Былтыр ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясын жариялаған болатын. Енді міне, коронавирус молекуласы едәуір қарапайым және құбылмалы екендігі анық болды. Оның әлсіздігі осында, сондай-ақ зұлымдығы да: оның жұқпалығы және салдырынан өлім-жітімге әкелуі тұмауға қарағанда едәуір жоғары болып шықты, бірақ көп адамдар тұмаудан қарағанда бұл жолы қырағылық таныта қоймады.
2020 жылы коронавирус айына есеппен 2-3 рет мутацияға ұшырады. Содан соң, өткен жылдың желтоқсанында, қандай да бір себептермен бұл процесс үдей түсті. Атап айтқанда, бір айдың ішінде бірден 12 рет мутацияға ұшырады. Әрине, бұл жайт алаңдаушылық туғызуы тиіс, өйткені кейбір мутациялар вирусты вакциналарға төзімді етеді және қайта жұқтыруды тудыруы мүмкін.
Көптеген мутациялар салыстырамлы түрде зиянсыз. Алайда, кейбір жағдайларда олар үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Кейбір мутациялардың адамның жасушаларына жабысу қабілеті жақсы, осылайша олар тым жұқпалы сипатқа ие болады. Басқа мутанттар адам ағзасына инфекциямен күресуге көмектесетін иммундық қорғанысты басуға қабілетті. Бұл вакцинация тиімділігін төмендетіп, сондай-ақ COVID-19 қайта жұқтыруға әкелуі мүмкін.
Дәрігерлерді қазірде коронавирустың үш мутанты алаңдатып отыр. Біріншісі – британдық, екіншісі – оңтүстікафрикалық, үшіншісі – бразиялық. Олар өз атауларын алғаш анықталған, ең көп таралған елдерден алып отыр.
Британдық мутант қазірдің өзінде әлемнің 80-нен астам еліне таралды. Британдық мутантты жұқтырған адамдардың саны әр 10 күн сайын екі есеге көбейіп келеді және ғалымдар бұл жақын арада әлемнің көптеген елдерінде басым коронавирус түріне айналады деп санайды. Мысалы, Сиэттлдегі Вашингтон университеті жанындағы Медициналық метрика және бағалау институтының (IHME) мәліметі бойынша, британдық мутант қазір Түркия елінде коронавирустық инфекциялардың 90 пайызын тудырып отыр. Сірә, Қазақстанға да жеткен болар. Адамдық жасушаларға дәл, жақсы жабысу қабілетінің арқасында, ол өзінің басқа арғы тектеріне қарағанда едәуір жұқпалы болып табылады. Нәтижесінде инфекцияның таралуы жедел болып, бұл карантиндің шаралардың тиімділігіне теріс әсер етеді.
Тағы бір мутант – оңтүстікафрикалық. Ол антиденелердің (иммундық молекулалардың) қабілетін коронавируспен байланысын жояды және ауыздықтайды. Осылайша, бұл мутант жылжымалы нысанаға айналып, иммундық қорғанысты алыстатып, вакциналардың тиімділігін төмендетіп және қайта жұқтыру ықтималдылығын арттырады.
Коронавирустың бразиялық мутанты да осындай қасиетке ие. Жақында Бразилияның солтүстігіндегі Манаус қаласында індет ошағы тіркелген еді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл жолғы эпидемия бұрын ауруға шалдыққан адамдардың коронавирустың мутацияланған түрінен қорғану мүмкіндігінің болмауы деп санайды. Яғни, әңгіме инфекцияны бірнеше рет қайталап жұқтыру жайында болып отыр.
Зертханалық зерттеулер коронавирустың оңтүстікафрикалық пен бразиялық түрлеріне қарсы вакциналары, антидене қорғаныстарын тудыруда тиімділігі жағынан төменгі деңгейде болғанын көрсетті. Сірә, коронавирустық мутанттар жаңа эпидемиялық ошақтарын тудыруға қабілетті.
Алайда, Pfizer мен Moderna компаниялары бір жарым айдың ішінде оңтүстікафрикалық, бразиялық және коронавирустың басқа да мутанттарынан қорғай алатын вакцина модификацияларын жасай алатынын айтты. Бұл жағдайда мРНҚ вакциналарын жасау қиынға соқпайды. Мұндағы вакциналарды жаңа мутанттарға өзгерту және бейімдеу технологиясы компьютердің бағдарламалық жасақтамасын жаңартуына ұқсайды.
Сонымен қатар, вакциналардың модификациясын сынау үшін жаңа вакцинадағыдай он мыңдаған еріктілерге клиникалық зерттеулер жүргізудің қажеті жоқ. Жүзге жуық қатысушыға ғана клиникалық сынақ жүргізсе жеткілікті. Сонымен бірге бұл процесс еріктілерден коронавирустың мутацияланған нұсқасына қарсы антиденелердің болуын анықтау ғана жеткілікті. Мұның бәрі тұмауға қарсы жыл сайынғы маусымдық вакциналардың әзірленуіне ұқсайды.
Сондықтан, енді ғалымдар кез-келген уға қарсы (коронавирустық мутант пайда болған жағдайда) уды басатын дәрі ойлап шығаруы мүмкін. Бұл арада сақтық шараларын ең болмағанда жаңа қауіпті мутант табылғанша және оған қарсы тиімді вакцина жасалғанға дейін жалғастыру маңызды. Қайталап айтсақ, маска тағу, арақашықтықты ескеру және қол жуу гигиенасын сақтау қажет.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.