қоздырғышы анықталды, әдебиеттің мәліметтерімен сәйкес, 2 балада (4,1%) – Staphilaccocus қоздырғышы, 4 балада (8,3%) – Streptoccocus D, және 2 балада (4,1%) – Candida тұқымдастығының қоздырғышы анықталды. Жалпы қан талдауында лейкоцитоз 32 балада (66,6%), ЭТЖ жоғарылауы 34 балада (70,8%) анықталса, 14 баланың қан талдауларында ешқандай өзгерістер байқалмады. Емінде цефалоспориндермен 20 баланы (41,6%) және бисептриммен 28 баланы (58,3%) емделді. Емдеу курсы аяқталған соң барлық 48 балада зәр талдауы жақсарған, бірақ ЭТЖ 10 балада жоғары қалпында сақталып қалған. Алынған мәліметтерге сүйене отырып Enterobakteriaceae тұқымдастығының бактериясы 3 санаттағы цефалоспориндерге сезімтал, дәлірек айтар болсақ цефтриаксон мен аминогликозидтерге сезімтал деген тұжырым жасауға болады. Қорытынды 1.Әдеби шолу негізінде 2.Зәр шығару жүйесінің микробты-инфекциялық аурулары қыз балаларда 2 есе жиі кездеседі. 3.Жас ерекшеліктеріне байланысты 6 жастан асқан балаларда зәр шығару жүйесінің инфекциясының- циститтің құрылымы өзгереді. 4.Зәр шығару жүйесінің жұқпалы-инфекциялық ауруларының жиі қоздырғыштары көбінесе Enterobakteriaceae , сирек жағдайда Staphilococcus және Candida тұқымдастықтары болып табылады. 5.Enterobakteriaceae микроорганизм тұқымдастығы цефалоспориннің ІІІ ұрпағына сезімтал,соның ішінде таңдау препараты цефтриаксон және аминогликодиздер.. Қолданылған әдебитеттер 1. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы: А.В Зайцев, Т.С Перепанова, М. Ю Гвоздев, О.А Арефьева. 2017ж 2. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясы: Этиологиялық диагностикасының және емінің заманауи аспектілері. Вялкова А.А Гриценко В.А. 2017 3. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясының диагностикасы және емі.И.Н. Захарова. Е.Б Мачнева. Э.Б Мумладзе. Ю.И. Ивахненко. 2017 4. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясы: Педиатрға және нефрологқа не білу керек ? Захарова И.Н. Османов И.М. Мумладзе Э.Б. Свинцицкая В.И. Бекмурзаева Г.Б. 2015 5. Балалардағы зәр шығару жүйесінің инфекциясы: мәселеге заманауи көзқарас. Козловский А.А 2014ж

Тілді таңдау