Жүктелуде...
 

Қазақстандағы әйел адамдар арасында гипотиреоз ауруының көбеюіне алиментарлық факторлардың әсері

ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде қалқанша безінің эндокринді бұзылысы бойынша аурулар көрсеткіші қант диабетінен кейін 2-ші орын алады. Әлемде 740 миллион адамда гипотиреоз немесе бастапқы кезеңдегі эндемиялық зоб кездеседі. Ал 2 миллиард адам йод жетіспеушілігі қаупі аймағында. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы қазір гипотиреоз ауруының дамуына, прогрессивті түрде артуына себепкер болуда.

Қазақстандағы әйел адамдар арасында гипотиреоз ауруының көбеюіне алиментарлық факторлардың әсері

translator сенбі наурыз 13, 2021


WhatsApp Image 2021 03 12 At 09.51.49

ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде қалқанша безінің эндокринді бұзылысы бойынша аурулар көрсеткіші қант диабетінен кейін 2-ші орын алады. Әлемде 740 миллион адамда гипотиреоз немесе бастапқы кезеңдегі эндемиялық зоб кездеседі. Ал 2 миллиард адам йод жетіспеушілігі қаупі аймағында. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы қазір гипотиреоз ауруының дамуына, прогрессивті түрде артуына себепкер болуда. Дәрігерлерді соңғы уақыттағы ЖТД профилі бойынша Қазақстандағы (басым бөлігі оңтүстік шығыс аймақтар бойынша) 14-46 жастағы әйел адамдар арасында гипотиреоз және эндемиялық зоб ауруларының клиникалық белгілерімен өте көп шағымданып келуі алаңдатуда. Бұл мәселенің бастапқы қайнар көзі мен себебі неде деп зерттеу жүргізетін болсақ, бірнеше себептерін анықтауға болады. Сол себептерді талдай келе, ең негізгі, ең өзекті фактор ретінде алиментарлық әсер етуші фактор бойынша зерттеу жүргізілді.

Гипотиреоз - бұл тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі. Диагноз клиникалық көрініске (әдеттегі бет әлпеті, дөрекі дауыс және баяу сөйлеу, құрғақ тері) және тиреоидты гормондардың төмендеуіне негізделген.

Біріншілік гипотиреоз қалқанша безінің патологиясына байланысты негізгі себептері:

- тиреоидиттер;
- йод жетіспеушілігі;
- экологиялық, өндірістік факторлар;

Аталған ауруды үлкен қоғамдық мәселе ретінде қарастырудың маңыздылығы – қалқанша безі бүкіл ағзаның өсуі мен дамуына, жыныстық-физиологиялық,психикалық дамуына жауап беретіндіктен, бізге ел болашағы үшін, ұрпақтарымыздың сау әрі салауатты, қоғам мен биологиялық ортаға сай дамыған дара ретінде дамуына көңіл бөлуіміз өте қажет.

Бірақ біз қарастыратын алиментарлық фактор бойынша медициналық-клиникалық көрсеткіштерге, ресми статисткалық көрсеткіштерге сүйене отырып - Қазақстан аймағында тұрғындарда, соның ішінде әйел адамдар мен жас қыздарда қазіргі кезде эндемиялық зоб диагнозы 15 облыс бойынша халық санына шаққанда (материалдар талдануда) 3,9% жиілікте кездеседі. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы - 5,7%, Батыс Қазақстан облысы - 5,8%, Жамбыл облысы - 28,9%, Алматы қаласы - 9,3% құрайтыны анықталды.

Осы жоғары көрсеткіштерге алиментарлық фактор әсерінің потенциалы мен қауіптілік критерийлерін анықтау болашақта дені сау халық популяциясын қалыптастыруға, зардап шегетін науқастарда ауру асқынуының алдын алуға мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар патогенетикалық себебі анықталған аурулардың емдеу эффективтілігін арттыру ықтималдығы артады.

