Жаз мезгілінде коронавирустың жаңа толқыны келе жатқаны туралы ескерткен болатынмын. Содан кейін Вашингтон университетінің профессоры Крис Мюррейдің моделі бойынша маска тағу және әлеуметтік арақашықтық сияқты сақтық шараларын сақтау жеткіліксіз болса, сондай-ақ ауруханалар секторы уақытылы дайын болмаған жағдайда Қазақстанда қараша айында COVID-19 ауруының жоғары деңгейін болжаған едім.
Шынында да суық түсе бастаса біз уақытымыздың көп бөлігін көбіне жабық орындарда өткіземіз. Желдету болмаса, бұл коронавирустың және басқа инфекциялардың таралуына қолайлы жағдай туғызады.
Жаздағы болжамым көпшілік алдында қарама-айшы реакция тудырған еді. Тіпті кейбіреулер мені тектен-тек халықты үрейлендіреді деп айыптады да.
Күні кеше еліміздің денсаулық министрі А. Цой эпидемиялық ахуалдың дамуының үш болжамды сценарийін жариялады, бұл шынында да менің болжамымды растап отыр.
Сонымен, пессимистік сценарий бойынша, егер тек 60 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілетін болса, қазан-желтоқсан айларында коронавируспен ауыратындардың саны шамамен 190 мың адамды құрайтын болады. 65 мыңдай мыңдай адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін, ал локдаунды енгізу желтоқсан айының ортасында болжанады.
Екінші сценарий бойынша, әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету шаралары мен 70 пайыздық маска режимі қамтамасыз етілетін болса, қазан-желтоқсан айларында коронавируспен ауыратындардың саны шамамен 90 мың адамды құрайтын болады, 30 мыңдай адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін. Мұндай жағдайда локдаун қаңтар айында болжанады.
Әлеуметтік арақашықтықтың ережелері мен 100 пайыздық маска режимін сақтаған жағдайда локдаун енгізудің қажеті болмауы мүмкін. Осы оптимистік сценарий бойынша қазан-желтоқсан айларында коронавируспен ауыратындардың саны шамамен 40 мыңды адамды құрап, 15 мыңдай адам ауруханаға жатқызылуы мүмкін.
Бұл болжамдар математикалық модельдерге негізделген. Статистер айтпақшы «барлық модельдер қате, бірақ кейбіреулері пайдалы». Шындығында, ауа-райы болжамы сияқты эпидемиологиялық модельдер ықтималдықтың математикалық есепке негізделген, сондықтан оларда қателіктердің бір үлесіне жол беріледі.
Дегенмен, болжамдарды зерттеу денсаулық сақтау жүйесіне ресурстарды ұтымды жұмылдыруға, мысалға, ауруханалардағы төсек санын жоспарлау және қажетті медициналық қызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді. Бұл инфекциянын таралуын алдын алу шараларына және орын алатын эпидемиялық ошақтарға дайын болуға, сондай-ақ ел-жұртты дүрліктірмей ескерту үшін аса маңызды.
Эпидемиологиялық болжамдар көп жағдайда ауа-райы болжамымен бірдей қағидаға негізделген. Ауа-райы адамға бағынбайды. Біз тек ауа-райы болжамын қадағалап, сәйкесінше киініп, жоспар құрамыз. Ауа-райынан қарағанда алдағы эпидемия толқынының ағымы көп жағдайда бізге байланысты, атап айтқанда, біз қаншалықты әлеуметтік арақашықтықты сақтаймыз, маска тағып жүретін боламыз және адамдар көп жиналатын шараларға барудан бас тартамыз, әсіресе желдетілмейтін орындарда.
Мен аталған болжамдарға немқұрайды қарамай, жақын уақыттағы болатын сценарийлерге дайын болуға шақырамын. Бұл, маусым-шілде айларында болғандағыдай қайталанбауы керек, өкінішке орай жаз айларында тұрғындар арасындағы дүрбелеңдер мен коронавирустан көп азаматтарымыздан айырылып қалуымыз бізге өте ауыр тиді. Ешкім де пессимистік болжамдардың расталғанын қаламайды. Қандай жағдай болмасын бәрі де өзімізге байланысты.
Менің айтып жатқандарымның бәрі алдағы айларға арналған болжамдарға қатысты. Ұзақ мерзімді перспективада мен оптимисттік көзқарастамын. Соңғы кезде менімен байланыста болған әлемдегі жетекші академиялық орталықтардың көптеген сарапшылары пандемия келесі жазда-күзде аяқталады, содан соң біз қалыпты өмірге ораламыз деп санайды.
Олар мұны коронавирусқа қарсы тиімді және қауіпсіз вакциналар келесі жылды басында пайда болатындығымен түсіндіреді. Вакциналар қорғаныс иммунологиялық қабатын қалыптастыруға мүмкіндік береді, мұны популяция имунитеті деп аталады.
Сол сияқты коронавирусты емдеудің тиімді әдістері де әзірленетін болады. Олардың бірі – жақында АҚШ президенті Трампты емдеу үшін қолданылған моноклоналды антиденелердің коктейлі. Оны терапиялық және профилактикалық мақсатта қолдануға болады. Бұл туралы алдыңғы мақаламнан оқи аласыз.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.