{
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасарын сақтау мақсатында «Ерлі-зайыптылардың терапиясы» (Couple and Relationship Therapy) журналында жарияланған зерттеу нәтижелері SMS-хабарламалар мен мәтіндік хат алмасу адамдарды бөлектенуге ерекше әсер ететінін көрсеткен. Гипотезаны дәлелдеу мақсатында ғалымдар сауалнама жүргізіп, оған 18-25 жас аралығындағы романтикалық қарым-қатынастағы 276 адам қатысқан екен. Сауалнамаға қатысқандардың 38%-ы байыпты қарым-қатынаста екенін, 46%-ы ерлі-зайыпы, ал 16%-ы некеде тұрғандарын мәлімдеген.
Сауалнама нәтижесінде белгілі болғандай, қатысушылардың 82%-ы күні бойы серіктесімен SMS-хабарламалар арқылы байланыста бола тұра хабарламалардың мағынасы әрдайым «махаббатқа» толы еместігін, кейде «ара-қатынасты анықтауға» қолданылатынын жеткізген.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, өз серіктестері алдында кешірім өтінген әйелдер мәтіндік хабарламалар арқылы келіспеушіліктерді жоюға тырысқан немесе бірлесіп дұрыс байыпты шешім табуға талпынған, сондай-ақ қарым-қатынастағы кейбір мәселелеріне көңіл толмаушылықтарын білдірген. Осыған ұқсас жағдайлар ер-азаматтар ортасында байқалған, мәтіндік хабарламаларды жиі және ұзақ мерзімде жүргізген сайын еркектер өздерінің көзқарастарына көңілдері мәз еместігін жиі білдіріп отырған.
Мамандар қарым-қатынастағы жұптарға бір-біріне көп көңіл бөлуге кеңес береді, әсіресе күрделі мәселелерді шешуде, бетпе-бет сөйлесуде және жеке кездесулерде. «Адамдар жеке әңгімелескенде, көңіл қалу және нақты жағдайды қабылдауға реакция тезірек өтпек. Мәтіндік хабарламалар өте шектеулі, сіз олардың көмегімен адамның сізге жеткізгісі келген эмоционалдық-экспрессия күйін толыққанды сезіп-көре алмайсыз», - дейді зерттеу ұйымдастырушылары.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.