Жаңа туылған нәрестені 12 сағат немесе одан көп уақыттан кейін шомылдырса, сәбидің омырауды жақсы еміп кетуіне септігі айтарлықтай тиеді екен. Осы жайлы жақында Journal for Obstetrics, Gynecologic, and Neonatal Nursing АҚШ-тың Кливленд клиникасында жүргізілген зерттеулерде анықталғанын жариялаған болатын.
Ғалымдардың пікірінше, жаңадан босанған әйелдің кеудесінде құрсақтағы нәрестені қорғайтын амниотикалық сұйықтықтың иісі болатын көрінеді. Сол арқылы, сәби дүниеге келгеннен кейін өзіне таныс иісті біліп, ары қарай ана сүтімен қоректеніп кетуіне жеңіл болады.
Қоректік заттардан тұратын ана сүті нәрестені аурудан қорғайды, ал анасының қатерлі ісік ауруларының кейбір түрлеріне шалдығып қалмауына, жүрек ауруларына ұшырамауына және семіріп кетпеуіне айтарлықтай оң ықпалын тигізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа туған нәрестені алғашқы алты айына дейін ғана ана сүтімен емізуді ұсынады, ал бала туылғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда-ақ ана сүтімен қоректенуі керек.
Зерттеу барысында, алғашқы шомылдыру мен баланың жақсы емуі арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін 996 әйел және соншалықты бала қатыстырылды: 448 нәресте туылғаннан кейін бірден жуындырылды, ал 548-і 12 сағат өткеннен кейін жуындырылды.
Бірінші топта ана сүтімен тамақтандырудың табыстылығы 59,9%, екіншісінде - 68,2% болды, яғни кейінірек жуындырылған сәбилердің азықтану мүмкіндігі 10%-ға артты.
Кливленд клиникасында жүргізілген зерттеудің жетекшісі Хэзер Ди Чочио көптеген аналардың жаңа туған нәрестелерін дереу жууға болмайтындығын байқаған соң, осы бастаманы жолға қойды. Ғалымдар босанған әйелдердің пікірін тексеруге және әдебиетке бет бұруға шешім қабылдады, бірақ бұл тақырып бойынша зерттеулер іс жүзінде жүргізілмеген көрінеді.
«Болашақ аналар танымал блогтардан баланың алғашқы суға шомылдыруын кешеуілдету керек екенін оқып білген болар, кеудеде амниотикалық сұйықтықтың иісіне ұқсас иіс бар, бұл баланың емшек емуге бейімделуіне көмектеседі», - дейді доктор Ди Чочио.
Баланы кешеуілдетіп жуындырғаннан кейін амниотикалық сұйықтықтың иісі сақтап қалады және баланың анасының кеудесіне үйренуін жеңілдетеді, мұндай балалардың көбінесе дене температурасы қалыпты болады. Зерттеушілердің пікірінше, нәресте іште жатқанда анасының терісі арқылы қарым-қатынасты сезеді, олар жылуды сезінеді де, сүт шығаруда аса қатты шаршай қоймайды.
«Қазіргі уақытта біздің саясатымызда, егер нәрестеде күтуге мүмкіндік болса, бала туылғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта шомылдыруға болмайды. Ал егер, қажет болып бара жатқан жағдай бола қалса, жоқ дегенде екі сағаттай күту керек.
Алайда, ғалымдардың ескертуінше, егер нәресте қан арқылы АИТВ, В және С гепатиті, герпестің белсенді формасы және т.б. сияқты қан арқылы берілетін инфекциялардың қаупіне ұшыраған болса, оларды кешеуілдетіп шомылдыруға болмайтынын атап айтады.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.