Жүктелуде...
 

Вакцинация жайлы шындық пен қауесет

Коронавирусқа қарсы вакциналар бұрын-соңды қолданылмаған жаңа технологиялар арқылы жасалады. Ковидті емдеу үшін инновациялық әдістер қолданылады. Әрине, жаңашылдық құптарлық нәрсе, бірақ, денсаулыққа қатысты болғасын көпшілігінде белгілі бір алаңдаушылықтың болуы түсінікті. Онымен қоса, вакцинация төңірегінде интернетте жалған ақпараттар және дәлелсіз қауесеттер жетерлік.

Вакцинация жайлы шындық пен қауесет

translator жексенбі сәуір 18, 2021


Rigt

Сіз дәрігерге сенім артасыз және жұқпалы аурулармен күресу үшін вакцинаның қаншалықты қажет екенін түсінесіз. Сонымен бірге, жалпы вакциналардың қалай жұмыс істейтіні жайлы түсінік те бар. Алайда, осы маңызды проблеманы қоршап тұрған көптеген алыпқашпа әңгімелерді ескере отырып, вакцинация қатысты белгілі бір күмән мен алаңдаушылықтың болуы заңды.

Коронавирусқа қарсы вакциналар бұрын-соңды қолданылмаған жаңа технологиялар арқылы жасалады. Ковидті емдеу үшін инновациялық әдістер қолданылады. Әрине, жаңашылдық құптарлық нәрсе, бірақ, денсаулыққа қатысты болғасын көпшілігінде белгілі бір алаңдаушылықтың болуы түсінікті. Онымен қоса, вакцинация төңірегінде интернетте жалған ақпараттар және дәлелсіз қауесеттер жетерлік.

Бірінші қауесет. Вакцинация COVID-19-ды тудыруы мүмкін.

Бұл мүлдем дұрыс емес. Қайта вакциналар вирусты анықтап, оны жою үшін иммундық жүйені ынталандыру арқылы COVID-19-дан қорғауға арналған. Вакцинаның арқасында біздің жасушалар коронавирустың тікенді ақуызын қалыптастырады, иммундық жүйе болса оған қарсы антиденелер шығара бастайды. Коронавирус ағзаға енген кезде, осылайша дайындалған иммундық жүйе оны тез танып, жояды.

Вакцина алғаннан соң сіз аз ғана әлсіздік, жайсыздық және дене қызуының көтерілгенін сезінуіңіз мүмкін. Бұл ауру емес, ол ағзаның коронавирусқа қарсы иммундық қорғанысты белсендіруге берген жауабы. Бұл дұрыс реакция деп қабылдау қажет.

Екінші қауесет. Мен бұған дейін-ақ COVID-19-бен ауырғанмын, енді маған вакцина алудың пайдасы аз.

Әрине, бұл да қате пікір. COVID-19 – бұл адамзат баласы бұрын-соңды кездестірмеген мүлдем жаңа ауру. Әзірше иммундық қорғаныстың аурудан кейін қаншалықты сақталатындығы әлі белгілісіз болып отыр. Коронавирусты екінші рет жұқтыру өте сирек кездеседі, бірақ ол әсте қайталандайды деуге де болмайды. Сарапшылардың пайымдауынша, егер сіз коронавирустық инфекциямен ауырып тұрсаңыз да, қайта жұқтырудан қорғанудан вакцина алу еш зиянын тигізбейді.

Үшінші қауесет. Вакцина алғаннан соң, арақашықтықты сақтап, маска тағып жүрудің қажеті жоқ.

Бұл дұрыс емес. Вакцинадан кейін де маска тағуды жалғастырып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап және қолды жиі жуып жүру керек. Бұлай ету неліктен маңызды?

Біріншіден, вакциналарда екпенің екі дозасын алу қарастырылған. Бірінші дозадан кейін, иммундық қорғаныс әлі жеткіліксіз деңгейде қалыптасады. Толықтай иммунитет алу үшін бірнеше апта қажет, соның барысында қорғаныс антиденелерінің концентрациясының ұлғаюы жалғасады. Вакцинаның екінші дозасы коронавирусқа қарсы иммундық қорғанысты одан әрі күшейтуге көмектеседі.

Екіншіден, вакциналар COVID-19-дың ауыр түрлерінен қорғауға арналған және олардың симптомсыз формаларын болдырмайтындығы туралы әлі күнге дейін дәлел жоқ. Яғни, вакцинациядан соң да коронавирусты жұқтыру ықтималдығы сақталады.

Төртінші қауесет. Вакцинация басталысымен пандемия жақын арада аяқталады.

Өкінішке орай, бұл олай емес. Пандемияны тоқтату үшін қоғамда ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы қажет. Бұл халықтың жартысынан көбі COVID-19-ға қарсы вакцина алған кезде болуы мүмкін. Бұл оңай шаруа емес.

Біріншіден, вакцинаны көп мөлшерде шығару қажет. Екіншіден, вакциналарды суық тізбекті сақтай отырып орындарға жеткізу қажет. Бұл логистикалық міндет оңайға соқпайды. Ақыр соңында халықты вакциналау процессін ұйымдастыру үшін міндетті түрде көптеген медицина қызметкерлері жұмылдырылуы қажет. Бұл үшін көптеген айлар қажет. Сондықтан да ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үстіміздегі жылдың соңына дейін созылатын шығар.

Сол екі арада біздің барлығымызға маска тағуды, қол жуу гигиенасы мен арақашықтықты сақтауды жалғастыруымызға тура келеді.

Пандемия аяқталуын жеделдетудің жалғыз ғана жолы – ол кең көлемді вакцинацияны тез арада жүргізу. Сондықтан да мен барлықтарыңызға коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдап, індетті жеңуге бірлесе үлес қосуға шақырамын.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау