Осыдан алты ай бұрын ғана көпшілік COVID-19-ды тек жай тыныс жолдарының инфекциясы деп санаған болатын. Кейінірек, коронавирус қан тамырларына әсерін тигізіп, нәтижесінде әртүрлі мүшелерді зақымдайтыны, көптеген асқынуларға әкелетіні белгілі болды. Дәрігерлер тіпті инфекциядан кейін ұзақ уақыт бойы адамдарды мазалайтын «постковидті синдром» туралы айта бастады. Ауруды қиындататын факторлардың бірі – қан тамырларының бұзылуымен байланысты болатын қант диабеті. Көптеген жандар үшін бұл ауру қандағы қант деңгейінің жоғарлауынан туындайтыны белгілі.
Диабет – бұл біздің ағзамыздың қантты – глюкозаны тиімді сіңіре алмауынан туындайтын ауру. Қандағы қантты бақылауға жауапты инсулин гормоны болып табылады. Оны ұйқы безі шығарады. Тамақтанғаннан соң қандағы қант деңгейі жоғарлағанда инсулин өндіріліп шығады, ол бұлшықеттерге, май жасушаларына сіңіп қантты сақтап және оны одан әрі отын ретінде пайдалануға сигнал жібереді. Диабетпен ауыратын адамдарда қантты сіңірудің бұл процесі екі себеп бойынша бұзылады. Олардың бірі – бұл ұйқы безі инсулин гормонының жеткіліксіз мөлшерін шығарған кезде. Олсыз қант қажетті жасушаларға кірмейді, бірақ қанда қалады. Мұндай жағдай инсулин шығаратын ұйқы безінің жасушалары бұзылған кезде болады. Бұл 1 типті диабет деп аталады. Ол балалар мен басөспірімде жиі кездеседі, бірақ оның нақты себебі әлі анықталған жоқ.
2 типті диабет ересектерже жиі кездеседі және ол кеңінен таралған. Бұл ретте жасушалар инсулин әрекет етуін доғарады. Оны инсулинге төзімділік деп атайды. Адам жиі көп мөлшерде көмірсуларды тұтынса және артық салмақтанса, бөлінетін инсулин мөлшері жасушаларды қандағы барлық қантты сіңіруге мәжбүр ету үшін жеткіліксіз болады. Бұған жауап ретінде ұйқы безі инсулинді көбірек шығаруға шарасыз. Уақыт өте келе ол тым көп мөлшерде инсулин шығаруды керек етеді және де ол өзінің міндетін атқара алмайды.
Бұл қандағы қант деңгейінің жоғарлауына және 2 типті диабеттің дамуына әкеп соғады. Ол көбінесе артық салмақпен, жүріс-тұрысы аз өмір салтымен және дұрыс тамақтанбаумен байланысты. Диабеттің бұл түрі баяу дамиды және инсулинге төзімділік қандағы бір айқын симптомдарсыз ұзақ жетіледі.
Қандағы қанттық деңгейінің жоғарлауына байланысты оның артық мөлшері ағзадан зәрмен бірге шыға бастайды. Бұл көп суды қажет етеді. Ол ағзаның әр түрлі тіндерінен алынады. Сондықтан да диабетиктердің көп су ішуге және жиі зәр шығаруға ынтызар. Осылайша диабеттің екі классикалық белгілері – шөліркеу мен жиі зәр шығару пайда болады. Осы симптомдардан басқа диабетпен ауыратын адамдар шаршауды, өзін ылғи аш сезінуі және салмақ жоғалтуды бастан кешуі мүмкін.
Енді, бізге диабеттің қалай өрбитіні түсінікті болды. Бірақ, оның қауіп-қатері қандай? Қант, дәлірек айтқанда глюкоза – бұл біздің ағзамыздағы отын. Дегенмен, қандағы қанттың көп мөлшердегі шоғырлануымен ұзақ уақыт жүру қауіпті. Инсулин ағзаның барлық жасушаларына ішіне қант сіңіру туралы сигнал жібереді. Әрі мұндай сигнал қантты сақтауға бейімделген арнайы жасушаларға жіберіледі.
Бұлай болмаған кезде, қант қанда қалып, эндотелиальді деп аталатын жасушаларды біздің қан тамырларымыздың ішіне енеді. Көптеген маңызды процестерде, мысалы, жарақат алғанда және бір жерді кесіп алғанда, немесе қандағы артериалық қысымды бақылау үшін қантамырлар тарылғанда бұл жасушалар қатысады. Қанттың жоғары деңгейіне бейімделмеген эндотелиальді жасушалар зақымданады не қабынуды бастайды. Оның үстіне, бұл зақымданған орынға көктамырларын тарылтатын май түйіршіктерін қалыптастыруға әкеп соғады. Ал тамырлар тарылған кезде қанның қызыл түйіршіктері тығыздалып, бір-біріне жабысып қалады, қан қоюланып, уақыт өте келе бүкіл тамырды бітей алатын тромб пайда болуы мүмкін. Егер қан ағымы тоқтаса, онда тіндер мен мүшелер оттегінің жетіспеушілігінен зақымдалатыны түсінікті.
Осы себептен диабет көздің, бүйректің бұзылыстарын тудырады.Одан басқа диабет нервтерді зақымдап, сезімталдықтың жоғалуы мен ауырсынуына әкеліп, сондай-ақ ас қорыту проблемаларын тудырып, инсульт пен инфаркт қаупін арттырады.
Диабеттің қант тамырларына қандай зақым келтіретінін біле отырып, оның коронавирустық инфекциядан ауыр асқынуына айналуын елестету қиын емес. Диабеттің механизмі сияқты вирус та тамырлы жасушаларға еніп зақымдап, бұзады. Шынына келгенде, адамға ауруды екі есе күшпен өткізу сынағы күтіп тұр.
Қант диабеті мен басқа созылмалы аурулардың алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, физикалық белсенділікпен айналысу қажет.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.