Жүктелуде...
 

COVID-19 кезінде аурудың 5-10 күндері аса маңызды

Дене қызуы, ентігу сияқты коронавирустық инфекцияның симптомдарын қадағалау, сондай-ақ қандағы оттегінің мөлшерін өлшеу қажетті шараларды уақытылы қабылдау үшін өте маңызды. COVID-19 – бұл болжап білуге болмайтын ауру. Ол көбінесе симптомсыз және баяу ағымды түрде өтеді, бірақ жиі ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

COVID-19 кезінде аурудың 5-10 күндері аса маңызды

translator жұма сәуір 16, 2021


Shutterstock 1658813662

Бірер күні бұрын мағын жақын туысым қоңырау шалып, оған COVID-19 диагнозы қойылғанын және аурудың белгілері бар екенін айтты. Менің бірінші сұрағаным, ол өзін қашан нашар сезіне бастады және сол сәтте не сезінгені туралы болды.

Дене қызуы, ентігу сияқты коронавирустық инфекцияның симптомдарын қадағалау, сондай-ақ қандағы оттегінің мөлшерін өлшеу қажетті шараларды уақытылы қабылдау үшін өте маңызды. COVID-19 – бұл болжап білуге болмайтын ауру. Ол көбінесе симптомсыз және баяу ағымды түрде өтеді, бірақ жиі ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Инфекциялардың көпшілігінде иммундық жауаптың белсенділігі мен қабынудың дамуы бірінші кезекте жүреді.Олар аурудың қоздырғышынан арылуға бағытталған. Әдетте, осыдан кейін сауығу басталады. Алайда, COVID-19 басқа жұқпалы аурулардан айтарлықтай ерекшеленеді. Коронавирустық инфекциямен аурудың басталуынан бірі аптадан соң басқа патологиялық механиздер араласып, бұл жағдайды нашарлатып, күтпеген салдарға әкелуі мүмкін.

Әсіресе, демікпе немесе басқа да кез келген уақытша пайда болатын ерекше симптомдар, қалыпқа келгенен кейін де алаңдатуы мүмкін. Коронавирустық инфекцияның ерекшелігі осында, ол таза созылмалы сипатта жүреді. Сондықтан, міндетті түрде әл-ауқатты мұқият қадағалап, аурудың қауіпті асқынуларға айналып кетпеуіне жол бермеуге тырысу керек.

Атап айтқанда, біз аурудың екінші аптасында жиі дамитын пневмония туралы айтпақпыз. Ол білінбей басталуы мүмкін, оның диагнозын компьютерлік томографияның көмегімен анықтайды. Пневмонияның көрінісі – бұл өкпенің төменгі бөліктерінде «күңгірт шыны» деп аталатын түрдегі қараюдан басталады. Осы уақыт ішінде сырқаттардың қанындағы оттегінің деңгейі төмендейді, бірақ олар оны сезбеуі де мүмкін. Бұл жағдайды «үнсіз гипоксия» деп атайды. Әдетте, ентігу мен ауыр әлсіздену симптомдарының пайда болуы мұндай науқастардағы қандағы оттегінің деңгейі қауіпті деңгейге дейін төмендегенін көрсетеді. Мұны ондай күйге жеткізбеу өте маңызды.

Қандағы оттегінің деңгейін пульсометр құрылғысының көмегімен қадағалауға болады. Бұл сұқ саусаққа киілетін шағын электронды құрал. Қандағы оттегінің қалыпты деңгейі 96 пайыздан жоғары. Егер деңгей 92 пайыздан төмен болса, онда ол медициналық көмектің араласуын қажет етеді.

Пульсоксиметр болмаған жағдайда тыныс алу функциясын қарапайым тәсілмен тексеруге болады. Ол үшін дем жұтып, 20 секунд бойы тыныс алмауға тырысу керек. Егер демді 10 секунд ұстауға мұрша болмаса, онда қандағы отегінің деңгейі 95 пайыздан асады дегенді білдіреді. Егер демді 7 секундтан артығырақ ұстау мүмкіндігі болмаса, онда оттегінің деңгейі қауіпті төмен көрсеткішке түссіп, 92 пайыздан аз болғаны. Мұндай жағдайда міндетті түрде кешіктірмей дәрігермен кеңесу керек.

Жоғарыдағы айтылғандардан бөлек, тыныс алу сипатына назар аударған жөн. Егер тыныс алу нашарланғаны сезілсе, онда бұл ең алдымен оттегінің жетіспеушілігінің белгісі болуы мүмкін. Мұны тері мен еріннің көгеруімен де байқауға болады.

Үйде дәрігерлік көмекті күте отырып, өкпені оттегімен қамтамасыз етуді жақсартуға тырысуға болады. Ол үшін біраз уақыт екпеттеп жатқан дұрыс. Мұндай қалып, арқамен жатқан кезде мүмкін болмаған өкпенің артқы жағындағы қолжетімсіз бөліктерін ашуға жол ашады. Сондай-ақ, мезгіл-мезгіл оң және сол жақ бүйірге қарай аударылып, содан соң орындықта біраз отырып, терең және емін-еркін тыныс алуға тырысқан абзал.

Дегенмен, әр пациентің түйсігі бөлек болса да, ковидтің ең маңызды кезеңі аурудың басталуынан кейінгі 5-10-шы күндері. Осы кезеңде тыныс алу бұзылыстары жиі кездеседі, бұл әсіресе диабет, семіздік және гипертония сияқты созылмалы аурулары бар егде жастағы адамдарға қатысты. Жасы кіші және созылмалы бұзылуларға ұшырағандар үшін нашарлау сәл кейіндеу, 10-12-ші күндері болуы мүмкін.

Вакцинация COVID-19-дың ауыр түрлерінен тиімді қорғайтынын ескеру керек. 14 күн бойы инфекциядан әлсіздік пен нашарлықты ғана сезіп, салыстырмалы түрде жеңіл өткергендерде ауыртпалықтар болмайды.

COVID-19 – өте күрделі ауру. Көптеген инфекциялар үшін аурудың бірінші аптасы ең сынды сәті. Әдетте, артынша барлығы жақсара бастайды. Ковид жағдайында аурудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін 5 күн өткен соң күтініп, өте сақ жүру керек. Еш босаңсуға болмайды. Сақтық шараларын ұмытпау керек.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау