Қайсымыз болмасақ та ұзақ жылдар бойы сүйікті адамымызбен жарқын және сенімді қарым-қатынаста болғымыз келеді. Әрбір ерлі-зайыпты жандардың бақытты өмір деп санайтын өз талғамдары болады - бұл өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет, ортақ өмірлік мақсаттар, ортақ мәдени және адамгершілік құндылықтар және тағы басқалар, бірақ, мойындау керек, осылардың ішінде жыныстық үйлесімділік те айтарлықтай маңызды болып табылады.
Жатын бөлмедегі қарым-қатынас ұмытылмастай, романтикалық болып қалу үшін не істеу керек; жұбайлар бір-біріне деген жыныстық құштарлықты жоғалтып алмай, қалай ұстап тұруға болады; сезімталдық пен жыныстық құмарлық қайткенде күшейеді және жақын сырластық пен жауапкершілікті жоғалтпай, қалай нығайтуға болады? Бұлар ұзақ уақыт бойы бірге өмір сүріп келе жатқан жұптарда болып тұратын сұрақтар.
Біздің қоғамда бұл сұрақтарға жауап табу кейде қиынға соғады, себебі бұл туралы әңгімелеу дағдымызда жоқ. Бұл тақырыпта мықтымын дегендердің өздері жабық, тыныш бөлменің ішінде «адам жанының инженері» болып саналатын мамандармен кеңеседі.
Сонымен, кеңесшілер қандай ой айтады? Осы тақырып бойынша біз кең ауқымды ғылыми әдебиеттерді зерттеп, көптеген жылдар бойы ерлі-зайыптылардың құмарлықты қандыруына көмектесетін ең қызықты және пайдалы ұсыныстарды жинадық:
Біздің қоғамға мынаны түсіну керек, сексуалдық қалаудың артуы мен кемуі және тұрақты жыныстық қатынас өмір сүру сапамызға, денсаулығымызға т.б.тікелей әсер етеді, сондай-ақ, жақын қарым-қатынасты нығайтуға да айтарлықтай көмектеседі.
Бір-біріңіздің құштарлықтарыңызды оятуға тырысыңыздар. Зерттеулер бойынша, екі жұптың сыртқы тартымдылығы бір-бірінің қалауын оятуға айтарлықтай ықпал етеді. Яғни қарым-қатынастың эмоциялық және физикалық аспектілері бірдей маңызды болып табылады. Ең алдымен, жұбайлар бір-біріне шынымен тартымды деп санайтын нәрсені дәлелдеуі керек, өйткені әрбір адам өзінің тартымдылық тұжырымдамасын біледі. Эмоциялық деңгейде бір-біріне сеніммен қарап, ерекше назар аудару тартымдылық сезімінде оң әсерін тигізеді. Салауатты тамақтану және жаттығу, сырт келбетті күту және киім-кешекті дұрыстау физикалық тартымдылықты арттыруға көмектеседі.
Стресс пен шаршауды игеріп үйрену керек. Ұйықтауға, тұрақты түрде жаттығуға және жұмыс пен тұрмыс арасындағы дұрыс теңгерімді сақтауға көңіл бөлген абзал. Кейде қажу мен шаршау орын алып жатады, ондай кездерде әріптесіңізбен сөйлесіп, оған көңіл бөлгеніңіз дұрыс.
Серігіңіздің қалауын ұғынып үйреніңіз. Өзара қарым-қатынастың эмоциялық және физикалық аспектілеріне ерекше назар аударған жөн. Жақын қатынасқа түскен кездерде серіңіздің қалауын орындауға тырысып, оған ләззат силаңыз. Төсекте сауатты әрекет етіп, қиялға ерік беруден қорықпаңыз – әрине, онда да ақылмен орындаңыз.
Әңгімелесіңіз. Әлбетте, сырластықтың негізінде қарым-қатынастағы көптеген мәселелердің түйіні жатады. Жақын қарым-қатынасты арттыратын тағы бір жол – серігіңізбен ортақ мәселелерге байланысты не болмаса ортақ қажеттіліктер жайында ашық түрде, шынайы сырласу керек.
Әр жаңашылдыққа салмақпен қараңыз. Көптеген зерттеулерді саралай келе түйгеніміз, қарым-қатынаста жаңаша, күтпеген жайттардың орын алуынан жыныстық тартымдылық ұзақ уақытқа дейін жалғаса береді екен.
Теңдікті сақтаңыз. Ғалымдар күнделікті үй шаруасы, бала күтімі және ақша табуыға байланысты жауапкершіліктерді жұптардың бөлісіп атқаруы да жыныстық қатынастың жоғары деңгейін көрсететінін анықтады.
Стереотиптер туралы ұмытыңыз. Көпшіліктің пікірінше, жұптар өзара келісім бойынша жыныстық қатынаста ерлердің басты рөлде ойнағаны дұрыс, ал әйелдер оларға бағынышты кейіпте болуы керек деп санайды. Бірақ зерттеулер бойынша, бұлай қабылдау мінез-құлыққа жақсы әсер етпейді. Жұптар ұлттық-мәдени стереотиптерге қарамастан, еркек пен әйел атқаратын рөлдерді жиі өзгертуі тиіс немесе екеуіне де ұнайтын нәрселерді жасауы керек.
Әрине автономияны сақтаған дұрыс. Сиам егіздері секілді болып қалмаңыздар. Өз серігіңіз қасыңызда болмаған жағдайда қоғамдық орындарда жүруден ұялмаңыз. Өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді сақтаңыз және басқа адамдармен достық қарым-қатынасты да жойып алмаңыз.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.