Жүктелуде...
 

Тіс аурулары

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-12-21 06:40 - (2011 Оқылымдар)

Адам тістері сүйек типтес мықты материалмен толықтырылған. Тістің ішінде жүйке және қан тамырлары бар. Тіс адамға көптеген қажеттіліктерді өтеу үшін қажет. Мысалы, тамақтану үшін, сөйлеу үшін және тімті күлу үшін де.

Көрудің өзгерістері

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 04:15 - (989 Оқылымдар)

Көрудің өзгерістері көз алмасының (көздің торлы қабығы) артқы жағын жауып тұратын тіндерде, көру жүйкесінде немесе көздің қан тамырларында нақты проблемалардың барын көрсетеді. Егер жоғарыда аталған көрудегі өзгерістер кенеттен пайда болған болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

Сынықтың, буынның шығып кетуінің немесе байламдардың қатты созылу салдарынан болатын сүйек-буын деформациясы

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:40 - (251 Оқылымдар)

Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы көбінесе, аяқ-қолдың немесе буынның бұратылуының не олардың қалыпты жағдайдан жылжуының себебі болып табылады. Сынықтар, буынның шығып кетуі және байламдардың қатты созылуы келесі жағдайларды туындатуы мүмкін.

• Қатты ауырсыну.
• Ісіну және гематомалардың (қанталаулардың) түзілуі.
• Сүйектің жылжуының сезілуі.
• Буынның салбырауы.
• Аяқ-қол немесе буынның дұрыс қозғалмауы.
• Буынның қысылуы (бүгілмейді немесе түзелмейді).
• Жарақат тұсында немесе одан төмен тұста терінің салқындауы немесе сұрлануы, ұйып қалуы және шаншуы. Бұл жүйке немесе қан тамырлар жарақаттанса, әлде қысылса орын алады.

Геморрагиялық қызба

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 09:55 - (285 Оқылымдар)

Вирусты геморрагиялық қызбалар (ВГҚ) төрт түрлі вирус тудыратын аурулардың тобы болып саналады. Оларға мыналар жатады: Эбола, Марбург, Ласса және Сары қызба. ВГҚ-ның ортақ белгілері: олар көптеген органдарға әсер етеді, өз кезегінде қан тамырларды зақымдап, организмнің өзін-өзін реттеуін бұзады. Кейбір ВГҚ оңай өтеді, ал бірақ кейбіреуі, мысалы Эбола қызбасы немесе Марбург қызбасы ауыр өтіп, арты өлімге алып келеді.

Тері асты гематомасы (көгерулер, қанды ұйымалар)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:58 - (322 Оқылымдар)

Гематома – терінің белгілі бір жерлерінің түсінің өзгеруімен көрініс береді. Ұсақ қан тамырлар бүлініп, және тамыр ішіндегі қан тері астында орналасқан жұмсақ тіндерге өтіп кеткенде, содан гематомалар пайда болады.

Васкулит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-26 11:52 - (163 Оқылымдар)

Васкулит – бұл қан тамырлары қабырғасының қабынуы. Аталмыш қабыну қан тамырлары қабырғасын тарылтып, оларды зақымдауы мүмкін. Өз кезегінде ол бөртпе, әлсіздік, түйсік өзгерістерін және де өзге симптомдарды туындатады.

Вибрациялық ауру (діріл ауруы)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 10:15 - (282 Оқылымдар)

Бұл не? Вибрациялық ауру – бұл дененің кейбір бөліктері, әдетте бақайлар мен саусақтардың суыққа деген үлкен реакцияға ие болуы немесе эмоциялық күйзеліс (стресс) жағдайы.

Бұл ауру кімдерде пайда болады? Ауру әдетте құрылысшыларда, машинисттерде,тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни тұрақты дірілдейтін құралдармен жұмыс жасайтын жұмысшыларда пайда болады.Осындай құралдар бұлшықеттің, байламдардың, сүйек және буындардың өзгерістеріне алып келіп, сол жердегі нерв жүйесін зақымдайды.Зақымдалған аймақтардың қан тамырлары қысылып, қандануы бұзылады.Кейбір адамдарда вибрациялық ауру жарақат нәтижесінде, түрлі аурулар салдарынан (склеродермия,ревматоидты артрит) немесе қан айналымды зақымдайтын дәрілерді (мысалы:никотин, кофеин,құрамында эфедрин бар препараттар) қабылдау әсерінен болады.

Бітелмелі тромбангиит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-21 08:44 - (1670 Оқылымдар)

Бітелмелі тромбангиит – сирек кездесетін ауру түрі, аяқ-қолдың қантамырларының бітелуімен сипатталады.

Бітелмелі тромбангиит (Бюргер ауруы) ұсақ қантамырлардың қабынуы мен ісінуінен туындайды. Сондай-ақ қан тамырлары тарылады немесе олар тромбпен (тромбоз) бітеледі. Көптеген жағдайларда аяқ-қолдың қантамырлары бітеледі. Көктамырға қарағанда артериялар жиі зақымдалады. Ауру белгілері шамамен - 35 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Дегенмен бұл аурудан әйелдер мен қарттардың зардап шегуі сирек кездеседі.

Метаболиялық синдром (Инсулинрезистенттілік)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-21 08:39 - (189 Оқылымдар)

Метаболиялық синдром - жүpек-қан тамырлары ауруларының, инсульттің және екі типті қант диабетінің пайда болу қаупін арттыратын қауіп-қатер факторларының топтары болып табылады.

Туа біткен жүрек ақауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-12 07:45 - (14373 Оқылымдар)

Туа біткен жүрек ақауы - жүрек құрылымдарының және функцияларының бұзылуларына
байланысты пайда болатын ауру.
Жүрек қақпақшалардан, камералардан және олармен байланысқан тамырлардан тұрады.

  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2

Тілді таңдау