Анықталған көрсеткіштерге сәйкес:

- Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы – халық санының көптігіне және қосымша факторлық әсерлердің көп болуына байланысты эндемиялық зобтан болатын гипотиреоз ең көп кездесетін аймақ.
- Йод ұстаушы, құрамында йоды бар өнімдерді тұтынуда Батыс және Оңтүстік-Батыс (рационда балық, теңіз өнімдерінің көп болуынан және теңіз жағасына жақын болуынан), Солтүстік (Ресейлік мұхит өнімдеріне қолжетімділік) аймақтар эндемиялық зобқа ҚР бойынша ең жоғары төзімділік көрсетуде.
- ҚР – да жыл сайын адам басына қажетті йодталған тұз өнімі шығарылғанына қарамастан алиментарлық форма бойынша йод тапшылығы көрсеткіші жоғары (Қазақстан бойынша ең ірі йодталған тұз өндіруші компания «Аралтұз» жылына 450 000 тоннаға дейін тұз өнімдерін шығарады).
- Фертильді жастағы гипотиреоз диагнозымен тіркелген әйел пациенттердің 81%-ын негізінен 14-25 жас аралығындағы жоғарғы репродуктивті пациенттер құрауы – жас ағза дамуы үшін йод тапшылығының ашық формасы бар екенін дәлелдейді.

Болашақ зерттеуші дәрігерлер және Қазақстан қоғамының жанашырлары, келер ұрпақтың денсаулығына алаңдайтын денсаулық саласы өкілдері ретінде біз:

- Йодты мемлекеттік стандарт деңгейінде жарма, ұн, су өнімдері құрамына қосуды;
- Эндемиялық күрделі аймақтағы барша балалар мен жасөспірімдерге, фертильді жастағы әйелдерге 45 жасқа деййін йод препараттарын тұрақты қолдануды;
- Судың хлорлану деңгейінің тым жоғарылауы – хлорлы су йодтың ағзада сіңірілуін төмендетеді.
- Теңіз балдыры құрамында тәуліктік йод мөлшерінің 3000% кездеседі. Балдыр өнімдерін концентрациялап, пастеризациялау арқылы қажетті дозаны келтіру және аптасына бір рет балдыр өнімін қолдану немесе балдар өнімін тамақ өнеркәсібіне қолдануды ұсынамыз.

Сондай-ақ бұл ұсыныстың шешу жолын мемлекеттік деңгейдегі заң тұрғысында реттеу мүмкіндігі бар,яғни аурухана, муниципиальды орталықтар мен балабақшаларда, мектептерде ас мәзіріне міндеттеме ретінде қосу сияқты шешімдермен жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер бар.

Қазіргі кезде эндемиялық зоб және гипотиреоз диагнозы тек скрининг пен шағымдану арқылы ғана анықталатындықтан, алдын ала мектеп-балабақша жасындағы балаларға, әлеуметтік топтарға, денсаулық топтарына алдын ала эндокринологтар ғана емес, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, хирургтар, медициналық персоналдар тарапынан скринингтік тексерулер жүргізіп отыруды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруды, арнайы эстафеталар мен денсаулық марафондарын да ұйымдастыру қажет.

Халық арасында эндокринологиялық физиология мен аурулары бойынша ақпараттандыру жүргізіп, ұлт сауатын ашуға, білім деңгейін арттыруға атсалысуымыз қажет.

Йод тапшылығының алдын алудың ең жеңіл тәсілі – құрамында йод мөлшері жоғары тағамдарды жеткілікті мөлшерде қабылдап отыру қажет. Бұндай өнімдерге – балдыр, теңіз жануарлары (кальмар, мидия, устрица, краб), теңіз балықтары(камбала, шабақ, палтус, бекіре) жатады. Алайда Қазақстан континентальді орналасуы бойынша теңіздерден, мұхиттан алшақ болғандықтан қосымша басқа өнімдерді де пайдалануға болады. Мысалы: құрма, мүкжидек, жас пияз, сарымсақ, шпинат, томат, капуста, қызылша сияқты өнімдердегі йод мөлшері де тәуліктік йод қажеттілігін қамтамасыз ете алады.

Авторлары: Біләл Ғабит, Мұсабаева Айым
Ғылыми жетекші: Сәуле Тоқтарбайқызы

Тілді таңдау