Жүктелуде...
 

Балалардағы COVID-19: ата-аналарға нені білген жөн?

Балаларда коронавирусты жұқтыру қаупі аз деңгейде болатыны белгілі болғанымен, олар да ауырып, тіпті ауыр түрде өткерулері мүмкін. Әйткенмен, бұл ересектерге қарағанда балаларда сирек кездеседі. Жалпы балалардың ағзасы COVID-19-ға аз шалдыққыш келеді. Ересектерге қарағанда балалар бұл ауыр дертке аз ұшырайды.

Балалардағы COVID-19: ата-аналарға нені білген жөн?

translator жексенбі қараша 29, 2020


Deti I Koronovirus

Балаларда коронавирусты жұқтыру қаупі аз деңгейде болатыны белгілі болғанымен, олар да ауырып, тіпті ауыр түрде өткерулері мүмкін. Әйткенмен, бұл ересектерге қарағанда балаларда сирек кездеседі. Жалпы балалардың ағзасы COVID-19-ға аз шалдыққыш келеді. Ересектерге қарағанда балалар бұл ауыр дертке аз ұшырайды.

Инфекция қаупіне байланысты балаларды екі санатқа бөлген дұрыс. Бұл коронавирустық инфекцияға өте төзімді кішкентай балалар және ересек адамдар сияқты коронавирусты өткеретін үлкен жастағы балалар, жасөспірімдер мен жоғары сынып мектеп оқушылары. Олар кішкентай бүлдіршіндерге қарағанда жиі ауырады. Бірақ бұл жерде жасөспірімдер де, кішкентай жастағы балалар да өздерінде ешқандай да симптомдар болмаса да, ересектерге вирусты жұқтыра алатындығын есте ұстаған абзал.

SARS-CoV-2 коронавирусының сыртында тікенектері бар. Көпшілік мұндай тікенектердің жан-жаққа бағытталған өсіндісін суреттемелерден көрген болар. Міне осылай, тікенектердің көмегімен вирус біздің ағзамыздағы АПФ-2 рецепторларына жабысады.Осының нәтижесінде вирус адам ағзасына енеді. Балаларда мұндай АПФ-2 рецепторлар аз ғана болатыны белгілі болғандықтан, олар коронавирустық инфекцияға ең аз мөлшерде ұшырайды.

Бала неғұрлым жас болса, мұрнында, бронхтар мен өкпесінде АПФ-2 рецепторлары соғұрлым аз болады. Бұл өте жақсы жаңалық. Егер вирус баланың денесіне шабуыл жасай баста, онда ол тыныс алу жолдарында қала алмайды.Бұл балаларда инфекция деңгейінің төмен болуының бірінші және басты себебі. Яғни, оларда АПФ-2 рецепторлары аз келеді, сондықтан коронавирустың ағзаға ену жолдары онша көп емес.

Сонымен қатар, балалар мұрын мен тыныс алу жолдарының инфекцияларымен келетін әр түрлі салқын тигеннен болатын аурулардан жиі зардап шегеді. Барлық ата-аналарға жылдың суық мезгілінде балалардың жиі тұмаурататыны белгілі жайт.

Сонымен мұндай суықтан болған көптеген қоздырғыштар SARS-CoV-2 жататын коронавирустар тобына жатады. Олардың ақуыздарында ұқсастық бар және көптеген құрылымдары жағынан бірдей. Осы тоғыспалы жұқтырудың арқасында салқын тиіп ауырған балалар қазіргі коронавирусқа қарсы иммунитетті ала алады.
Иә, тұмау – бұл өзі өте жағымсыз нәрсе. Ешкімнің де тұмауратқысы келмейді. Бірақ, егер адамдар суық тиюді тудыратын қарапайым коронавирустар бізді SARS-CoV-2-ден қорғай алатындығын білсе, онда көбісі тұмауға деген көзқарастарын өзгертер еді. Бұл әрі балаларға да, ересектерге де қатысты.

Тіпті, демікпесі бар адамдардың арасында COVID-19-ға аурушаңдық салыстырмалы түрде төмен екені қызығушылық тудырады. Ғалымдар мұны демікпесі бар адамдардың ағзасындағы түзілетін цитокиндер деп аталатын химиялық заттардың вирустан қорғай алатындығымен түсіндіреді. Әрине, демікпенің коронавирустық инфекцяны аз қабылдағыштығының артықшылықтары туралы айту қиын, бірақ демікпенің қандай да бір ғажайып тәсілмен COVID-19-дан қорғауы мүмкін сияқты.

Балаларда COVID-19-дың ауыр жағдайлары кездескені белгілі. Бұл жерде әңгіме Кавасаки ауруының түріне сәйкес жүретін көп жүйелі қабыну синдромы туралы болып отыр. Балаларда коронавирус өте сирек болса да, тромб пайда болуымен қауіпті қабынуды тудыруы мүмкін. Бұл жүрекке, басқа мүшерлерге зақым келтіреді, тіпті мидың жеңіл инсульттары мен бұзылыстарына әкеледі. Бұл тақырып қазіргі кезде ғылыми ортада кеңінен талқылануда.

Қуанарлығы, коронавирусты жұқтырған балалардың 1 пайызынан азында көп жүйелі қабыну синдромы дамиды. Дегенмен, оның даму қаупін түсіну маңызды. Бұл олардың ағзасында қайтымсыз өзгерістер әлі басталмағандықтан, оларды уақытылы емдеуге мүмкіндік береді.

Қазір ғалымдар адам өмірін сақтай отырып, коронавирусты өлтіруге қабілетті иммунитетің молекулалық құраушыларын зерттеп жатыр. Балаларды бақылау кезіндегі алынған өзгерістер ересек ағзада болып жатқан процесстерді де түсінуге көмектеседі. Медицинада, жалпы ғылымда қарама-қайшылықтарды зерттеу стратегиясы жиі қолданылады. Мысалы, егде жастағы адамдарда бәрі қалай болатынын түсіну үшін ерен жастарды зерттеу керек немесе керісінше. Яғни, балалардағы аурудың себептері мен ағымын талдай отырып, біз тек оларға ғана емес, ересектерге де көмектесеміз.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.

Тілді таңдау